Хладагенттердің физика-химиялық және физилогиялық қасиеттері.
Хладагенттердің негізгі физика-химиялық қасиеттеріне электр өткізгіштігі, суда және майда ерігіштігі және құрылымдық материалдармен әсерлесуі жатады.
Аммиак суда жақсы ериді, ал майда мүлдем ерімейді және электр тогын өткізеді.
Фреондар керісінше: майда жақсы ериді, ал суда мүлдем ерімейді және электр тогын өткізбейді.
Салқындатушы қондырғыларды қауіпсіз пайдаланудағы хладагенттердің ең басты қасиеттері: усыз болуы және өрт және жарылыс туғызбауы. Хладагенттердің аталған қасиеттері физиологиялық деп аталады.
Хладагенттің улылығы оның салыстырмалы қасиеті. Оны хладагенттің ауадағы қауіпті концентрациясы арқылы сезеді. Егер бөлмедегі ауада оның концентрациясы ауаны ығыстырып жіберіп, адамдардың тыныс алуын қиындатса, хладагенттер улы деп саналады. Улылықты улылық көрсеткіші еселеуіші арқылы бағалайды [10]:
, (9.2)
мұнда р20 - хладагент буларының 20 °С - температурадағы тығыздығы, ал ПДК – хладагенттің ауада шекті мүмкін болатын концентрациясы, мг/м3.
ПДК және Кmо шамаларының жиі қолданылатын бірнеше қатар хладагенттер үшін мәндері төмендегі кестеде көрсетілген.
9.1 Кесте - ПДК және kТО мәндері
Хладагент
|
ПДК, мг/м3
|
Кmo x 10-3
|
|
|
|
R11 - фреон 11
|
1000
|
15
|
R12 – фреон 12
|
300
|
9
|
R22 – фреон 22
|
3000
|
10
|
R502 - фреон 502
азеотропты қоспа
|
3000
|
20
|
R717- аммиак
|
20
|
300
|
КГКП «БГТК» 2020 Конфиденциально Страница из
Достарыңызбен бөлісу: |