49 бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері
1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
1) баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымдарын таңдауға міндетті;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға құқылы;
ҚР мемлекеттік мекеме (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы)
48. Сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар болған кезде сыныпты бөлу білім алушылардың жалпы санын әрбір осындай балаға үшке азайту есебінен жүзеге асырылады.
62. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып қолданылады.
ҚР мемле кеттік мекеме (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы)
67. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін олардың білім алуы, дамуының бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайлар жасалады..
Негізгі орта білім берудің МЖМБС
14. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске асыруға бағытталған.
58. Инклюзивті білім беру шеңберінде сыныпты жоғарыда аталған пәндер бойынша топтарға бөлу білім алушылардың жалпы саны ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір балаға есептегенде үшке азайған кезде жүзеге асырылады.
69. Оқытудың күтілетін нәтижелерінің жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың жеке даму траекторияларын құруға мүмкіндік береді…
77. Бағалау критерийлері әрбір оқу бағдарламасы бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.
80. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін олардың білім алуы, дамуының бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайлар жасалады.
Стандартты қолдану бағытталған:
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін және қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады;
59.Даму мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін олардың білім алуы, даму бұзылыстарын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайлар жасалады.
64. Сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда сыныпты бөлу білім алушылардың жалпы санын әрбір осындай балаға үшке азайту есебінен жүзеге асырылады.
«Жалпы білім беретін мектептер» Кіші бөлімінің ескертпесі абзацпен толықтырылды: «Жалпы білім беретін мектептерде педагог-ассистент лауазымы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша белгіленеді».