9-есеп.Үшбұрыштың бұрыштары. АВС үшбұрышының В төбесіндегі бұрыш 48°-қа тең, ал С бұрышымен сыбайлас бұрыш – 102°.
1-сұрақ. АСВ бұрышының шамасы қанша?
Жауабы: ______ .
2-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша?
Жауабы: ______ .
3-сұрақ. Үшбұрыштың А төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
4-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
10-есеп.Теңбүйірлі үшбұрыш. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыштарының қосындысының мәні 318°.
1-сұрақ. Үшбұрыштың төбесіндегі ішкі бұрышы доғал бұрыш болуы мүмкін бе?
Жауабы: _______ .
2-сұрақ. Берілген үшбұрыштың бұрыштарының шамалары неге тең?
Жауабы: ________ .
11-есеп.Үшбұрыштың бұрыштары АВС үшбұрышының С төбесіндегі бұрыш 57°-қа тең, ал А бұрышымен сыбайлас бұрыш – 163°.
1-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша?
Жауабы: ______ .
2-сұрақ. АВС бұрышының шамасы қанша?
Жауабы: ______ .
3-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
3-сұрақ. Үшбұрыштың С төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .