Инструкция по планированию учебных занятий



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі80,5 Kb.
#80248
түріИнструкция
  1   2   3   4
Байланысты:
КМ 16 ТТО №2 ТТ-17-9





СИСТЕМА МЕНЕДЖМЕНТА КАЧЕСТВА
МЕТОДИЧЕСКАЯ ИНСТРУКЦИЯ ПО ПЛАНИРОВАНИЮ УЧЕБНЫХ ЗАНЯТИЙ

Ред 1













Хладагенттер және салқын тасығыштар.
Салқындатушы агенттің (хладагенттің) қатысуымен бу компрессиялық машинада, кондиционерде кері айналмалы процесс, немесе айналым жүзеге асады [8,9]. Идеал бу компрессиялық машина келесі негізгі төрт элементтен тұрады: буландырғыш, компрессор, конденсатор, кеңейткіш.
Хладагент салқындатылатын ортадан жылуды жұтады да, буландырғышта өте төмен температурада t0 қайнап, буға айналады , кейін бойындағы жылуын конденсаторда, оны салқындататын ортаға(ауаға, суға) береді, сол кезде хладагент шықтану температурасында tk будан сұйыққа айналады.
Хладагент ретінде өздеріне тән ерекше термодинамикалық, физика-химиялық және физиологиялық қасиеттері бар заттарды қолданады, олар салқындатушы машинаны қауіпсіз және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Хладагенттің термодинамикалық қасиеттері оны пайдаланудың энергетикалық тиімділігін сипаттайды, яғни бірлік салқын өндіру үшін шығындалған ең аз энергия мөлшерін көрсетеді.
Салқындатушы машина өндірген салқын мөлшерінің Q0, осы салқынды өндіруге жұмсалған қуатқа N қатынасы салқындату еселеуіші деп аталады
. (9.1)
Әдетте салқындатушы техникада бұл шаманы салқындатушы машинаның энергетикалық тиімділігі сипаттамасы ретінде қолданады. Хладагенттің маңызды сипаттамасы болып, оның меншікті булану жылуы r, кДж/кг саналады, себебі ол салқын өндірулікке және салқындату еселеуішіне көп әсерін тигізеді. Неғұрлым r шамасы жоғары болса, соғұрлым компрессор будың v, м3/кг меншікті көлемін азырақ сорып алады, яғни компрессор аз бу мөлшерін сығымдаса, оған сәйкес аз энергия шығыны болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет