Инновациялық технологиялар арқылы оқытудың ерекшеліктері мен маңыздылығы, білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар мен түрлері және өзара байланысы қарастырылған



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі363,78 Kb.
#81236
1   2   3
Байланысты:
Білім беру жүйесіндегі оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

S құрамдасқан технологиялар (өлшемі әр түрлі деңгейлі білім мен іскерлік-дағдылар мен іс-әрекеттерді құрамдастыруды қамтамасызететін жүйелер);
S ақпараттық-компьютерлік технологиялар
(ақпараттық, жаттығу, бақылау тағыда басқа әр түрлі оқыту бағдарламаларын пайдалануға негізделген дидактикалық жүйелер);
S сұхбаттық технологиялар (субъект - субъективтік деңгейдегі сұхбаттық ойлау негізінде оқу іс-әрекетінің ынтымақтасуы ретінде ұйымдастырылады).
Қазіргі кезде білім жүйесіндегі оқытудың кең таралған бірнеше модельдері бар:

  • Пассивті - білім алушы оқытудың басты «обьектісіне» айналады (тыңдайды, қарайды);

  • Активті - білім алушы оқытудың «субьектісіне» айналады (дербес тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар);

  • Интерактивті - өзара байланыс.[7]

Интерактивті оқытудың қағидалары: тұлғалану, икемділік, элективтілік, мазмұндық, тәсіл, ынтымақтастықты дамыту, белсенді оқыту әдісін пайдалану болып табылады.
Енді осы технологиялар негізінде білім алушының материалдарды игеру нәтижелері төмендегідей:
Сызба сараптамасынан көріп отырғанымыздай интербелсенді бағдарламамен басқару арқылы жүретін визуальды және аудионәтиженің өзара әрекеті арқылы білім алушының танымдық, шығармашылық, нәтижелік, қызығушылық қасеиттерін дамытып, мультимедиалық – нысандар мен үрдістерді фотосуреттің, бейненің, графиктің, анимацияның, дыбыстың дәстүрлі мәтіндік сипаттамамен үйлестіріп берілген ақпаратты толық меңгеруі мен өзіндік ой қорытуларын жасауда ұтымды шешім табады. Мультимедианың басқа оқыту құралдарынан сандық және сапалық артықшылығы бар. Жаңа сапалық артықшылығы мен мүмкіндіктеріне тікелей аудиовизуальды көрсету барысында кескінді бейнені қозғалысқа келтіріп, сөзбен көркемдеуді жатқызуға болады.. Сандық артықшылығын мультимедиалық ортаның ақпараттық тығыздығы біршама жоғары болуы айқындайды. Көптеген адамдар естіген сөздерінің 15 - 20 ¿ және көргендерінің 30-40%-н есте сақтай алатындықтан ақпаратқа қаныққан мультимедиалық оқыту құралдарын көру аудартуға және көрген білімалушылардың назарын құбылыстар мен үрдістерді белсенді түрде талдау арқылы өтілетін оқу материалдарын есте сақтауға, терең меңгерулеріне мүмкіндік береді.
Бұл мәселе ыңғайлы мәтіндік түрдегі бейнеақпараттардың интербелсенді элементтерін құрып, мультимедиа құралдарына енгізу ырғақты ақпараттар ағынын түсініп меңгертуге қол жеткізуге жағдай тудырады. Мультимедианы материалдарымен технологиялық әріптестерімен бірлесе отырып білім бері үрдісіне белсене араласа алуына мүмкіндік туады.
оқыту терең пайдалану жұмыс істеу құралдардың оқушыларға арқылы ақпараттық мүмкіндігіне сүйеніп, оқу
Компьютерлік технологиялардың көмегімен әр түрлі дайын электронды ортада өз бетімен дайындалған сауалнамалар арқылы сабақта тұлғаның білімі мен іскерлік дағдыларын тексеріп бағалауға да болады.
Бейне ақпараттар мен презентациялар, салалық вебсайдтарды сабақта пайдалану арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ой өрістерін кеңейтуге болады.
Қорытынды: Міне осыдан келіп жаңа оқыту технологияларымен ақпараттық технологиялар негізінде оқыту жүйесін ұйымдастырудың тиімділігін сипаттау қолайлы. Кейінгі оқыту технологияларының негізгі құралы болып отырған мультимедия-құралдары әр түрлі ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін ең соңғы үлгідегі прогрессивті техникалық инновацияларды пайдалану жаңа деңгейдегі білім беру технологияларын енгізуге мүмкіндік береді деуге болады. Қазіргі заман талабына сай білім алушылардың сапалы да саналы білім алуына ықпал етуші құралдарды пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды орынды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. [8]
М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, білімді, саналы, дарынды, іскер, ойшыл болашақ ұрпақты даярлауда ең алдымен білім қажет. Жас ұрпақтың рухын оятатын, елін, жерін құметтейтін, мәдени ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім. Әрбір ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз.
Жаңа заман жаңа технологиялармен сусындаған ақпараттық қоғамның негізгі талабы – білім алушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, жаңа қоғамға бейімдеу мен интеллектуалды дамуын қалыптастырудың бірден-бір жол болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Ә.Жүнісбек «Жаңа технология негізі – сапалы білім» // Қазақстан мектебі. – 2008. - №4. – Б.1-2.

  2. Тапаева А. П. Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі // Молодой ученый. – 2014. - №20. – Б. 43-48.

  3. А.Даменова «Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуі және ерекшелігі» // «Қазақстан мектебі». – 2012. - №2. – Б. 1617.

  4. Э.Раджерс «Инновация туралы түсінік» // Қазақстан мектебі. – 2006. - №4. – Б. 2.

  5. Т.П.Сенаторова «Мультимедиа. Возможности использование в учебном процессе» // Информационно-методический материал. – Казань: 2001. – Б. 4.

  6. Кудесова Г. «Сабақтарда – ақпараттық технологиялар» // Қазақстан мектебі. – 2013. - №10. – Б. 27-29.

  7. Ж.Досова «Жаңа технологияны оқытуда қолдану» // Педагогикалық кеңес. – 2009. - №4. – Б. 16-25.

  8. Каплиева А. «Инновациялық технологиялар-білім сапасын арттыру құралы» // Қазақстан мектебі. – 2013. - №12. – Б. 6-8.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет