2. Балалардың белсенді сөздік қорын дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі бала бастапқы дамуында сөздерді үлкендерден
практикалық еліктеу жолымен үйренеді. Үлкендердің басшылығымен
айналадағы заттарды танып біледі, яғни алғашқы сөздік қоры олардың сөзін
қайталаумен, заттардың алдымен аты, кейін дәмі, иісі, түрі, формасы, басты
қасиеттерін ажыратуға үйренумен болады. Үлкеннің сөзіне қарап олар өз
сөздерін дұрыстайды. Естігендерін жадында ұстау арқылы кейінірек өздерінің
жаңа грамматикалық құрылымдарын шығаратын жайлары да болады. Мысалы,
«қайталау» деудің орнына «қайталақтау», «жұмсақ» деудің «жұқа» орнына,
«жұдырық» деудің орнына «жұмылдырық» деген сияқты сөздер шығарып
алатын да болады. Осындай кереғар жағдайда бала тіліне мұқият болып
сөздерді бұзбай сөйлеуге, әсіресе әр сөзді мағынасына сай дәл жұмсауға
үйрететін, арнайы сөздік қорды дамыту сабақтары ұйымдастырылады. Балалар
бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдері, ана тілін үйренудің
заңдылықтары негізінде бала бойындағы бірқатар қабілеттердің дамуы
үдерісінде [31], ішкі сезім арқылы (саналы түрде емес) жүзеге асырылады:
1) өзі үшін, сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу
қабілеті — сөздердің дыбыстарын дұрыс артикульдеу, интонация элементтерін,
просодемаларды модульдеу және оларды есту;
2) дыбыс түрлері мен интонацияны тілден тыс элементтермен, өз ана
тілімен салыстыра алу қабілетінің болуы, оларды қазақша сөйлеу элементтеріне
тән мағына ретінде түсіне алуы;
3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни
оларды бағалауы;
4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-кұлқын тәртіптеу үдерісінде
сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау
қабілеті ерекше рөл атқарады.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын
жағдай жасаса, онда баланьң тілі солғұрлым тезірек байиды және оның
психикасы жан-жақты дамиды. Ал тілді екінші тіл ретінде үйретуде
лингвистикалык-дидактикалық ұстанымдарға құрылған әдістерді қолдану керек
болса, үйретуші олардың төмендегідей жіктелісін еске ұстағаны ләзім:
Алдымен тілге арнайы оқыту әдісі қолданылады. Оқыту әдісі деп білімді бір
адамнан басқа адамға беруді, үйренуші мен үйретушінің арасында жүйелі
түрде, біртіндеп орындалатын іс-әрекетті айтады. Оқыту бірыңғай теориядан
22
тұруы, тілді үйретушінің әрекеті тұрғысында болуы – балабақша үдерісіне жат
нәрсе. Сондықтан да мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай
практикалық әдістер [32] тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі,
қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, ырғақ
жағынан әр түрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегідей
біршама қарқындырақ, сөздің дыбысын артикульдеп және сөздің дауыс
ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, соңынан қайталайды,
оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстьң артикуляциясы мен
модуляциясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т. б.
көрсететін дыбыс комплекстерін, мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші
үшін орфоэпиялык норма деңгейінен төмен түспеу және баланьң сөзіне
еліктемеу (сақауланбау, шолжаңдамау) аса маңызды. Бұл әдісті қолдануды сәби
шағынан бастап, кейінгі шақтарға (тек балалар бақшасында ғана емес,
мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып отырады. Еліктеу әдісіне үйрену
тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру
кезіндегі баламен қатынас үдерісінде еріксіз түрде болуы мүмкін.
«Мына құлыншақтың айдары, құйрығы қайсы?» деп тәрбиеші ойыншық
құлыншақтың алдымен айдарын, кейіннен құйрығын сипап, «айдар», «құйрық»
деген сөздерді ерекше бөліп, дауыстап «Міне, айдары, міне, құйрығы! Қандай
әдемі десейші! Қазір біз оның айдары мен құйрығын жұмсақ тарақпен
тараймыз. Міне, айдары да, құйрығы да жап-жақсы, жұп-жұмсақ болды» –деп,
баланы өз сөзіне еліктете алуы керек.
Балабақшада сөздік жұмысын жүзеге асыратын сабақтардың бірнеше
түрі бар. Олар:
1) Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары;
2) Сөз мағыналарын меңгерту сабақтары;
3) Сөздерді бейнелі қолдануға үйрету сабақтары. Бұл сабақтардың қай-
қайсысында да төмендегідей әдістер қолданылады:
1. Бақылау әдісі;
2. Сурет қарастыру әдісі;
3. Техникалық құралдарды қолдану әдісі;
4. Көркем шығарманы, оқу, жаттау, талдау әдістері.
Бақылау әдісі – арнайы сабақта да, сабақтан тыс режимдік сәттердің әр
кезеңінде қолданылатын әдіс. Бақылауға дайындық кезеңінде тәрбиеші
бағдарлама бойынша балаларға танып білуге тиісті құбылыстырды таңдап
алады.
Сәбилер тобында бақылау «Балабақша» тақырыбынан басталады.
Балабақша туралы бұрыннан білетіндерін қайталай отырып, балалар ондағы
қызметкерлердің кімдер екенін, олар қандай жұмыстар атқаратынын тәрбиеші
әңгімесінен естіп білмес бұрын сол орындардың әрқайсысына барып
бақылайтын болады, сосын бөлмеде «Балабақша» ойынын ойнайды.
Ойынның қызықты өтуі үшін әр бөлмедегі жұмыс түрлерін, оған қажетті
құралдарды балалардың жақсы білуі міндет. Тәрбиеші бақылау кезінде олардың
әрбір сұрағына жауап беріп, әр құралдың атын дәл айтуы, ол құралдың неден
23
жасалғандығын сұрауы, балалар жауап бере алмағанда атап, түсіндіруі қажет.
Әр затты, әр бөлмені өзара салыстыра айтып түсіндіру, тақырыпқа байланысты
екі затты үшінші шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу арқылы көлемін
ажырата білуге үйрету сөздердің мағыналарын тез есте сақтауға көмектеседі.
Заттардың ұзындығы, ені, биіктігі, жуан-жіңішкелігіне қарай әр түрлі
екендіктері нақтылана түссе, пішіні әр түрлі затттарды сөзбен дұрыс атай білуге
тез жаттығады.
Бақылау кезінде негізгі мақсат – айналаны жоспарлы түрде, біртіндеп
бақылату. Тәрбиеші айналаны танытуда әр түрлі тәсілдерді алмастыра
қолданады. Атап айтқанда, затты тікелей қарастырып (мысалы, қолмен сипап,
қозғалмалы зат болса, қозғалтып, жүргізіп көрсету; ұқсас заттармен
салыстырып зерттей қарастыру, түсінбей қалғанын сұрап алуға үйрету), т.б.
Кеңістіктегі уақытты бағдарлай білу дағдылары балабақшадағы іс-әрекет, ойын,
серуен кездерінде нақты мысалдармен тереңдетіле түседі. Бақшадағы қол
еңбегі, бейнелеу өнері, көркемөнерге қатысты аталымдар баланың тікелей
бақылауы арқылы жүзеге асып жатады.
Сабаққа дайындық барысы:
1.
Тәрбиешінің бақылауға алынатын нысандарды белгілеуі;
2.
Саяхат өткізетін жерге бару жолын ойластыруы;
3.
Әңгімелесу арқылы бұрыннан білетін жайларын балалардың естеріне
салу, яғни тақырыпаралық байланысты жүзеге асыру;
4.
Сабақтың қызықты, ерекше эмоциямен басталуын көздеу, тақырыпқа
қатысты тақпақ, жұмбақ дайындау;
5.
Сабақ барысында балаларға берілетін нұсқауларды әзірлеу.
Бағдарлама бойынша қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды
бақылау және саяхаттар мен мақсатты серуендер «Күзгі табиғат аясына»,
«Құстар қайтқанда», т.б. тақырыптарда ұйымдастыру көзделген. Тілді табиғи
түрде дамыту мақсатымен сонымен қатар күзгі еңбекпен таныстыру,
малшылардың жайлаудан (қырдан) қайтатыны, малдың қыстауына келетіні,
малға жемшөп әзірлеумен малшылыр қалай айналысатыны туралы арнайы
әңгімелесу сабақтары өткізіледі. Балалар мұндай әңгімелесу барысында егінді
ору, оны бастыру, тазарту, қоймаға құю сияқты сөз тіркестеріне үйренеді.
Астық дақылдары: арпа, сұлы, бидай, тарыны муляждан көріп, ойында бекітеді.
Олардың пішіндерінің әр түрлілігі және олардан жасалған нандардың дәмі
ерекше екендігі дәлелді түрде түсіндіріледі. Жалпы ұғым беретін (астық, жеміс,
дақыл, көкөніс) сөздері меңгертіледі.
Сабақ бөлмеде, топта өткізілетін болса, даладағы көріністерді бейнелеген
фотосуреттер, арнайы картина сериялары және қажетіне қарай нотюрморт
суреттер қолданылады. Тәрбиешінің тақырыпты жан-жақты ашып, жанды
суреттерді баланың көз алдына елестетіндей етіп беруі дайындығына
байланысты. Балалардың белсенді сөздігін сан жағынан көбейтуде, мағыналық
жақтарынан терең бағдарлауға үйретуде сурет көрсету әрі әдіс, әрі тәсіл ретінде
қолданылады.
Сурет қарастыру әдісі – балаға эстетикалық және адамгершілік тәрбие
беру жағынан тиімді әдіс. Балаларға суретті бірден көрсетпей, тәрбиеші
24
сабақтың қай тұсында көрсету тиімді екенін алдын ала ойластырады. Қазіргі
тіл дамыту жағдайы суретке дейін олардың сұлбасын көрсете отырып, басқа
ұлт баласының белсенді сөз қорын дамыту жолын тауып отыр. Мысалы, бала
тілін ширату үшін қазақ тіліндегі тақпақтарды жеңіл жолмен тез жаттатуда сол
шығармадағы сөздердің, тіркестердің мәнін бейнелейтін тірек суреттер мен
тірек-сызбаларды пайдалану жақсы нәтиже беріп келеді. 3-4 жастағы балаға
екінші тіл алғаш рет үйретілу кезеңінде орыс тілінде берілетін мәтін ішінде
бірнеше сөздердің ғана жаттатылу мақсаты қойылса, естияр топта тек қана
атауыш сөздерден тұратын мәтіндер бойынша бірнеше сөздер мен тіркестерді
жаттату ұсынылады. Бастапқыда тақпақтарды балалар сызбалар, тірек суреттер
арқылы еріксіз жаттаса, кейін қазақ тілінде еріксіз үйреніп жаттап алған
сөздерінің мағыналарын өздігінен түсінуіне мазмұнды мәтіндер негізінде жол
ашылады. Солтүстік аймақтық орталықтарда қазақ отбасындағы ата-аналардың
өз ана тілдерінде сөйлемеуі балалардың ана тілін табиғи түрде үйренуіне
қиындықтар туындатуда. Қазіргі осы жағдайдан шығу жолы баланы қазақша
сөйлетуде түрлі ұғымдарды, қимыл-қозғалыстарды: «жоқ», «бар», «биік»– ұшы
жоғары қараған жебе, «қысқа» – ұшы төмен қараған жебе, «кішкентай» –
жолақты кішкентай дөңгелек, «үлкен» – жолақты үлкен дөңгелек, «жұмсақ»-
мақта, «қатты» – боялған төртбұрыш, әдемі – көбелек «секіреді»– екі ұшты тік
жебе, «менде» – адам силуеті, «тәтті» – кәмпит, «ұшты» – құс қанаты суреті,
«отыр» – орындық белгісі, «жатыр» – ұзын сызық, «таза» – түйір қан белгісі,
«жейді» – жабық ерін, «жылы» – ашық күн белгісі, «суық» – қар ұшқыны,
«сурет салады» – қыл қалам, «сатып алды» – ақша белгісі, «ұйықтайды» –
жабылған кірпік, «жақсы» – қайырымды, үлгілі іс (мысалы, балық өсіру),
«жаман»– қайырымсыз, жаман қылық (мысалы, рогаткамен құс ату), «жақсы
көремін» – жүректің суреті, «сатып алды» – қатталған ақша белгісін беретін
балаға суретін салуға да, ұғынуға да оңтайлы болып отыр.
Ал қазақ тілі ерікті, табиғи жолмен сөйлеу тілі деңгейіне жеткізіліп келе
жатқан тілдік ортада мынандай сабақ барысын қарастырайық.
Сабақтың тақырыбы: « Ақша қар».
Мақсаты: қыс суретіне балаларды таңдандыру, төрт жол өлеңнің әуеніне
еліктіру, суреттің көмегімен жаттатқызу, қар домалағын қалай жасағандарын
еске түсіріп, қарға тән қасиеттерді «ериді», «мамықтай», «сай-сайға қашады»
деген сөздер мен тіркестерді еске сақтату арқылы бекіту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Серуен кезінде тәрбиеші балаларға
қыс қызықтарын тамашалатады, қар ұлпаларын жинатып, домалақ ақша қар
жасатады. Сабақ басында дайындалған сұр маталарға үйлер мен ағаштар
жапсырады, олардың үстіне ақ қағаздарды қиғызып ұлпа қарлар жапсырады.
Сабақ барысы: Тәрбиеші: Ал, балалар, мен жұмбақ жасырамын, сендер
шешіңдер» деп мына мәтінді ұсынады.
«Өзі ұлпа, өзі жұмсақ, қыста жер бетін басады, ал жазда сай-сайға
қашады. Бұл не?»
- Қар, қар,-деп жауап қатады балалар. Бұдан соң музыка мұғалімі
балалармен қосыла әндетеді.
Аппақ, аппақ, қар аппақ,
25
Қар жамылған дала аппақ.
Аппақ біздің қаламыз,
Аппақ біздің даламыз.
Ақ шанаға мініп ап,
Төмен қарай ағамыз.
Осы сәтте тәрбиеші қала мен биік сырғанақ салынған панорама суретті
тақтаға іледі. Балалардың әрқайсысына ақ қағаздан қиылған шаналар
таратылып беріледі. Балалардың қолына таратылып берілген жабыспалы ақ қар
орнындағы ақ қағаздарды балалар панораманың кез келген жеріне жапсырады.
Осы әрекет ән әуенінде жүріп жатады. Міне, балалардың ерекше эстетикалық
әсер алатын тұсы – осы тұс. Олар қар жамылған үлкен қала тұрғызғандарына
өздері мәз болады. Сәл кейін балалар жоғарыдан төмен шаналарды зымыратып
ойнайды. Адам силуеттерін таратып беру арқылы «Шанада кім отыр?», «Олар
қалай киінген?», «Неге олай киінген?» деген сұрақтар арқылы тәрбиеші
балаларды «Қазір қыс мезгілі» деген түсінікке әкеледі. «Қар көп жауса, қыс
жылы болады», «Күн жылынса, қар ериді», «Жоғарыдан төмен қарай сай-сай
болып ағады» деген түсініктерді панорамадан көрсете отырып түсіндіреді.
Әдістеме талаптары бойынша сурет әдісі сабақты қызықты ете түседі.
Тәрбиеші балалардың бейнелеу, сурет салу қабілеттерін ұштаумен қатар,
мұндай сабақта көркем дүниені сезінумен қатар олардың сөздік қорлары
дамиды. «Ұлпа» сөзімен бірге «қанттай ақ», «мамықтай жұмсақ» деген теңеу
сөздерді тез жаттап алады. Балалар өздігінен «ақ қағаздай ұшады», «төмен
қарай ағады» деген сөз тіркестерін меңгереді.
Жоғарыдағыдай балалармен тәрбиешінің бірге ойнауы, әр баланың
сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі. Бала зейінін бірлесе ойналған
ойындар тұрақтандырады. Эмоциямен ойынға кіріскен бала «Ақ шанамен
зымырап барам», «Міне, аударылып түстім», «Ақ қарға аунадым», «Ақ қарға
көміліп қалдым» сияқты сөйлемшелермен ойынды қиындата түседі.
Сабақтың соңында тәрбиеші балаларға «Осындай қызық ойын немен
аяқталуы мүмкін?» деген сұрақ қойып, сурет панорама әсерімен мазмұнын
ойдан шығартқызып, әңгімені әрі жалғастыртуға болады. Оқытудың сәтті
болуы әр түрлі тәсілдерді ыңғайлап қолдану болып табылады.
Әр жыл мезгіліне байланысты суреттер қарастыру – балабақшада жиі
қолданылатын үрдіс. Екінші сәбилер тобында К. Шаяхметовтың «Алтын күз»,
Ш. Сариевтің «Пейзаж» суреттерін көрсете отырып, балалармен әңгіме құру
ерекше дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін ұштай түседі. «Бұл
қай кезде болады?» деп сұрақ қойып отырып, әңгіме құратуға баулу бейнелі
сөйлеу қабілеттеріне үйретеді. «Кімде не бар?, «Күзде не киеміз?, т.б. ойындар
күз маусымында киетін киім атауларына, киім сапасына (қалың, жұқа, жылы,
жеңіл), құрамына (мақтадан, теріден, жібектен, жүннен), киімнің бөліктеріне
(жеңі, қалтасы, жағасы, желке бауы), т.б сөздерді көре отырып қабылдауына
жағдай тудырады.
Баланың сөздік қоры көркем әдеби туындыларды мультфильм,
компьютер, диафильм арқылы таныстыру барысында еркін дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |