6-есеп. Билет бағасы.
Үш ересек және төрт баладан тұратын отбасы Астана қаласынан Алматы қаласына баруға жиналды. Барлығына баруға және кері қайтуға билеттер сатып алу қажет.
10-кестеде Астана – Алматы қатынасындағы пойыздардың плацкарт вагонының билет бағасы көрсетілген.
10-кесте – Плацкарт вагонға билеттің бағасы
№
|
Жол бағыты
|
Жолдағы уақыт
|
Билеттің бағасы
|
Ересектер
|
Балалар
|
002
|
Астана – Алматы 2
|
12 сағ 38 мин
|
13471 тг
|
6736 тг
|
004
|
Астана – Алматы 2
|
19 сағ 09 мин
|
3776 тг
|
1888 тг
|
016
|
Петропавл – Алматы 2
|
22 сағ 39 мин
|
3376 тг
|
1688 тг
|
010
|
Астана – Алматы 1
|
18 сағ 58 мин
|
3776 тг
|
1888 тг
|
043
|
Костанай – Алматы 1
|
20 сағ 15 мин
|
4986 тг
|
2493 тг
|
1-сұрақ. Пойыздардың жолына кететін уақыттарын және билеттерінің бағаларын салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңдар.
Жауабы: ____ .
2-сұрақ. Дұрысы қай пойызға билет сатып алу керек? Жауабын түсіндіріңіздер.
Жауабы: ____ .
3-сұрақ. Пойызбен баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең аз сомасы қандай?
Жауабы: ____ .
4-сұрақ. Баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең арзан және ең қымбат бағаның арасындағы айырмашылығы қандай?
Жауабы: ____ .
7-есеп. Астана қаласы тұрғындарының саны.
Қазақстанның астанасы Астана қаласы бүгінгі күнде тез өркендеуде. Халқының саны да жылдан жылға өсуде.
11-кестеде Астана қаласының 1989 ж., 2000 ж., 2005 ж., 2010 ж., 2014 ж., 2015 ж. тұрғындарының саны берілген.
11-кесте – Астана қаласы тұрғындарының саны
Жыл
|
1989 ж
|
2000 ж
|
2005 ж
|
2010 ж
|
2014 ж
|
2015 ж
|
Тұрғындар саны
|
281252
|
381000
|
529335
|
649139
|
814401
|
852985
|
1-сұрақ. 1989 жылмен салыстырғанда 2015 жылы тұрғындардың саны қанша пайызға артты?
Жауабы: _______.
2-сұрақ. Пайызбен есептегендегі тұрғындардың орташа өсуі қандай?
Жауабы: _______.
3-сұрақ. Астана халқы өсуінің осындай пайызы сақталатын болса, онда Астана тұрғындары неше жылдан кейін миллионнан асады?
Жауабы: _______.
8-есеп. Көлдер.
Әлемдегі аса ірі көлдер қатарында бірінші орында Каспий теңізі, оның бетінің ауданы 371 мың км2 құрайды, жетінші орында Байкал көлі, оның ауданы Каспий теңізінің ауданынан 339278 км2-ге кем, ал Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан Балқаш көлінің ауданы Каспий теңізінің ауданынан 356400 км²-ге кем және ол он үшінші орында тұр.
1-сұрақ. Байкал көлінің және Балхаш көлінің ауданы қанша шаршы километрді алып жатыр?
2-сұрақ. Әрбір көлдің ауданы қанша гектарды алып жатыр? (1 га = 10000 м2, 1км 2 = 1 000 000 м2).
Жауабы: _______.
3-сұрақ. Жуық шамамен Каспий теңізінің ауданы Байкал көлі мен Балқаш көлінің ауданынан қанша есе артық (жеке алғанда)?
Жауабы: _______.
4-сұрақ. Барлық көлдердің ауданы неге тең? Жауабын гектармен жазыңдар.
Жауабы: _______.
9-есеп. Омыртқалы жануарлар.
12-кестеде біздің республикамыздың аумағында мекендейтін омыртқалы жануарлар саны туралы кейбір деректер көрсетілген.
12-кесте – Қазақстандағы омыртқалы жануарлар саны
Достарыңызбен бөлісу: |