Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы



бет1/3
Дата16.09.2022
өлшемі40,94 Kb.
#149756
  1   2   3
Байланысты:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп соқтырып отыр. Инклюзивті білім беру ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа және өзіне деген сенімділікке баулу.


Инклюзив” сөзі латын тілінен аударғанда — «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивті білім беру –ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
— Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
— Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
— Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
— Барлық адам бір-біріне қажет.
— Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. — Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
— Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Елбасының қолдауымен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға мемлекет анағұрлым көп көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларын үйден оқытқаннан гөрі түзеу мекемелеріне әкелуге ұмтылуда. Көпшілік ортаға келгеннен кейін олардың өмірге деген ынтасының артуы мүмкін. Сондықтан, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың тәрбиесі тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару, жанына жылылық, жүрегіне шуақ, келешегіне қанат бітіру – адамзаттың парызы. Осыған орай еліміздің әр аумақтарында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылып, талай ата-ананың көңіліне демеу, қамкөңіл баланың болашағына шуақ шашары мәлім.
Күннен күнге халқының саны өскен Астана үшін балаларға ар­нал­ған түзету кабинеттері же­тіспейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі барбалаларды қоғамға бейім­дейтін, әртүрлі дағдыларды оқы­туға және оларды сауықтыруға қа­жетті құрал-жабдықтары бар ка­бинеттерді ашу өзекті болып тұр. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 бірлікті құрайды. Жыл сайын арнайы психо­логиялық-педагогикалық түзе­ту қызметіне жүгінетін бала­лардың қатары артып келеді.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Дара» қайырымдылық қорының және «Болашақ» корпоративті қорының қол­дауымен бірінші, екінші, үшінші психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылды. Бірінші психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде көбінесе есту қабілетінде бұзылыстары бар, ал екінші ППТК-да көру қабілетінде бұзылыстары бар, үшінші ППТК-ға аутистік диогназымен және де психикалық дамуында тежелуі бар балалар қабылданды.
Психологиялық-педагогикалық түзеу (бұдан әрі ППТК) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет