Сандар бөлімінатурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция ұғымдарын түсінумен қатар оларды түрлі есептерді шығаруда қолдану біліктігін қамтиды.
Алгебра бөлімінің сұрақтары математикалық ситуациялық есептерді шығару кезінде заңдылықтарды анықтау мен алгебралық символдарды қолдануға бағытталған.
Геометрия бөлімінің тапсырмаларын орындау барысында оқушылар жазықтықтағы және кеңістіктегі фигуралардың, қабырғалардың ұзындықтарының, бұрыш өлшемдерінің қасиеттеріне талдау жүргізе білуі керек.