14-есеп.Ойыншықтар дүкенінде. Ойыншықтар дүкеніндегі әр түрлі үстел үстіндегі ойын түрлерінің бағалары келесі 14-кестесінде көрсетілген.
14-кесте
Ойыншық түрлері
А
В
С
D
E
F
G
Бағалары (теңге)
1130
1500
1030
920
850
4100
3250
1-сұрақ. Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншық түрлері санын табыңдар.
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Әкесі кішкентай қызына екі әр түрлі ойындар сатып алды, оған ол 2500 теңгеден кем ақша жұмсады. Мұнда сауданың нұсқалары санын табыңдар.
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Егер үш ойыншық сатып алса, дүкенде барлық саудаға 20% жеңілдік беріледі. Әкесі қызына қандай үш ойыншықты сатып алуына болатынын жазыңдар.
Жауабы: ___________ .
15-есеп.Бөлмені жөндеу. Офис бөлмесін жөндеу қажет. Айдос бұл жұмысты үш күнде, Ербол осы жұмысты төрт күнде, ал Мейрам бес күнде орындайды. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
1-сұрақ. Олар бұл жұмысты бірге қанша уақытта орындайды?
Жауабы: ___________ .
2 сұрақ. Егер алдымен Айдос бір өзі үштен бір бөлігін, сосын қалған бөліктің жартысын – Ербол, ал ендігі қалғанын – Мейрам орындаса, барлық жұмыс қанша уақытта орындалады?
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Барлық жұмысты кім тезірек орындыйды: Айдос бір өзі ме, әлде Ербол мен Мейрам бірге жұмыс істесе ме?
Жауабы: ___________ .