“Жигсо- II” стратегиясы.
1. Оқушыларды үй топтарына 4 адамнан бөлеміз. (Оқушы санына байланысты). Жаңа тақырып жайында не білетіндерін ортаға салады, жазады.
2. Оларға 1-4 дейін нөмір бөлеміз.
3. Сол нөмірлері арқылы 4 жұмыс тобын құрамыз.
4. Мәтін немесе тапсырма тұтас бәріне таратылады, жеке оқытылады.
5. Әр жұмыс тобына эксперт парақтары таратылады.
6. Эксперт парақтары бойынша жауаптары дәптеріне жазады.
7. Қайта үй тобына оралады.
8. Алдымен 1 эксперт парағынан бастап жауаптарын тобына түсіндіреді.
9. Әр үй тобында эксперт парағы бойынша сұрақтар талданып болған соң, алғашқы жазғандарына басқа түспен толықтырулар енгізіледі.
10. Ортадан 1 спикер қорғайды.
Оқушылардың жазбаша тілін дамытатын стратегиялар:
«Биопоэма» стратегиясы
Аты-жөніңіз.
Өзіңізді сипаттайтын 2-3 сын есім.
Басыңыздан өткен өте маңызды 2-3 оқиға.
Өте жақсы көретін нәрсе, зат. Құбылыс.
Бәрінен не нәрседен қорқасыз?
Сіздің басты арманыңыз? (Жеке басына байланысты, мамандығына байланысты, жұмысқа байланысты)
Өзіңізді немен бейнелейсіз? (Қандай жан-жануарға ұқсайсыз, құсқа қандай табиғаттың бір бөлігіне ұқсайсыз?) Неге өзіңізді соған ұқсатасыз?
Неге бүгін осы жерде отырсыз? Қандай мақсатпен келдіңіз?
«Еркін жазу стратегиясы» Эссе жазу-5 минут.
Мұғалім оқушылардың ойына не келеді екенін жазып алуын ұсынады.
Эссе-адам өзін толғандырған ішіндегі ойын, сезімін қысқа ғана, шағын шығарма ретінде жазу.
«РАФТ» стратегиясы.
Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды
Р-кім боласың (кім жазады)
А-кімге жазасың
Ф-қай түрде жазасың (форма: хат, шығарма, ресми қағаз, баяндама, құттықтау, сенім хат, қолхат, арыз, түсініктеме т.б.)
Т-қандай тақырыпта.
Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.
Достарыңызбен бөлісу: |