Ақ қалпақ– таза ой, дұрыс ойлау.
Ол тек нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйенеді. Тек бар нәрсеге ғана қарап отырып, алуға болатынды ғана аламыз. Ақ түс қағаз туралы ойға әкеледі. Осы режимде біз тек қолымызда бар немесе шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа ғана сүйенеміз: тек қана фактілер мен сандар.
Қара қалпақ– бұл штаттағы пессимист. Алайда, ол аргументтері бар пессимист болуы керек. Өзінің көңілсіз «қолдарыңыздан не келер дейсінін» айта отырып, ол өз көзқарасын дәлелдейтін баяндама айтуы керек. Байқаңыз: «қара қалпақ» киген адам саны «1» аспау керек. Пессимистердің көбейіп кетпеуі үшін біреуі ғана жеткілікті.
Сары қалпақ – бұл «позитивті» Күн. Сары қалпақ – болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді. Ең Жақсысын, Ең Сәттісін аңғарады. Барлық топқа оптимизм жұқтырады. Сары шляпа «негативтен» «позитив» таба білуі керек. Сары түс күн мен оптимизм туралы ойға әкеледі. Сары түстен біз жетістіктер мен артықшылықтарды іздеуге тырысамыз.
Қызыл қалпақ – бұл эмоциялар, оқыстан көздің ашылуы және интуиция.
Қызыл қалпақ киген адам басқа адамдардың мүмкін болатын эмоционалды реакцияларын зерттейді. Қызыл қалпақ – бұл қызу сөлейтін, тілі мен жағына сүйенген адам және көпшіліктің дәл қазіргі сәттегі бағытын байқай білетін саясаткер. Қызыл түс от туралы ойға әкеледі. Қызыл қалпақ интуициямен, сезімдермен және алдын ала сезулермен байланысты. Мұнда еш нәрсені негіздеудің қажеті жоқ. Сіздің сезімдеріңіз бар және қызыл қалпақ Сізге оны білдіруге көмектеседі.
Жасыл қалпақ – Жасыл қалпақ киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс. Жасыл қалпақ – бұл қиял-елестің ұшқындауы, ең батыл және творчестволық идеялардың көзі. Жасыл түс өсімдіктер, өсу, энергия, өмір туралы ойға әкеледі. Жасыл қалпақ – бұл шығармашылық, жаңа идеяны іздестіру, стандартты емес әдістер мен альтернативті көзқарастардың жиынтығы.
Көк қалпақ– бұл барлық үрдісті ұйымдастырушы. Көк қалпақтың рөлі – бұл үйлестіруші, спикер болу – барлық қалпақтарға сөз беріп, соңынан қорытындылау. Талқылаудың басында да қолданылады, ойлаудың міндетін қойып, соңынан қандай мақсатқа жеткізгісі келетінін анықтайды. Бұл барлық үрдісті бақылау және оны басқару (мақсатты қалыптастыру, қорытынды шығару және т.с.с.)
Достарыңызбен бөлісу: |