Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы астана 2015



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#90426
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
 
Жиhаздың 
нөмiрi
 
Оқушылар 
бойының тобы 
(миллиметрмен)
 
Оқушыға қараған 
үстел жиегiнiң 
еденнен биiктiгi
 
Таңбаның 
түсi
 
Орындықтың 
алдыңғы 
жиегiнiң 
еденнен биiктiгi
 


1000 – 1150
 
460 
Қызғылт 
сары 
260 


1150 – 1300
 
520 
Күлгiн 
300 


1300 – 1450
 
580 
Сары 
340 


1450– 1600
 
640 
Қызыл 
380 


1600 – 1750
 
700 
Жасыл 
420 


1750 артық
 
760 
Көгiлдiр 
460 
2.6.10 Бастауыш сынып кабинеттерінің жиһазы мен жабдығы 
педагогикалық үдерістің ерекшелігі мен емдiк-қалпына келтiру іс-шараларын 
ескеруі тиіс.
2.6.11 Әрбір оқушы бойына және денсаулық жағдайына сәйкес үстелде 
жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Есту және көру қабілеті нашар балалар 
отыратын үстелдерді (олардың нөмірлеріне қарамастан) бірінші қатарға 
орналастырады. Көру қабілеті төмен оқушылар отыратын үстелдерді терезе 
жақтағы бірінші қатарға орналастырады. Респираторлық аурулармен, баспамен, 
суық тию ауруларымен жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс 
отырғызады.
2.6.12 Есту қабілеті нашар балалар үшін үстелдерді мұғалім үстелінің 
айналасына жартылай шеңбер түрінде орналастырады, есту аппаратурасын 
орнату үшін стационарлы бекітеді.
2.6.13 Оқушыларға арналған жиһаздарды орналастыру кезінде Санитарлық 
қағидалардың мына талаптары орындалады:
1) үстелдерді сол жақтан жарықтандырылатын, жарық түсіретін қабырғаға 
қарай орналастырады;


12 
2) сынып тақтасы бар алдыңғы қабырғалардан бастап үш қатармен 
орналастырылған барлық қатардағы бірінші үстелдерге дейінгі қашықтық 
кемінде 250 см;
3) үстелдердің қатары арасында қашықтық кемінде 0,5 м болуы көзделеді;
4) 1-қатардағы үстелдердің жарық түсіретін қабырғадан қашықтығы – 1 м;
5) қабырғалық тақтаның төменгі шетелінің ілмесінің биіктігі 0,7 – 0,8 м.
2.6.14 Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдеріне 
(топтық, жұптық, т.с.с.) байланысты жиһаздарды орналастырудың басқа 
тәртіптеріне (мысалы, жартылай шеңбер жасап, 2-6 орынды біріктіріп) де 
рұқсат етіледі.
2.6.15 Бастауыш мектепке арналған оқу кабинеттерінде оқушылардың 
үзіліс кезінде немесе сабақтан тыс уақыттарда демалуына немесе 
қызығушылығына қарай жұмыс істеуіне арналған орын (оқу бұрышы, жазу 
бұрышы) ескеріледі.
2.6.16 Жазу бұрышы және оқу бұрышындағы жиһаздар: диван, 
кілемшелер, орындықтар, кіші үстелдер орналасады.
2.6.17 Бастауыш мектепке арналған оқу кабинеттерінде оқушылардың 
киіміне арналған шкафтар қойылады және оларда бас киімге арналған сөрелері 
бар ұяшықтар мен сыртқы киім ілетін ілгіштер болады, оларды жеке 
таңбалайды.
2.6.18 Стендтер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын 
қарастыру қажет.
2.6.19 Санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес бастауыш сыныптың 
оқу бөлмесінде ыстық және суық су келтірілген раковина орнатылады
орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда суды қолмен 
құятын қол жуғыштар орнатылады.
2.6.20 Бастауыш мектепке арналған «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» 
пәндерін оқыту барысында еңбек және техникасы қауіпсіздігі ережелерін 
сақтау өте маңызды.
2.7 
Лингафонды кабинет 
шетел, қазақ, орыс тілдерін үйренуде ауызекі 
тілді дамыту үшін пайдаланылады.
2.7.1 Оқу кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастыруда лингафон 
кабинетінің қызметі:
- ақпараттық;
- оқыту және тренерлік;
- бақылаушы-түзеуші;
- коммуникативтік;
- оқу қызметін басқару.
2.7.2 Кабинетті лингафондық құрылғымен жабдықтау барысында, 
оқушылардың үстелдері телефон-микрофондық гарнитурмен, дыбыс реттегіш 
және мұғалімді шақыру тетігімен жабдықталуы және бекітілуі тиіс. Телефон-
микрофондық гарнитурлар арнайы тағанға немесе оқушылардың үстеліндегі 
арнайы шұңқыршықта орналастырылуы мүмкін.
2.8 
Шетел тілі кабинеті
білім алушылардың ауызекі және жазбаша тілдік 


13 
практикасын бірдей қамтуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тілдік зертхана 
түсінігін қамтиды, әр білім алушының дағды мен біліктерін қалыптастыру үшін 
неғұрлым қолайлы жағдай жасайды.
2.8.1 Оқу бөлмесінің жиһазбен жабдықталуы:
– басқару пульті бар мұғалім үстелі, магнитофон және күйтабақ ойнатқыш 
қоятын тұғыр; лингафондық рецептивті құрылғылар;
– жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың үстелдері мен орындықтары 
(№ 4, 5, 6 жиһаз тобы).
2.8.2 Оқушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуде жұпта немесе топта 
жұмыс жасауда, бір-бірлерінің жүздерін көру үшін, бет-әлпетті көруде, 
сөйлеген кездегі ым-ишарасын, қимылдарын көру үшін бір орынды, екі орынды 
үстелдермен немесе екі жартылай шеңберлі қосарланған немесе орынын 
ауыстырып қозғалтатын үстелдермен қамтамасыз етілуі тиіс, мұғалімнің үстелі 
ортасында болуы керек.
2.8.3 Оқушылардың үстелдерінің арақашықтығы кем дегенде 0,6 метр 
болуы керек.
2.8.4 Мұғалімнің үстелі мен тақтаның арасындағы қашықтық 1,0 м-ден кем 
болмауы тиіс. Қатарлы үстелдер арасы мен бойлық қабырғалардың арасындағы 
қашықтық 0,5-0,7 м, алдыңғы үстелден қабырғаға дейінгі арақашықтық 2,6-2,7 
м болуы керек.
2.8.5 Сыныптың алдыңғы қабырғасында интерактивті тақта және аспалы 
экран орналастырылуы тиіс. Тақта аспалы немесе жылжымалы және беті 
магнитті болуы тиіс.
2.8.6 Лингафон құрылғылармен жабдықталған шетел тілі кабинетінде 
оқушылардың үстелдеріне «телефон-микрофон, мұғалімнің шақыруын бақылау 
қоңырау түймелері» гарнитурасы болуы тиіс.
2.8.7 Бастауыш сынып оқушылары үшін дыбыс жазбасының ұзақтығы 10-
15 минут, жоғары сынып оқушылары үшін 20-25 минут, аудио сигналдарды 
дыбыс деңгейі 40-50 дБ ауқымында ұсынылады. Осы талаптардың сақталмауы 
оқушы ағзасының тез шаршауына және білім сапасының төмендеуіне әкеледі.
2.9 
Информатика кабинеті 
– информатика пәні бойынша сабақтар, 
факультативтік сабақтар жүргізілетін, білім алушыларды әлемдік ақпараттық 
қоғам жағдайында өмір сүруге дайындық, білім деңгейін жоғарылату жүзеге 
асырылатын білім беру ұйымының бөлімшесі.
2.9.1 Информатика кабинетінде білім беру үрдерісін ұйымдастыру 
төмендегі функциялар арқылы жүзеге асырылады:

информатика, 
алгоритмдеу, 
программалау, 
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар, ақпараттық модельдеу салаларында 
оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық білік пен дағдыларын 
қалыптастыру;

оқушылардың алгоритмдік, операциялық және сыни тұрғыдан ойлау 
қабілеттерін және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары 
арқылы логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық 
қабілеттерін дамыту;


14 

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда және 
этикалық, құқықтық нормаларды сақтауда жауапкершілікпен қарауға, 
ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
2.9.2 Информатика кабинетінде СанЕжН сәйкес табиғи және жасанды 
жарықтандыру болу қажет.
2.9.3 Информатика кабинетіне қажетті аппараттық және программалық 
қамтамасыз етудің тізімі:
– гарнитурамен (микрофоны бар құлаққап) жабдықталған оқушылар мен 
мұғалімдерге арналған дербес компьютерлер;
– сенсорлық немесе электромагнитті принциппен жұмыс істейтін 
интерактивті 
тақтаны, 
біріздендірілген 
мультимедиа-проекторды, 
интегралданған аудио-жүйесін қамтитын интерактивті жүйе;
– принтерлер, сканерлер;
– компьютерлерді жергілікті желіге қосуға арналған желілік концентратор;
– мұғалім мен оқушылардың жұмыс орнын орталықтан қоректендіруді 
қамтамасыз ететін электртаратқыш қалқан;
– интерактивті презентациялар, дәрістер, сабақтар өткізуге арналған және 
стилустің, саусақтың көмегімен тікелей панельге жазуға және сурет салуға 
мүмкіндік беретін интерактивті кешен.
2.9.4 Әрбір оқушыға жеке компьютерде немесе ұялы құрылғыда жұмыс 
істеу мүмкіндігі жасалуы тиіс.
2.9.5 Информатика кабинетінде жұмыс орындарының үш нұсқада 
орналасуы мүмкін: периметрлік, қатар-қатар (1-3 қатарлы), орталық. 
Периметрлік орналасу кезінде кабинеттегі үстелдер қосымша оқушы 
үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталады.
2.9.6 Оқу кабинетінде қауіпсіздік техникасын (техника қауіпсіздігі 
бойынша нұсқаулықты жүргізу туралы журнал), өрт қауіпсіздігін, санитарлық-
гигиеналық нормаларды сақтау (өрт сөндіргіш құралдары, дәрі қобдишалары), 
күзету іс-шаралары (жергілікті сигнал беру, терезелерге торлар, темір 
есіктер) жасалады.
2.9.7 Информатика кабинетінің терезесі солтүстікке, солтүстік-шығысқа 
қарап: жалюзи түріндегі күннен қорғайтын, реттелетін құрылғылармен, қабырға 
мен жиһаздар түсіне сәйкес келетін ашық түрдегі мата перделермен 
жабдықталуы тиіс.
2.8 Информатика кабинеті үшін температураның оңтайлы және мүмкін 
болатын параметрлері, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы.
Ауа температурасы,
о
С
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
Оңтайлы
Мүмкін болатын
18 
65 
39 
19 
62 
37 
20 
58 
35 
21 
55 
33 
22 
52 
31 


15 
2.10 
География кабинеті
жапсарлас екі бөлмеден (оқу кабинеті мен 
зертхана) болуы қажет.
2.10.1 Күнделікті сабақ, практикалық және өздік жұмыстарды орындау 
барысында қолдануға қажетті атластар, жұмыс дәптерлері, оқулықтарды, кескін 
карталарды орналастыру үшін үстелдің үстіңгі ауданы 1300х650 мм-ден кем 
болмауы тиіс.
2.10.2 Зертхана бөлмесінде оқу бағдарламаларының мазмұнымен 
қарастырылған карталарды сақтауға шкафтар және қажет уақытында қолдануға 
ыңғайлы арнайы құрылғы болуы тиіс.
2.10.3 Мектептің географиялық алаңын келесі құрал-жабдықтар кешенімен 
қамтамасыз ету қажет: математикалық кешен (биіктік өлшеуіш, өлшеуіш жол, 
горизонталды қашықтықты өлшеуіш, шаршы метр, кубметр (ағаштан 
жасалған), эклиметр, квадрант, бұрыш өлшеуіштер, координаттық тор 
сызылған мектеп тақтасы және т.б.); топографиялық кешен (жасанды төбе, 
жасанды су қоймасы, жергілікті жерді түсіруге арналған жиналмалы үшаяқты 
арнайы кешен, тұсбағдар); астрофизикалық-географиялық кешен (гномон, 
Поляр жұлдызын көрсеткіш, азимут өлшеуіш, ромбтық сақинасы бар 
бағыттаушы шеңбер, астролябия, күн сағаты, көкжиек тұстарын бағыттаушы, 
телескоп және фотокамера қоюға арналған құрылғы); метеорологиялық кешен 
(желбағдар, метеорологиялық үйшік, барометр, гигрометр, термометрлер, 
қардың қалыңдығын өлшеуге арналған сызғыш, нефоскоп).
2.10.4 Географиялық алаңның көлемі 11 х 11 м-ден кем болмауы тиіс.
2.11 
Биология кабинеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет