Инновациялық технологиялар арқылы оқытудың ерекшеліктері мен маңыздылығы, білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар мен түрлері және өзара байланысы қарастырылған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Тақырыбы:Білім беру жүйесіндегі оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Қабылдаған:Нұрсейітова Ләззат
Орындаған:Аухымбай Жанар
Тобы:С1301-10ж
Шымкент 2020ж
Инновациялық технологиялар арқылы оқытудың ерекшеліктері мен маңыздылығы, білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар мен түрлері және өзара байланысы қарастырылған. Сонымен қатар оқытудың дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологияларына салыстырмалы түрде сипаттама жасалған. Мемлекетіміздің тәуелсіз ел ретінде дамуы барысында орта білім берудің жүйелі жаңашаландырылуы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді жаңашаландыруды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты: қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары мен жаңа технологиялары бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибе жүзінде сыннан өткізу маңызды. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше қазіргі білім беру саласында сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Еліміздің болашақ ұрпағы үшін ХХІ-ғасырдың – ғылым ғасыры деген сипатын дәріптейтін заманауи жаңашылдық іс тәжірибелерді дамыту көзделген. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.
Осы бағытта оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі инновациялық технологияларын жетілдіріп, оны арнайы пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату мақсатында бір қатар бағыт-бағдарлар берілуде.
Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерімен табиғи қабілеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеті мен сабаққа ынтасын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін дамыту, сонымен бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық педагогикалық тәрбие беруде де, ойлау қабілетін белсендендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді және технологияларды тиімді қолдана білуі қажет.
Инновация («новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин» «қайталанатын» процесс, деген ұғым) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл түсінік. ХХ ғасырдың 30- 50 жылдарында Европада ғылымның жаңа саласы ретінде пайда болды. Жалпы педагогикалық инновация ұғымын сипаттауды мына түрде беруімізге болады.
Білім берудегі адам қабілетімен іскерліктерін дамытуғы бағытталған оқу-тәрбиеде қолданылатын құралдардың арнайы формалары, әдіс-тәсілдері көрсетілетін психологиялық-педагогикалық нұсқауларға және оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруға бағытталған біріккен педагогикалық іс—әрекетке жаңашылдық тұрғысынан келу инновациялық технология болып табылады. Демек, инновациялық технология маманның құзіреттілігіне ықпал ететін шығармашылық қасиеттерді, шеберлікті қалыптастыруға қолданылатын әдіс-тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Инновациялық оқытудың ерекшеліктері:
S Көрегендік сипат алуы, дамудың жылдамдығы;
S Болашаққа үмітпен қарау;
S Өзіне, өзгеге талаптың жоғары болуы;
S Тұлғаға, оның дамуына бағытталуы;
S Шығармашылақ элементтерінің міндетті қатысуы;
S Қарым-қатынастың ынтымақтастыққа, өзара көмекке негізделуі және т.б.
Бүгінгі жаһандану заманы жаңашылдық, жаңа көзқарастар мен өзгерістерге толы. Ал біз осы ағынмен өмірімізді жаңа өнімдерді, техникаларды, жетілген білімдерді, жан-жақты дамыған идеяларды пайдалану арқылы жалғастырып отырмыз. Сондықтан білім беру жүйесін ізгілендіру барысында оқыту үдерісіндегі, әдіс тәсілдерде жаңашылдыққа бағытталуы тиіс.[1],[2]
Қазіргі кезде білім беру мен білім жүйесін ұйымдастырудың оқу үдерісіндегі жаңа технологиялары ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану аясын кеңейтіп мультипликацияны, бейнетаспа мен күрделі сызбалармен оқу материалдарын түсінікті баяндауға мүмкіндік береді. Мультимедиялық технологиялар адамға ақпаратты максималды жақын түрде сенсорлы елестету, ақпараттық және бағдарламалық аспектілері арқылы қолданушыға ақпаратты әр түрлі формада: мәтін, графика, анимация, дыбыс, бейнемен интерактивті режимде елестетіп көруге мүмкіндік беред. Ол үшін ақпараттық технологиялардың яғни компьютерлердің интернет желісіне қосылу мүмкіндігімен бірге дыбыстық әрлендіруге WT синтездерін, DSP сигналдық процессорларын, TW аудио сигналдар үшін сығушы синтездерді, CD-ROM лазерлік дискілерді пайдалану нәтижелі болады.[4]
Соңғы кездері оқыту үдерісінде осы мақсатта пайдаланылып жатқан электронды оқулықтар да кеңінен қолданылуда. Электронды оқыту бұл электрондық бизнес сервистерін және технологияларды пайдалану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған. Желілік инфрақұрылым электрондық оқу үшін технологиялық база болып табылады. Желілік инфрақұрылым өзінің күштілігімен, сенімділігімен, қауіпсіздігімен, ыңғайлылығымен ерекшеленеді және ашық оқу стандартына негізделеді.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту үдерісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». «Электрондық оқулықтарды» пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ойлау жүйесін, тәжірибелік ой тжырымдамасын қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.