Инклюзивті тәжірибені дамыту оқыту процесін басқару мен
ресурстарды жинақтауды қарастырады. Сабақтарда оқушылардың біркелкі
емес мүмкіндіктері ескеріледі, өз біліміндегі белсенділік, өзінің практикалық
және өмірлік тәжірибесін қолдану марапатталады.
Білім беру ортасын бейімдеу қарастырылады. Оған:
- білім беру ресурстарына физикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- педагогтарды даярлау;
- оқушыларға қажеттіліктеріне сәйкес жеке және қосымша көмек
көрсету;
- жеке бадарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру;
- жеке бағдарламалармен оқитын оқушыларды аттестаттау және
бағалаудың рәсімдері мен қағидаларын өзгерту жатады.
Білім беру ортасын бейімдеу ерекше білім беруге қажеттілігі бар
оқушыларды оқыту жолындағы кедергілерді жеңу үшін білім беруді басқару
органдары тарапынан маңызды шешімдер қабылдауды талап етеді.
Мектеп әкімшілігінде мектепті инклюзия бағытында дамыту жоғарыда
аталған барлық үш құраушыда іске асырылуы керектігі туралы нақты түсінік
болуы қажет.