31
дамуының тежелуі, жас ерекшелігіне сәйкес
келмейтін шектеулі сөз қоры,
тілдік грамматикалық құрылымы қалыптасуының бұзылуы, дыбыстарды
айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуы СТЖД негізгі белгілері
болып табылады. Сонымен бірге бұл санаттағы балалардың есту қабілеті
сақталатынын және белгілі жасқа арналған қаратпа сөзді түсініп, қабылдай
алатындарын атап өту қажет. СТЖД бар балалардың сөйлеу тілінің дамуды
түрлі деңгейде болуы мүмкін. Тілдік дамудың үш деңгейін бөліп көрсетеді
(Р.Е.Левина). Әр деңгейге диагностика бала үш
жастан асқаннан кейін
жасалуы мүмкін.
Бірінші деңгей – ең төменгі. Балалар тілдесудің жалпы қолданылатын
құралдарын меңгермеген. Олар тілдесу барысында дыбысқа ұқсас және
былдырлаған сөздер, сонымен қатар дыбыстық айтылымы жағынан
бұрмаланған аз мөлшердегі зат есімдер мен етістіктердің қолданады. Бала
былдырлаған бір сөзді әртүрлі мағына беретін ұғымдарды түсіндіру үшін
бірнеше рет қолдануы мүмкін. Балалардың сөйлеуі белсенді қимылдармен
және бет мимикасымен қабаттас жүруі мүмкін.
Екінші деңгей – балалар тілдесудің жалпы қолданылатын бастамаларын
меңгерген. Күнделікті қолданылатын сөйлеу тілін түсіну жеткілікті дамыған.
Балалар сөйлеу тілін бенсендірек қолданады. Олар түрлі қимылдармен,
дыбыстық кешендермен және былдыр сөздермен қатар,
өздерінің сөздік
қорларының өте шектеулі болуына қарамастан заттардың атын, іс-әрекеттер
мен белгілерді білдіретін жалпы қолданылатын сөздерді де пайдаланады.
Грамматикалық формаларды қолдануда өрескел қателіктер, сөздердің
буындық құрылымы бұзылғаны, дыбыстарды дұрыс айтпайтындықтары
байқалады.
Үшінші деңгей – балалар толық сөйлемдерді қолданады, заттардың, іс-
әрекеттердің
атауларын, күнделікті өмірде кездесетін және оларға жақсы
таныс заттардың сипатын айтуда қиналмайды. Алайда олардың сөйлеу тілі
жүйесінде
лексика-грамматикалық
және
фонетика-фонематикалық
жетіспеушіліктер байқалады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларда сөйлеу-ойлау әрекеті
жетіспеушілігінің салдарынан тілдік білік пен дағдылардың қалыптасу
процесі артта қалған. Соның нәтижесінде оларда түрлі деңгейдегі тілдік
бірліктері және олардың қызмет ету ерекшеліктері: фонемалар, лексемалар,
грамматикалық
формалар мен конструкциялар, сөйлем құрастырудың
заңдылықтары туралы жалпыланған түсінік қалыптаспайды. Мектепте оқу
барысында оқушылардың күнделікті тұрмыстық сөйлеу тілі жалпы
қабылданған формаға жақындайды, дегенмен ойын өз бетінше жазбаша түрде
рәсімдеуде қиындық көреді. Негізгі орта мектеп деңгейінде сөйлеудің
жазбаша түрінің қалыптасу, оқушылардың пән мазмұнын мазмұндау,
терминологиялық лексиканы дұрыс қолдану проблемалары пайда болады.
Сөйлеу тілінің жетік
болмауы баланың сенсорлық, интеллектуалдық және
сана-сезімдік жүйелерінде көрініс табады, жете дамымау немесе дамудың
32
өзіндік ерекшеліктері бұзылудың келесі түрі ретінде байқалады, ал олардың
байқалу деңгейі тілдік потологияның көлемімен анықталады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты
болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың
жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында
қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу
тапсырмаларында көптеген
қателер жібереді.
Жазбаша тіл ауызшаға қарағанда екінші орында болады және ауызша
тілдің негізінде құрастырылады, сол себепті жазбаша тілді меңгеру деңгейі
сөйлеу тілінің даму деңгейімен анықталады.
Тұтығу, ринолалия (дыбысты айтудағы кемістік) және дисфонияның
(дауыс сапасының бұзылуы) ауыр түрлерімен ауыратын балалар сөйлеу
қабілеті күрделі бұзылған оқушылардың ерекше тобын құрайды. Аталған
жағдайлардың әрқайсысы негізгі кемістікте өзіне тән көрініске ие. Мысалы.
кекештену – бұл сөйлесу кезінде селкілдек тырыспа түрінде, ринолалияда –
дыбыстарды айтудың және фонематикалық
қабылдаудың бұзылуынан,
дисфонияда – дауыстың бұзылуынан байқалады. Алайда, бұл оқушылардың
жалпы білім беретін мектеп жағдайында білім алу процесін қиындататын, осы
санаттағы балаларға ортақ ерекшеліктер де байқалады. Бұл ерекшеліктердің
арасынан сөйлеу және мінез-құлықтық негативизмді (қарама-қарсы теріс
әрекет) атап өту қажет, аталған ерекшеліктер баланың әлеуметтік
бейімсізденуіне, оқуда үлгермеушілігіне, тұлға жүйкесінің жұқаруына
(ашушаң болуына),
бейәлеуметтік тәртіпке, мектепке барудан бас тартуға
әкеледі. Оқушыларда сөйлеудің өзіндік қисынды құрылымы, оқу және жазу
барысында өзіне тән тұрақты қателер, эмоционалдық-еріктік жүйенің
қалыптасуында ауытқулар байқалады.
кейбір қияли ауру адамдардың қарама
-
қарсы теріс әрекеті
кейбір қияли ауру адамдардың қарама
-
қарсы теріс әрекеті )
Достарыңызбен бөлісу: