1 TIMSS халықаралық зерттеулерiне 8-сынып оқушыларын дайындайтын есептер жинағы
1.1 Тапсырмаларды орындауға нұсқау
TIMSS математика және жаратылыстану ғылымының білім сапасын халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеу жалпы балім саласындағы негізгі мониторингтік зерттеулер болып табылады. Ол математика және жаратылыстану ғылымының білім саласындағы білім тенденциясын бақылауға көмектеседі. Зерттеу барысында бастауыш мектептердегі 4 сынып және 8 сынып оқушыларының жетістіктері бағаланады.
8-сынып оқушыларын TIMSS халықаралық зерттеулерiне дайындауға арналған жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «География», «Биология», «Химия», «Физика» пәндерінен және екінші бөлімде «Математика» пәнінен тапсырмалар берілген.
Жаратылыстану Ғылыми-жаратылыстану циклі бойынша тапсырмалар TIMSS халықаралық зерттеулері тапсырмаларының жасалуы құрылымына сәйкес әзірленген.
1-кесте – Жаратылыстану бойынша тапсырмалар
Мазмұндық бөлімдер
Биология: ағзадағы сипаттамалар мен тіршілік процестері; жасуша және оның функциялары; ағзадағы тіршілік циклдары, көбею және тұқым қуалаушылық; әртүрлілік, бейімділік және табиғи сұрыптау; адам және оның денсаулығы; экожүйелер.
География және астрономия: Жер құрылысы және оның физикалық сипаттамасы; жергілікті процестер; тарих және циклдар; жер ресурстары және қоршаған ортаны қорғау; Күн жүйесіндегі жер.