40 - 50 ұпай жинасаңыз: Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан - тәнімен берілген жансыз. (14 мұғалім – 82%) 20 - 39 ұпай жинасаңыз: Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек. (3 мұғалім, 18 %) 10 - 19 ұпай жинасаңыз: Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.
Ескерту: Өз сабағыңыздың дәмді және тәтті болуы үшін, 1 қасық жақсы көңіл – күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзілді себіңіз. Өз сабағыңызды жайдары күлкіңізбен, қуаныштың белгісімен әзірлеңіз. Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. Сабақтарыңыз сәтті болсын, құрметті әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!
«Бақшада» аутотренингі
Мақсаты: мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру,
жігерлендіріп,көңіл-күйін көтеру
«ОЙ ТОЛҒАУ»
- « Мұғалім мен оқушы»
- « Оқушы мен ата- ана »
« Ата-ана мен мұғалім»
Әр топтың мүшелері осы үштік одақ арасындағы қарым-қатынастың қандай болатыны жайлы өз пікірлерін топ ішінде ортаға салып жинақтайды, сызба түрінде көрсетіп, оны топ жетекшісі қорғап шығады.
Жас мамандарға арналған сауалнама
Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдағаныңызға сенімдісіз бе?
Сіз өз пәніңізді ұнатасызба?
Оқыту процесінде қиындық кездессе кімге жолығасыз?
Сіз оқушыларыңызбен ортақ тіл табыстыңыз ба?
Тәлімгеріңізге көзқарасыңыз қалай?
Сіздің шығармашылық мүмкіндігіңіз? (оқушыларды немен қызықтыра аласыз?)
Қатты ренжіген сәтіңізде не істейсіз?
Ата – анаңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?
Сіз жұмыстан кейін үйге асығасыз ба?
Ұжымға бейімделдіңіз бе? (қосатын ұсынысыңыз, ойыңыз бар ма?)
Соңынан талқылау жүргізіледі
Рефлексия
«Өрмекші торы» жаттығуы
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу, жақсы тілектер айту.
Жас мамандар әнұраны
Арман, мақсат, тілегі бір жастар едік, Еңбек жолын бәріміз бір бастап едік. Жастық жалын жігерімен шабыттанған, Жаңа келген жас маман. Қайырмасы: Шебер ұстаз болу да бар ойымызда, Жастық оты лапылдаған бойымызда. Арманымыз бірге, орындалсын күнде, Бәрімізде бірдей мақсат, бір мүдде.
Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз, Келешекте ісін жалғап біз барамыз. Жас бүлдіршін, балғын бала, шәкірттердің Ой санасын ашамыз. Қайырмасы: Білім беру жолында еш аянбаймыз, Шәкірт үшін мәуелі бақ саяңдаймыз. Тілегі бір жастар, жақсылыққа бастар. Ісі үлгі, жаны ізгі ұстаздар!
Құрметті Жас Ұстаздар!
Сіздердің алғашқы Ұстаздық қадамдарыңызға нұр жаусын! Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық- білім мен тәрбие. Ал сол құндылық мұғалімнің уысында. Сондықтан да осы ұлы мамандықтың иесі болған сіздер бақыттысыздар! Биік мақсаттарыңыздың шыңына шығыңыздар!