18-есеп.Фигураның биіктігі. Биіктігі 30 см конус пішінді мыс тетік цилиндр етіп қайта балқытып құйылды, оның табанының радиусы осы конус пішінді тетіктің шеңбері радиусына тең.
Сұрақ. Цилиндр қандай биіктікте болады?
Жауабы: _______ .
19-есеп.Қозғалыс. Екі пойыз 60 км/сағ және 65 км/сағ жылдамдықпен бір-біріне қарсы жүріп келеді. Үш сағаттан кейін олардың арасы 250 км болды. .
1-сұрақ. 3 сағ-та әр пойыз қанша километр жүріп өтті?
Жауабы: _______ .
2-сұрақ. Пойыздар қанша сағаттан кейін кездеседі?
Жауабы: ________ .
20-есеп. Шаршы. Қабырғасы 8 см болатын шаршы пішінді қағазды 21-суретте көрсетілгендей сызықтар бойымен бүгіп үшбұрышты пирамида жасалды.
Сұрақ. Шыққан дененің көлемін неге тең?
21-сурет
21-есеп.Көпбұрыштар. Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген (22-сурет). Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
22-сурет
1-сұрақ. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Суретте ауданы ең кіші болатын қанша тікбұрыш үшбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Суретте қанша тең бүйірлі үшбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
4-сұрақ. Суретте қанша ромб кескінделген?
Жауабы: ___________.
22-есеп.Қозғалыс. Бірінші пойыздың жылдамдығы 70км/сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан 5км/сағ-қа кем.
1-сұрақ. 5 сағ-та әр пойыз қанша километр жол жүреді?
Жауабы: _______ .
2-сұрақ. Егер ұзындығы 270 км жолда пойыздар бір-біріне қарама-қарсы бағытта бір мезетте қозғалатын болса, онда қанша сағаттан кейін кездеседі?
Жауабы: ________ .
23-есеп. Бұрыштар.
Егер РОК = 230 бұрыш болса, онда АВС бұрышы неге тең (23-сурет)?
23-сурет
24-есеп. Бұрыштар.
Егер КВР үшбұрышы тең қабырғалы үшбұрыш болса, онда АВС бұрышы неге тең (24-сурет)?
24-сурет
25-есеп. Бұрыштар.
Егер ВО сәулесі СВР бұрышының биссектрисасы, ВР сәулесі СВК бұрышының биссектрисасы, бұрыш АВС = 220 және АВК бұрышы тік болса, онда СВО бұрышы неге тең (25-сурет)?