Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий



бет33/78
Дата27.03.2022
өлшемі7,99 Mb.
#136952
түріИнструкция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Байланысты:
Пиза тапсырма жинағы NAO

2.3 Математикалық сауаттылығы




1-есеп. Жанармай.
2016 жылы 1 литр бензин 125 тг тұрады. Ал 2007 жылы ол 23,2%-ға қымбат болған.
1-сұрақ: Бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай?
Жауабы: __________
2-сұрақ: Бензиннің бағасы 2007 жылмен салыстырғанда 2016 жылы қанша теңгеге қымбат?
Жауабы: __________


2-есеп. Киім тігу.
Тігін шеберханасында көйлек тігуге 600 м матаның 420 м мата кеткен және одан 84 көйлек тігілген.
1-сұрақ: Барлық матаның қанша пайызы көйлек тігуге жұмсалды?
Жауабы: __________
2-сұрақ: Үш көйлек тігуге қанша метр мата жұмсалған?
Жауабы: __________
3-сұрақ: 600 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады?
Жауабы: __________


3-есеп. Қозғалыс.
Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы шамамен 450 км. Осы арақашықтықты картада бейнелеу қажет.
1-сұрақ. Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы картада 8 см болу үшін картаны қандай масштабта алу қажет?
Жауабы: _______.
2-сұрақ. Егер картаның масштабы 1: 1000 болса, онда 450 км қанша сантиметрге тең болады?
Жауабы: ________ .


4-есеп. Қозғалыс.
Масштабы 1:190 картада Алматы қаласы мен Қостанай қаласының арақашықтығы 10 см-ге тең.
1-сұрақ. Алматы мен Қостанай қалаларының арақашықтығы қанша километрді құрайды?
Жауабы: ________ .
2-сұрақ. Егер 100 км-ге 8 л бензин қажет болса, онда осы қалалардың аралығына қандай мөлшерде бензин жұмсалады?
Жауабы: ________ .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет