Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы астана 2015



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#90426
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
 
– табиғаттың тірі нысандарының (өсімдіктер мен 
жануарларға) бақылау, тәжірибе және демонстрациясының жағдайларын 
жасауды қамтамасыз етеді. 
 
2.11.1 Биология кабинетінде мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындары 
жиһазбен, су құбырымен, электр құралдарымен, қажетті құрал-жабдықтармен 
жабдықталуды талап етеді. Олардың сақталуы, температура режимі 
санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
2.11.2 Лабораториялық жұмыстарға арналған оқу жабдықтары және 
құралдары 
лаборант 
бөлмесінде 
орналасқан 
секциялық 
шкафтарда 
сақталуы қажет.
2.11.3 Биология кабинетінде оқытудың аудио, көзбен шолу құралдарының 
алуантүрлілігімен қатар, табиғаттың жанды объектілерін бақылауда, тәжірибе 
жасауға, көрсетілімге қолайлы жағдай жасалуы тиіс.
2.12 
Физика кабинеті 

бұл оқушылармен оқу, факультативті және 
сабақтан тыс жұмыстар және пән бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізілетін, 
көрнекі құралдармен, оқу қондырғыларымен, жиһазбен және оқытудың 
техникалық 
құралдарымен 
жабдықталған, 
оқушылардың 
физикалық 
эксперименттер мен зерттеулер орындау дағдысын дамытуға арналған 
мектептің оқу бөлмесі.
2.12.1 Физика кабинетін арнайы көрсету үстелдерімен жабдықтау 
(проекциялық аппараттарды басқару пульты, су, электр, кәріз жүйелері) қажет.
2.12.2 Көрнекі құралдардың жақсы көрінуі үшін көрсету үстелі жоғары 


16 
қойылуы керек.
2.12.3 Физика кабинетіндегі демонстрациялық және оқу-зертханалық 
үстелдерге электр энергиясын жүргізу қажет.
2.12.4 Кабинеттегі барлық қосқыштар мен розеткаларға белгі соғылады.
2.12.5 Оқушылар аумағында су және электр қуаты өткізілген екі орындық 
оқушылық зертханалық үстелдер (қондырғылары бар және қондырғыларсыз) 
орнатылуы тиіс.
2.12.6 Кабинеттегі медициналық қобдиша, өрт сөндіру құралдары; электр 
құрал-жабдықтары зақымданудан қорғалған болуы тиіс.
2.13 
Химия кабинеті. 
2.13.1 Әр оқу жылының басында білім алушыларды химия кабинеттеріне 
(зертханаларға) арналған техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру қажет.
2.13.2 Лабораторияда: мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруға, білім 
алушылардың жұмыс орнын ұйымдастыруға, оқу құралдарын ұтымды 
орналастыруға және сақтауға, аппаратураларды қолдануды ұйымдастыруға 
арналған жиһаздар болуы тиіс.
2.13.3 Лаборанттық бөлмелерде: лаборант жұмысын ұйымдастыруға 
(демонстрациялық және оқу экспериментін дайындау), оқу құралдарын 
сақтауға (ең бастысы, химиялық реактивтерді), аппаратураларды сақтауға 
арналған жиһаздар болуы тиіс.
2.13.4 Мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған жиһаз: 
қоршалған екі секциядан (демонстрациялық және препараторлық) тұратын 
демонстрациялық химиялық үстел, препараторлық бөлімінде – жақтаулы; 
мұғалімге арналған үстел (
L
=800 мм), мұғалімге арналған орындық.
2.13.5 Химиялық экспериментке арналған жиһаз лаборант бөлмесінде 
орналастырылады: реактивтерге арналған сөресі бар препараторлық үстел; 
лабораториялық сорғыш шкаф (қабырғада).
2.13.6 Кабинетте жұмыс қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар, плакаттар 
топтастырылған еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бұрышын дайындау қажет.
2.13.7 Химия кабинетінде сабақтан тыс іс-шаралардан тек қана химиялық 
үйірме және химия бойынша факультатив сабақтары жүргізіледі. Химия 
кабинеттерін басқа пәндердің және ұзартылған күн топтарының сабақтарына 
арналған сынып бөлмелері ретінде пайдалануға тыйым салынады.
2.13.8 Лаборанттық бөлме химия кабинетімен (лаборатория) сынып 
тақтасы жағына қабаттас орналасады және екі шығу есігі болады: біреуі – 
кабинетке, 
басқасы 
– 
дәлізге, 
басқышқа, 
рекреациялық 
немесе 
қабаттас бөлмеге.
2.13.9 Химия кабинетінде (лабораториясы) және лаборанттық бөлмеде 
суық және ыстық сумен жалғастырылған шұңғылшалар орналастырылуы 
қажет.
2.13.10 Химия кабинеті (лабораториясы) және лаборанттық бөлме 
жарықпен, желдеткішпен, су құбырымен, кәрізбен, электржабдықтау 
жүйесімен, бастапқы өртсөндіргіш құралдарымен және жеке қорғаныс 
құралдарымен қамтамасыз етіледі.


17 
2.13.11 Химия кабинетіндегі (лабораториясы) оқушыларға арналған 
үстелдер мен орындықтар СанЕжН талаптарына сәйкес келуі тиіс.
2.13.12 Зиянды әсер ететін булар мен газдардың бөлінуіне әкеп 
соқтыратын жұмыстарды жүргізу үшін лаборанттық бөлме сорғыш шкафпен 
жабдықталуы тиіс. Сорғыш шкафтың жоғарғы және төменгі сорғыштары болуы 
қажет. Сорғыштарды қосу бөлінетін булар мен газдардың тығыздығына 
байланысты реттелуі тиіс.
2.13.13 Химия кабинетін жарықтандыру СанЕжН талаптарына сәйкес 
келуі тиіс.
2.13.14 Тиісті табиғи жарықты қамтамасыз ету үшін терезе алдына 
гүлдерді қоюға болмайды, терезе шынылары шаңнан және кірден жылына кем 
дегенде 2 рет тазартылуы тиіс. Химия кабинетіндегі (лабораториясы) мұндай 
жұмысқа білім алушыларды жұмылдыруға тыйым салынады.
2.13.15 Лаборатория и лаборанттық бөлме бөлмедегі температураны 18-21 
градус Цельсий шамасында ұстап тұратын, ауа дымқылдығы 40-60 % 
шамасында болуы қажет есеп арқылы жылытумен және үйлестірілген сорғыш 
желдеткішпен қамтамасыз етілуі тиіс.
2.13.16 Табиғи желдеткіш ауданы 1/50 еден ауданынан кем емес және үш 
еселік ауа айналымын қамтамасыз ететін фрамугалар мен желдеткіштердің 
көмегімен жүзеге асуы тиіс. Фрамугалар мен желдеткіштерді ашуға және 
жабуға ыңғайлы тетіктермен жабдықталуы тиіс.
2.13.17 Химия (лабораториясы) кабинетіндегі электраспаптар қуаты 
ажыратқыш трансформаторлары бар қалқаннан электр қосқышқа жалғасқан 
қорғаушы-сөндіргіш құрылғы арқылы жүзеге асуы тиіс.
2.13.18 Барлық қолданылатын демонстрациялық және лабораториялық 
электраспаптары оқу кабинеттерінде (сыныптарында) сабақтарды жүргізу 
кезінде электрқауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша Ережелердің 
талаптарына жауап беруі тиіс. Электраспаптарының барлық токөткізуші 
бөліктері оларға кездейсоқ жанасудан сенімді қорғалуы тиіс.
2.13.19 Суқұбыры желісін кабинетке қосудың ортақ вентилі, сонымен 
қатар оқушылардың лабораториялық үстелдер қатарына, демонстрациялық 
үстелге және лаборант бөлмесіне ажыратқыштың алдында вентилі болуы тиіс.
2.13.20 Химия кабинетіндегі (лабораториясы) өрт қауіпсіздігі оқу 
кабинетіндегі сабақтарды жүргізу кезіндегі электрқауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау бойынша Ережелерге сәйкес ұйымдастырылады.
2.13.21 Бастапқы контейнердегі барлық реактивтер лаборант бөлмесінде 
сақталуы тиіс.
2.13.22 Химиялық табиғаты бойынша ерекшеленетін реактивтерді бірге 
сақтауға жол беруге болмайды. Бейорганикалық және органикалық 
реактивтерді қосылыстардың кластары бойынша әр түрлі секцияларда 
сақтайды.
2.13.23 Концентрлік қышқылдар және аммиактың (25%) концентрлік 
ерітіндісі сорғыш шкафтардың төменгі секцияларында жеке сақталады.
2.13.24 Сейфке улы заттарды (бром, кристалдық йод, калийдің ферро (II) 


18 
гексацианиді, калийдің ферро (III) гексацианиді, төртхлорлы көміртек, 
хлороформ, хлорлы метилен, анилин) және өндірістік қаттамасының этикетінде 
«У» деген жазуы бар басқа заттарды орналастырады. Бромды тығыздалған 
тығыны бар, гипс құйылған және құм салынған металл қалбырда 
орналастырылған 
ыдыста 
немесе 
тығыздалған 
тығын 
қалпақша 
асынды сақтайды.
2.13.25 Металдық натрийді, калийді, кальцийді металл қораптарға 
орналастырылған, ішінде керосині бар банкіде сақтайды. Литийді вазелин 
майында 
сақтайды. 
Өндірісте 
дайындалған 
арнайы 
балқытылған 
ампулалардағы сілтілік металдар сақтауға және бірреттік пайдалануға ыңғайлы.
2.13.26 Нитраттардың барлығын бірге, бірлесіп жарылғыш қоспалар түзуі 
мүмкін органикалық реактивтерден міндетті түрде бөлек, жеке сөрелерде 
сақтайды.
2.13.27 Кәрізге реактивтерді лақтыруға, олардың ерітінділерін, жеңіл 
тұтанғыш сұйықтықтарды және газтәріздес сұйықтықтарды төгуге болмайды. 
Оларды келесіде залалсыздандыру үшін жинайды.
2.13.28 Қышқылдар немесе сілтілердің төгіліп қалған судағы ерітінділеріне 
құрғақ құм немесе ұсақталған құрғақ топырақты себу қажет. Төгілген жерді 
бейтараптаушы ерітіндімен сүртіп, соңынан сумен жуу қажет.
2.13.29 Химия кабинетіндегі аспаптарды, оның ішінде электраспаптарын 
құлыптау арқылы кабинеттегі шкафтарда орналастыру қажет. Кез келген құрал-
жабдықтарды шкафтарда және реактивтер мен ерітінділерге тікелей жақын 
жерде сақтауға болмайды.
2.13.30 Ерітінділерді қыздыру үшін тек жұқақабырғалы ыдыстарды 
пайдалануға рұқсат етіледі. Жұқақабырғалы ыдысты тік ось бойынша 
ақырындап айналдырып немесе жоғары-төмен ауыстырып, штативтің 
қысқышында абайлап бекіту қажет.
2.13.31 Денсаулық жағдайларына байланысты медицина ұйымдары 
арқылы реактивтермен және ерітінділермен жұмыс істеуге тыйым салынған 
білім алушыларды мектеп әкімшілігі жеке бағдарлама бойынша жұмыспен 
қамтамасыз етуі тиіс.
2.13.32 Оқу бөлмесіндегі атмосфераны ластауы мүмкін улы заттармен 
(хлор, күкірттіқышқыл, фосфин, көміртек (II) оксиді, бром, бензол, дихлорэтан, 
диэтил эфирі, формалин, сірке қышқылы, аммиак) тәжірибелерді жөнделген 
сорғыш шкафта немесе аспаптарда – бөлінген заттардың адсорбциясымен 
тұйықталған жүйелерде жүргізілуі тиіс.
2.13.33 Тәжірибе жасау және жүргізу кезінде сілтілік металдармен
кальциймен, концентрлі қышқылдармен және сілтілермен жұмыс арнайы 
киімдер жеке қорғаныс құралдарын (халат, алжапқыш, қолғап, көзілдірік) 
пайдалану арқылы жүргізілуі тиіс.
2.14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет