Инструкция по планированию учебных занятий



Дата10.07.2017
өлшемі112,15 Kb.
#20977
түріИнструкция




СИСТЕМА МЕНЕДЖМЕНТА КАЧЕСТВА

МЕТОДИЧЕСКАЯ ИНСТРУКЦИЯ ПО ПЛАНИРОВАНИЮ УЧЕБНЫХ ЗАНЯТИЙ



Ред 1














Сабақ жоспары №

План учебного занятия №

Күні Пән Қазіргі қазақ тілі Тобы ШК-13-9

Дата Предмет Группа

Оқытушының Т.Ә.А Жахметова Б.К.

Ф.И.О. преподавателя
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі оқшау сөздер, түрлері.

С

Тема занятия ______________


Сабақтың түрі және типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы

Тип и вид занятия _______


Мақсаты: оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту, оқшау сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгілерінің қойылу себептерін меңгерту, ережелерін қайталау, пысықтау, өздігінен талдату арқылы қорытынды шығарту.
2. Міндеттері:

Задачи


а) Білімдік қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің бір-бірінен негізгі өзгешеліктерін қайталау арқылы тиянақты білім беру анықтамаларын жатқа айтып, мысалдарын тауып айту;

обучающие ______________

ә) тәрбиелік ұлттық дәстүрлерді бағалай білуге, халқын, салтын сүюге шақыру. Өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті мәдениетті азаматын тәрбиелеу.

Пәнге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру, ұжымдыққа, саналылыққа, ізденіске, адамгершілікке тәрбиелеу.
воспитательные _________

б) дамытушылық: одағай, қаратпа, қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрату; мәтін ішінен табу, тыныс белгілерін ажырата білу дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;



ІІ. Күтілетін нәтиже.

Ожидаемые результаты:

а) оқушылар түсінуі тиіс: Сөйлемдегі оқшау сөздер, түрлері туралы ғылыми – теориялық материалды толық меңгеруі тиіс. ______________

должны понимать _________________________________

ә) оқушылар құндылық бағдары болуы практикамен ұштастыра білу туралы бағдары болуы керек.

должны иметь ценностные установки

б) оқушылар жасай біледі лингвистикалық талдау жасай біледі, өзіндік ой тұжырымдар жасайды, кәсіби шеберлігі қалыптасады.

должны уметь

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Студент дайындығын қадағалау, сабаққа бейімдеу.

  2. Сабаққа деген қызығушылығын ояту, назарларын сабаққа аудару;

  3. Сабақ барысымен таныстыру, мақсат міндеттерін айқындау:

  4. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, келген қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.

Психологиялық дайындық

Назарымызды экранға аударайық.



  1. Қазір «Туған еліміз» туралы видео көреміз. Алған әсерлерімізді оқшау сөздер арқылы жеткізуге дайындалып отырамыз.

  2. Сұрақтар: Осы көрген бейнероликтен қандай әсер алдыңдар? (Алған әсерлерімен бөлісу)

  3. Туған жерге, Отанға деген мақтаныш сезімдеріңді, әсерлеріңді қандай өлең жолдарымен бөлісе аласыңдар?

  4. Елімізге байланысты қандай мерейлі мереке аталып өтілді? (Қазақ хандығына 550 жыл)

  5. Өздерің мысал келтірген өлең жолдарынан қандай оқшау сөздер көбірек кездесті?

  6. Оқшау сөздер тіл білімінің қай саласында өтіледі?

«Ой қозғау» сұрақ-жауап.

-Синтаксистің зерттеу объектісі?

- Жауабы: -Тіл білімінің бір саласы. Грек тілінде «құрау, құрастыру, ретке келтіру» деген мағынаны білдіреді. Синтаксис сөйлем, оның түрлерін, сөз тіркестерін, байланысу жолдарын зерттейді.

-Сөйлем дегеніміз не?

- Жауабы: Біршама тиянақты ойды білдіретін бір сөзді немесе бірнеше сөз тіркестері сөйлем деп аталады.

-Сөйлемнің қандай түрлері бар?

- Жауабы: Сөйлем мағынасына қарай жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.

- Жай сөйлемнің түрлері?

- Жауабы: жай сөйлемнің түрлері: хабарлы, сұраулы, бұйрықты ,лепті.

-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

- Жауабы: Сөйлем ішінда мағына жағынан да, тұлға жағынан да бір-біріне байланысып айтылған бір сұраққа жауап беретін бір сөзді немесе сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейді.

-Оқшау сөздер дегеніміз не? Оның түрлері?

- Жауабы: Оқшау сөздер - сөйлемнің құрамында тұрса да басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше. Оның түрлері: қаратпа, қыстырма, одағай.

Графикалық диктант

(Берілген сөйлемдер арқылы одағай, қыстырма, қаратпа сөздердің графигін сызу,

тыныс белгілерін ажырату)

Диктант:


  1. Апыр –ай, қалай барам, қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?

  1. Ана керек, о адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

  1. Па, шіркін, туған жер!

  2. Ең бастысы, табиғатпен тіл табыса білуге ұмтылдым.

  3. Қасиетті де қастерлі Жер – Ана, сен бәрінен де ыстықсың!

  4. Бәрекелді, жарайсың, сұңқарым!

  5. Бабаларымыздан қалған асыл мұраны жадымызда ұстайық, жастар!

  6. Ананың махаббатын тілмен айтып жеткізе алар ма, сірә.



Одағай


Қыстырма


Қаратпа


  1. 1 2 3 4 5 6 7 8



  1. Бағалау критерийлері «5» - 0

«4»-1

«3»-3


«2» -4

  1. Бірін-бірі тексеру

  2. Үлгі бойынша тексеру (дұрыс жауабы көрсетіледі.)


ІІ. Мағынаны ажырату. (Кубизм стратегиясы)

Суреттеңіз.

Слайд №1. (Интерактивті тақтада Балқаш көлінің бірнеше көріністері)



Тапсырма: Ұсынылған видеролик бойынша одағайларды қатыстырып,

Балқаш көлінің көркемдігін суреттейтін мәтін құраңдар.



Мысалы: « О-о, ғажап! Балқаш көлі қандай керемет! Алып көл, сенің сұлулығыңа сөз жетпейді –ау! Пай! Пай! Жағаңдағы жасыл құрағың мен ақшағыл құмдарыңда аунасам құмарым бір қанар ма?

Шіркін, жаздың ыстық күндерінде суыңа шомылғанға не жетсін!»



2. Ізден, зертте.

Таратпа материалмен жұмыс.(Интерактивті тақтада мәтін берілген.)



Тапсырма: мәтіннен қыстырма сөздерді белгіле, тиісті тыныс белгісін қой.

1-карточка: «Бұл келе жатқандар, байқауымша, біздің ауылдың жігіттері. 2-карточка: Шамасы, қонаға келе жатыр. Жүрістері тым суыт. Тегі, асығыс болар.

3-карточка: Бір түнеп, аттарын шалдырып, таң-ата аттанып кетеді-ау, сірә.

(Қыстырма сөз) Қыстырма сөздер: байқауымша, шамасы, тегі, сірә-сөйлемде үтірмен ажыратылады.


3.Талда

Интерактивті тақтамен жұмыс

Бір кісі бармақтай құсты алып, торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей, «Отан, отан,отан...» деп, шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да отаны болғаны ма, ал отаны болса, қайда екен? Бәлкім, ол жұмақ ағаштары өсіп, жұмақ құстары ұя салған гүл жинаған өлке шығар. Құсты босатып жіберейін де ұшқан жағына қарап, әлгі ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын»,-деп ойлайды. Сөйтіп, торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып, бар болғаны он қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен. Демек, «Отаны- ұя салған жері болады ғой?» -деп ойлайды жаңағы адам.

Авар халқының аңызы

Тапсырма: Мәтінді оқыту.

- Оқылған аңыз –әңгіменің мазмұны бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

- Мәтін ішінен оқшау сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажырату.

- 2- сөйлемге синтаксистік талдау жасау, қыстырма, қаратпа сөздерді тауып, фонетикалық

талдау жасау.


  • Осы мәтінге қатысты қаратпа сөзге сөйлем құра.

Тапсырма:

  • сөйлемге синтаксистік талдау жасау:

Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей, «Отан, отан,отан...» деп, шырылдай береді.

  • Бәлкім, сөйтсе, демек, бәлкім – қыстырма сөз, мағынасы: ...

Фонетикалық талдау:

  • Құстары- морфологиялық талдау

4. Қолдан. Схема бойынша сөйлем құра. Тыныс белгісіне көңіл аудар.

  1. __________, , _______! Одағай

  2. ,­­­­_____, _ _ _ Қыстырма сөз

  3. , ____ ____ . Қаратпа сөз


5.Ассоциация құру. Оқшау сөздердің тыныс белгілері, ерекшеліктері.


Одағай сөздері бар сөйлемдердің соңына леп (!) белгісі қойылады.

Оқшау сөздерге сұрақ қойылмайды



Оқшау сөз




Қыстырма, қаратпа сөздер сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады.




Оқшау сөздер сөйлем мүшесі болмайды


6. Салыстыр. Оқшау сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен салыстыру.


  • Қыстырма сөз - Вводные слова - ережесін айту.

  • Қаратпа сөз - обращение - мысалдар келтіру

  • Одағай сөз - междометия - мысалдар келтіру

Ал, осы оқшау сөздер ағылшын тілінде кездеседі.



  • Кесте (әр елдің тулары)

Қазақ тілі (ту)

орыс тілі (ту)

ағылшын тілі (ту)


Біріншіден, екіншіден, үшіншіден

Во-первых, во-вторых, в-третьих

First, second, third.


Бір жағынан


С другой стороны

On the on hand


Жалпы алғанда

В итоге


In summary




  • Ситуациялық ойын: қаратпа – обращение - ағылшын тілінде (дауыс)

  • Күнделікті өмірде, киноларда ағылшын тілінде қалай қаратпа сөз қалай қолданылады?


Практикамен байланыс. Қаратпа сөздер

  • Сендер болашақ мұғалімсіндер. Мектепке практикаға барғанда қазақ тілінен меңгерген теориялық білімдеріңді көрсете білулерің керек.

  • Осы өтілген тақырыптар бастауыш сыныптың қазақ тілі бағдарламасында қалай берілген? Әр қатарға алдын - ала берілген тапсырмаларды тексереміз.

1-қатар: 2 сынып «Қазақ тілі» (кесте түрінде)

2-қатар: 3 сынып «Қазақ тілі» (слайд)

3-қатар: 4 сынып «Қазақ тілі» (көрнекілік)


  • Ал, осы оқшау сөздерді практикада қалай өткізуге болады? 4 курс студенттері сіздерге шеберлік сабағын ұсынады.

  • Бақытгүл 4-сынып қыстырма сөз

  • Әйгерім 3-сынып қаратпа сөз

  • Ал, осы сабақ туралы өз ойларыңды білдіріңдер.



Ой шақыру: «Мәңгілік ел елтаңбасы»

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.
«Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы.

Тапсырма:

  1. Мәтінді оқу

  2. Оқшау сөзді табу

Кіріспе сөз: Елбасы Жолдауымен бәріміз таныстық. Бұл Жолдауда білім саласына үлкен мән берілген.
Шығармашылық жұмыс.

  1. Сіздердің назарларыңызға аудиожазба ұсынамыз. Мұқият тыңдап, ой жинақтап, тұжырымды қорытынды жасаймыз.

  2. Тыңдау.

  3. «Нұрлы жол-білім жолы» тақырыбында ойтолғау жазу.

  4. Оқу, тексеру.


Қорытынды.

«Түйсік болып, қансаң білім нәріне, жетер қолың ой-тілектің бәріне»



(Жүсіп Баласағұни)


Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?









Үйге тапсырма:

  1. Жоспар бойынша оқу

  2. Көркем шығармадан оқшау сөздерге сөйлемдер жазу

  3. «Қазақ тілі» Мырзаханова 255-жаттығу

Білімді бағалау:

КГКП «БГТК» 2015 Конфиденциально Страница из



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет