Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы. Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. 48 с. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,85 Mb.
#15105
түріИнструкция
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина



МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ КАБИНЕТТЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

Астана - 2015

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)

Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 20 июля 2015 года)

Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.

– 49 б.

Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы. – Астана: Национальная академия образования им. И.Алтынсарина, 2015. – 48 с.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2015 © Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015




Жалпы ережелер

1.1 Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекiтiлген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар), «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына (09. 07. 2013 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес әзірленді.

1.2 Осы Нұсқаулық жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыруға және білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды нормативтік қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.

1.3 Жалпы білім беретін ұйымдардың оқу кабинеттері оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен оқыту сапасын арттыруды тиімді қамтамасыз ететін орталық болып табылады.

1.4 Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу кабинеттері Санитариялық қағидаларға сәйкес жабдықталуы тиіс:


  • оқу кабинеттерін жобалау, орналастыру және пайдалану Санитариялық қағидалардың 3-тармағына;

  • оқу кабинеттерін жиһаздармен жабдықтау оқушылардың бойына сәйкес Санитариялық қағидалардың 4-тармағына;

  • оқу кабинеттерін жабдықтау (сумен қамтамасыз ету, жылыту, жарықтандыру, желдету, микроклиматына қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар) Санитариялық қағидалардың 5-тармағына сәйкес орындалады.

1.5 Оқу кабинеттерінде оқушылардың демалуына немесе қызығушылығына қарай жұмыс жүргізулері үшін арнайы орындар қарастырылады.

1.6 Жалпы білім беретін ұйымдардың оқу кабинеттері оқушының білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуін және алған білімін оқу, практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін, логикалық, конструктивті, сын тұрғысынан ойлау негіздерін қалыптастыратын оқытудың тиімді құралдармен жабдықталуы тиіс.

1.7 Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу кабинеттері оқушының физиологиялық және психикалық дамуына, оқу-танымдық, зерттеу ісәрекеттерін ұйымдастыруға, жобалау дағдысын, шығармашылық қабілетін дамытуға, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасауы тиіс.

1.8 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қаулысына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптарында (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін ғимарат ішінде арнайы жиһаздар және жабдықтармен жасақталады.

1.9 Мүмкіндігі шектеулі балаларды кедергісіз қолжетімді оқыту үшін пандустарды, тұтқаларды, лифт және көтергіштерді, арнайы жиhаздарды, мүгедек балаларға арналған киім шешетелін орынды, бейімделген санузелді және кең кіреберістерді қарастыру қажет.

1.10 Оқу кабинеттері 4 аймақтан тұруы керек:

1-аймақ – ақпараттық (кабинеттің алдыңғы бөлігінде тақта, экран, оқушылардың көз алдына үнемі тұруы тиіс плакаттар, хабарландырулар ілінеді);

2-аймақ – жұмыс аймағы (бөлменің негізгі бөлігі мұғалімнің және оқушылардың жұмыс аймақтарынан тұрады, оған мұғалімнің үстелі мен орындығы және оқушылардың үстел-орындықтары орналасады);

3-аймақ – көрме аймағы (бөлменің артқы бөлігі оқу үдерісіне қажетті көрнекіліктер мен оқу-әдістемелік құралдарды, дидактикалық материалдарды сақтауға, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық жұмыстарын орналастыруға арналған бірнеше секциялы шкафтардан тұрады);

4-аймақ – демалыс бұрышы (үзіліс кезінде немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар демалатын немесе қызығушылығы бойынша жұмыс істейтін орын, мұнда жұмсақ дивандар мен ойын үстелдері орналасады).



1.11 Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

  1. оқу кабинеті – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен, жиһаздармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқушылармен сабақ, факультатив және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін мектептің оқу бөлмесі;

  2. оқу кабинетінің төлқұжаты – білім беру стандартының талаптарына кабинетінің сәйкесігін көрсететін, оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтайтын құжат; 3) кабинет портфолиосы:

  • электронды портфолио –компьютерде немесе қандай да бір электрондық тасымалдағышта сақталған құжаттардың жиынтығы;

  • «қағаз» портфолио – мұғалім мен оқушының параметрі мен негізгі кезеңдегі қызметін қамтып көрсететін құжаттар сақталған папка;

  1. кабинеттің жұмыс жоспары – кабинетті білім беру үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді реттейтін жұмыстар тізімі;

  2. кабинетті бағалау бланкісі – оқу кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың мүмкіндік деңгейін анықтайтын құжат;

  3. оқушының жұмыс орыны – оқушының жұмыс үстелі және орындығы орналасқан орын;

  4. мұғалімнің жұмыс орыны – кабинетте мұғалімнің білім беру үдерісін ұйымдастыруына мүмкіндік жасайтын жұмыс үстелі мен сынып тақтасы орналасқан орын;

  5. қосымша кеңістік – білім беру үдерісін ұйымдастыруға қажетті көрнекі оқу және көрсету құралдарының (графопроектор, теледидар, бейне магнитофон, аудио магнитофон, компьютер және т.б.) орналасу орны;

  6. географиялық алаң – практикалық, зерттеу-жобалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін ашық аспан астында орналасқан зертхана;

  7. смарт-сынып – оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасайтын әмбебап интерактивті кабинет (оқу материалын дайындау, сабақ өткізу, интерактивті тестілеу, сұрау және пікірталас, оқушылар білімінің мониторингі, мектепаралық on-line сабақтарын ұйымдастыру сияқты үдерістерді қамтиды);

  8. сандық зертхана – деректерді жылдам жинақтау мен сараптауға, сонымен қатар эксперименттің нәтижесін сызбанұсқалар, графиктер, кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік беретін құрылғы;

  9. автоматтандырылған оқу-зертханалық стенділері – компьютер, ноутбук және интерактивті құрылғыларға (проекторлар, интерактивті тақталар) қосылу мүмкіндігі бар үстелмен, әдістемелік және бағдарламалық қамсыздандырумен толық жасақталған стенділер;

  10. мультимедиялық кабинет – арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген интерактивті тақтаны, компьютерді және фото, бейне, графиктер, анимация және дыбыстың көмегімен нысандарды, үдерістерді және

  11. құбылыстарды ұсынуға мүмкіндік беретін жергілікті желіден тұратын бөлме;

  12. ТВ-технологиялар – білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен сонымен бірге, ақпараттық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ететін, өзара іс-әрекетті ұйымдастыратын теледидардың эфирлік, кабельдік және спутниктік желілерін қолдануға негізделген жүйе;

  13. желілік технология – оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың мұғаліммен және бір-бірімен интерактивтік өзара әрекет түрін, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу үдерісін әкімшілендіруді қамтитын технология;

  14. кейстік технология – қағаз, электронды және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтығына (кейстерге) және оларды өз бетінше зерделеу үшін білім алушыларға жеткізуге негізделген технология;

  15. Қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыратын білім беру ұйымының интернет-ресурсы – білім беру үдерісінің қатысушылары үшін әкімшілік-академиялық ақпараттары бар интернет-ресурсы;

  16. ақпараттық-білім беру порталы – ҚБТ бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық оқу-әдістемелік ақпараты бар, ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің желілікұйымдастырушылық өзара байланысқан жиынтығы;

  17. контент – оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар, мультимедиалар және басқа да маңызды толықтырулар) толықтыру;

  18. мультимедиа – пайдаланушыға диалогтық режимде әр текті деректермен (графика, мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;

  19. қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиясы – электронды тасмалдағышта оқу материалдарын құру, беру және сақтау технологиясы, оқу үдерісін ұйымдастыру мен қолдау ақпараттық-телекоммуникациялық

  20. технологиясы;

  21. ақпараттық-білім беру ресурсы – білім беру сипатында қалыптастырылған ой мен білім, әртүрлі деректер, оларды жинақтау әдістері мен құралы, ақпараттар көзі мен тұтынушылар арасындағы алмасу мен сақтау;

  22. тестілеу кешені – білім беру үдерісінің барлық деңгейінде білім алушылардың оқу материалдарын меңгеру дәрежесін анықтау үшін

  23. қолданылатын бағдарламалық құрал;

  24. электрондық оқу-әдістемелік кешен (ЭОӘК) – білім беруге негізделген, оқыту үдерісінің дидактикалық циклінің толықтығын және сабақтастығын қамтамасыз ететін, теориялық және практикалық материалдарды жүйелеуді және ұйымдастыруды қамтитын Мультимедиалық бағдарламалар өнімдері.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет