Жобаны жүзеге асыратын орын: Отырар ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Батысында Қызылорда облысымен, шығысында Ордабасы, оңтүстік-шығысында Арыс қалалық әкімдігіне карасты аумақпен, оңтүстік-батысында Шардара ауданымен шектеседі. Жер аумағы - 18,1 мың км, (облыстың 15,4%-ы). Аудан аумағындағы 43 елді мекен, 11 ауылдық округке біріктірілген. Әкімшілік орталығы — Шәуілдір ауылы. Отырар ауданы, «Медетов А.Д» жеке кәсіпкерлігі шаруашылығының қазіргі жағдайы Жоба мақсаты: - Түркістан облысының шөлейт аймағындағы сортаңды жайылымда ұтымды ауыспалы жайылымдық алқаптар жасау арқылы жер тозуын тоқтату, өсімдік жамылғысын байыту, шығымдылығын көтеру
Достарыңызбен бөлісу: |