Инклюзивтік білім беру



Дата06.02.2022
өлшемі19,73 Kb.
#79740
түріЛекция
Байланысты:
Инклюзивтік білім беру


Инклюзивтік білім беру
1 лекция
Қазақстан Республикасында білім алу құқығы мен теңдігі мемлекетіміздің Ата заңында қарастырылған. 1994 жылы еліміз Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясын қабылдап, дамуы мен денсаулық бұзылысы бар балалардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеттерін белгіледі. Бұл міндеттер баланы әлеуметтік өмірге баулу, рухани және мәдени тұрғыда дамыту мәселелерін қарастырды. Физиологиялық, психикалық дамуы мен денсаулығында бұзылысы бар балалардың әлеуметтік ортада тең құқылы өмір сүруі және еңбек әрекетін игеруіне мүмкіндік жасайтын білім беру үдерісі ұйымдастырыла бастады. Осындай тәсілдердің бірі - дамуында бұзылысы бар балаларға білім алуда қолжетімділік пен тең құқықты қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру үдерісі болды.
Қазақстан Республикасында жаңа білім беру жүйесін құрудың өзектілігі, соның.
Сонымен, инклюзивті білім беруді дамытудағы негізгі талаптар төмендегідей:

  • мүмкіндіктері түрлі деңгейде болып келетін барлық балаларды білім беру ұйымдарына қосу;

  • балаларды қандай да бір белгісі бойынша бөлу және оқшаулаудың болмауы;

  • ерекше білім беру қажеттілігі бар ы балаларды жас ерекшелігіне қарай топта өз құрбыларымен бірге тәрбиелеу және оқыту;

  • ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеуде арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету.

Демек, инклюзивті білім беру оқушылар мен педагогтардың жалпы ортақ мақсаты - барлық балалар үшін қолжетімді және сапалы білім алу үшін бірге жұмыс істейтін жаңа жүйе болып табылады.
Инклюзивті немесе енгізілген білім беру - жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттігі бар балаларды оқыту үдерісімен сипатталады. Инклюзивтік орта физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоциялық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан оқыту мен тәрбиелеудің (даму мен әлеуметтендірудің), жалпы үдерісіне тартылуға, қоғамның тең құқылы мүшесі болуға, бөлектену және оқшаулану қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Инклюзивті білім берудің негізіне, ерекше білім алатын қажеттіліктері бар балаларға тең қатынасты қамтамасыз ететін идеология алынған. Инклюзивті үдеріс бұл балаларды оқытуда және табысқа жетуде қолдау көрсете отырып өмір сүру мүмкіндіктерін арттырады.
Инклюзивті білім беру ұғымы ерекше қажеттілігі бар балалалардың мәдени, әлеуметтік деңгейлері, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарамастан жалпы мектептерде оқуы қажет, барлық бала білім алуда түрлі қажеттіліктерді талап ететін жеке тұлға болып табылады деген тұжырымға негізделеді.
Қазіргі таңда нормативті-әдістемелік құжаттарда анықталғандай даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың инклюзивті білім алуын ұйымдастыру - балаларға өз мекен-жайы бойынша қажетті түзету көмектерін көрсететін, кез-келген жалпы білім беру ұйымдарында оқыту мүмкіндіктерін қарастырады. Оқытудың бұл түрі балаларды отбасы және үйінен ажыратпайды, балалардың туыстары, достары, дені сау құрбыларымен үнемі қарым-қатынас жасап отыруын қамтамасыз етеді, бұл олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі мен бірге есейе отырып, өздерінің жеке ерекшеліктерін және өзге адамдардың ерекшеліктерін қабылдай алуға үйренеді.
Әлеуметтік-философиялық мағынада инклюзивті білім беру қалыпты даму жағдайындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды бірге оқыту формасын ұсынады, оны қоғам және білім беру институттары жүйесі қолдайды, дамытады. Осы тұрғыдан алғанда, инклюзивті білім беру әрбір оқушының оқу орнын, оқу тілін және әдісін таңдай білу құқығын, жалпы білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды толықтай ендіре отырып, олардың табысты оқуы мен дамуына барлық жағдайды жасауды қарастырады. Инклюзивті білім беру барлық оқушыға бала-бақшаның, мектептің, институт ұжымының өміріне жан-жақты қатысуға мүмкіндік береді, барлық білім алушылардың тең құқығын қамтамасыз етіп, ұжым мен қоғамның барлық жұмысына қатысуға оларды ынталандырады.
Мемлекетімізде инклюзивті білім беру идеясының пайда болуы және ендірілуі белгілі ғалым Р.А. Сүлейменова есімімен байланысты. Ғалым «Инклюзивті білім беру - балалардың жасы, жынысы, этникалық көзқарасы, даму бұзылыстарына қарамастан түзету, педагогикалық кеңес беру. Қоршаған ортада баланың бейімделуін міндетті білім беру үдерісімен қамтамасыз етуді көздейтін мемлекеттік саясат» - деп атап көрсетеді. Олай болса, инклюзивті білім беру - барлық балаларға олардың физиологиялық, психикалық, әлеуметтік т.б. ерекшеліктеріне қарамастан білім ұйымдарында бірегей оқыту және тәрбиелеуге мүмкіндік беретін қолжетімді үдеріс.
Р.А. Сүлейменова ұсынған инклюзивті білім беру ұғымының анықтамасы ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім алуына бағытталаған мемлекет саясатының негізін қалады. Инклюзивті білім беру үдерісі одан әрі бірқатар нормативті-құқықтық құжаттарда сипатталды, оның ішінде ҚР Білім туралы Заңы, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік бағдарламада ерекше қажеттілігі балалар мен ересектер үшін мектепке дейінгі, мектеп және кәсіби білім беру деңгейлерін қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру жүйесін жасау қарастырылған. Бұл жүйенің ерекше қажеттілігі балалардың санаттарына бөлінеді:

  • көру;

  • тірек-қимыл;

  • сөйлеу тілі;

  • ақыл-ой;

  • психикалық даму;

  • эмоциялық-еріктік және мінез-құлық;

  • күрделі кемшіліктер категорияларына бөлінеді.

Бүгінгі таңда физиологиялық, психикалық дамуы және денсаулығында кемшілігі бар тұлғалардың қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде қалыптасуына кедергі келтіретін факторларды анықтау өте маңызды. Инклюзивті білім беру - ерекше қажеттілігі бар тұлғаларда туындайтын кедергілерді жоя отырып, олардың жеке құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік беретін негізгі міндеттерді жүзеге асырады. Физиологиялық, психикалық дамуы және денсаулығында кемшілігі бар тұлғаларды кіріктіре оқыту - оларға сапалы білім беру мүмкіндігін қамтамасыз етудің негізгі жолы болып табылады.
Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық және мәдени өміріндегі жаңартулар білім беру жүйесін реформалау үдерісін дамыта түсті. Нәтижесінде, оқыту мен тәрбиелеудің тұлғаға бағдарлануы. Ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың құқығы мен еркіндігін сақтау, оларды қоршаған ортада бейімдеу және қалыпты дамыған балалармен ортақ әрекетін кіріктіру. Тең дәрежелі қоғам мүшесі болуына мүмкіндіктер жасау қажеттілігі дамыды. Бұл өзгерістер - қоғам мен мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар балаларға қарым-қатынастың өзгеруіне әкелді, олардың өз құрбыларымен бірге тең дәрежелі жағдайда білім алу құқығын қамтамасыз етеді.
Біздің елімізде арнайы білім беру ұйымдары (мектепке дейінгі және мектептік арнайы (түзету), оңалту орталықтары), психологиялық-педагогикалық түзету желісі қалыптасуына қарамастан, соңғы онжылдықта объективті және субъективті себептермен ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға деген қарым-қатынас өзгерді. Арнайы білім беру ұйымдарымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру мектептерінде оқыту оң шешім деп қабылданды.
Л.С. Выготский дамуында бұзылысы бар балаларды тәрбиелеуде оны өмірге интеграциялау негізгі міндет деп есептей отырып, кемшіліктерді түзету жолдарының қажеттігін атап көрсетеді. Зерттеушінің интеграциялау идеялары бүгінгі таңда инклюзивті білім беру үдерісінде жүзеге асырылуда. Ерекше білім беру қажеттігі бар балаларды дені сау құрдастарымен бірге оқыту идеясының дамуы қазіргі күн талабынан туындап отыр. Ерекше білім беру қажеттігі бар әрбір бала білім беру ұйымының кез-келген үдерісінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алуы қажет.
Инклюзивті білім беру негізі төмендегідей ұсынымдар басшылыққа алады:

  1. барлық адамдардың тең құқылы болуы (олардың тұлғалық ерекшеліктерін және қабілеттерін біртекті сақтаған жағдайда);

  2. кез-келген түрдегі даму кемшіліктерінің білім алу және әлеуметтік өмірге қатысу құқығына шектеуді болдырмау;

  3. әлеуметтік-қоғамдық, соның ішінде, білім беру саласындағы ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыруда даму мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ерекше құқығын мойындау;

  4. ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалардың әлеуметтенуі барысында ұсынылатын қызмет міндеттері;

  5. жалпы білім беретін мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарға ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау мүмкіндігі.

Ұсынылған қағидалардың есепке алынуы мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымымен, ата-аналар және қатысушы тұлғалармен жүзеге асырылуы қажет. Инклюзивті білім беру әлеуметтік екі субъектіні бір-біріне өзара жақындастыратын төмендегідей екі жақты үдеріс екендігін атап өту маңызды:

  1. ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалардың дені сау өз құрдастары және олардың ата-аналарымен бірге оқу үдерісіне енуге талпынысы;

  2. жалпы білім беру ұйымдары бұл үдерісті жүзеге асыруда ұйымдастыру-қызметтік, адамгершілік-психологиялық және басқа да қолайлы жағдайлар жасауы.

Инклюзивті білім беру балалардың түрлі білім алудағы қажеттіліктерін және осы соған сәйкес білім үдерісіне олардың толықтай қатысуын қамтамасыз ету, білім беру үдеріісіндегі бөлектеуді жоюды ұсынады. Қарапайым бала үшін инклюзивті білім алу жай сынып арасындағы таңдау еркіндігін білдіреді, егер ол алғашқы нұсқаны таңдаса, ол үшін оқытудың білім беру стандартында қарастырылған оқудың сапасы мен қарқындылығы, оқушының әлеуметтік норманы және инклюзивті оқыту ережелерін қабылдау және сақтау қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда «инклюзивті қоғамға» ауысу жүзеге асырылады, яғни, балалар арасындағы ерекшелік өзара толығу үшін ресурс ретінде қарастырылатын әлеуметтік қарым-қатынас түріне көшу жүзеге асады.
Инклюзивті білім берудің басымдылық факторлары төмендегідей :

  • ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың әлеуметтенуі үшін жағымды жағдай жасалады;

  • дамуында әртүрлі бұзылулары бар балалардың оқу және оқудан тыс қызметке өзара әрекеттесу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;

  • балаларды оқыту және тәрбиелеудің жаңа технологиялары ұсынылады және сараптамадан өтеді;

  • арнайы (түзету), әлеуметтік және медициналық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау жолға қойылады.

Инклюзивті білім беру өзгеріске баяу түсетін статистикалық білімді емес, балалардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру жағдайын үнемі бейімдеуге бағытталған динамикалық үдерісті сипаттайды. Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың дені сау өз құрбыларымен оқуына тек қана жағдай жасалып қоймайды, сонымен қатар, олардың кейінгі әлеуметтенуі және әлеуетті мүмкіндіктерінің ашылуы мен дамуына да мүмкіндік туындайды.
Білім беру жүйесі дамуында бұзылысы бар оқушыларды әлеуметтік-психологиялық оңалту жағдайларын жасауда олардың мүмкіндіктерін ашуға әкелетін адамның ішкі дүниесінің қайта жандануына бағытталады.
Сонымен, қазіргі білім беру жүйесі мүмкіндіктері шектеулі адамдарға шешімі жоқ мәселе ретінде қарамайды, керісінше, балалардың даму ерекшелігін оң қабылдайды және оның жеке ерекшеліктерін білім алуын толықтыратын мүмкіндік ретінде бағалайды.
Қазіргі педагогикадағы интеграциялану үдерісінің дамуына әлеуметтік жүйе ретінде адам және қоғамның дамуы үшін жағдай жасайтын білім берудің жаңа құндылықтарын мойындау игі әсер етуде. Білім беру жүйесі әрбір бала өз құқығын білуі үшін, оқуы және дамуы үшін олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы қажет.
Толеранттық - (латын тілінен аударғанда - төзімділік) - өзгешеліктерді мойындау, сыйластық. Өзіне сенімділігі, өзгенің көзқарасы мен мінез-құлқын мойынұсыну негізінде шешім табуға апаратын жол. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі. Толеранттық жеке адамның, әлеуметтік топта өзге адамдармен, әлеуметтік топтармен қарым-қатынасы барысында көрінетін мінез-құлқы қоғамның маңызды құндылықтардың бірі. Толеранттық туралы қағидалар 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында бекітілген Декларацияда қарастырылған. Осы жиында бекітілген толеранттық қағидалары:

  • әлем мәдениетін білуі, өзін-өзі көрсетуі, жеке қасиеттер сипатын дұрыс түсініп, қабылдауы, құрметтеуі;

  • сенім-нанымдардан, ақиқат шектелуінен тыс болу және халықаралық құқықтық нормативтік актілерде бекітілген адам құқығы саласындағы ережелерді меңгеруі.

Толерантты мінезөқұлықты қалыптастырудың басты шарты, ортаның маңызын, түрлі көзқарастарды зерттеу болса, екіншіден орта көзқарасының толеранттық мінез-құлық сипатына қарай қалыптасуына жағдай туғызу керек.
Толерантты мінез-құлықтың қалыптасуына теориялық - әдіснамалық көзқарастар мәдениетті тұлғаны қалыптастыру, сол жағдайда білімдік және тәрбиелік қатынастарды сақтау деп қорытынды жасай аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет