Выполни
|
Тест
1.Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
А) Сөз таптарын. В) Тіл дыбыстарының жүйесін. С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін.
Д) Сөз құрамын. Е) Сөз мағыналарын.
2. Жуан да жіңішке де болатын дыбысты табыңыз.
А) О. В) Е. С) У. Д) А. Е) Ө.
3. Қатаң дауыссызға басталып, қатаңға аяқталған сөздер қатарын көрсетіңіз.
А)Асқар, тау, базар В)Алып, доп,кел С)Ұлт, болашақ, жан Д)Мал, киіз,отау Е)Қас, шаш,құқық
4. Үнді дауыссыз дыбыстармен басталған сөздерді көрсетіңіз.
А) Қазына, әдіс, ұят. В) Наурыз, райхан, мереке. С) Кездік, серік, бой. Д) Отбасы, шығыс, әлем. Е) Дауыл, бөлме, доп.
5. Жер-су аттарына қатысты жалқы есімді табыңыз.
А) Төле би. В) Асанқайғы. С) «Ботагөз» Д) Ақтөбе. Е) «Астана хабары»
6. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Көл. В) Құс. С) Көлшік. Д) Төсек. Е) Қой.
7. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.
А) Белдік. В) Сағат. С) Білім. Д) Кітап. Е) Қызметкер.
8. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Досы. В) Олар. С) Біздер. Д) Сабағың. Е) Біреу.
9. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Әп-әдемі. В) Кемдеу. С) Аласалау. Д) Сарғылт. Е) Көкшіл.
10. «Қой аузынан шөп алмас» фразиологизмі қандай мінезді білдіретінін табыңыз.
А) Қатал. В) Момын. С) Тентек. Д) Сараң. Е) Жалқау.
11. Жинақтың сан есімді табыңыз.
А) Төрттен бір. В) Бір. С) Жетеу. Д) Үшінші. Е) Сегіз.
12. Топтау сан есімді көрсетіңіз.
А) Әркім. В) Туып-өскен. С) Әйгілі. Д) Үш-үштен. Е) Бәйтерек.
13. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір. В) Ешкім, ешқайсысы. С) Бірдеме, біреу. Д) Өзің, өздері. Е) Түгел, тегіс.
14. Болымды етістікті табыңыз.
А) Ұшпады. В) Көрсетпеді. С) Жумады. Д) Әкелмеді. Е) Сүртті.
15. Көсемшенің жұрнағын табыңыз.
А) –ар, -ер, -р. В) –мақ, -мек. С) –а, -е, -й. Д) –ған, -ген. Е) –атын, -етін, -итын.
16. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз.
А) Елпілде. В) Бағала. С) Қалашыл. Д) Тақ . Е) Есім.
17. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.
Я, яки, не, немесе.
А) Талғаулықты В) Қарсылықты С) Іліктес Д) Ынғайластық Е) Себеп-салдар
18. Себеп –салдар салаластың шылауларын табыңыз.
А) Өйткені, сондықтан, сол себепті. В) Сондықтан, және, әрі. С) Өйткені, сол себепті, бірақ
19. Сөйлемнің ортасында келген қыстырма сөзді табыңыз.
А) Бүгін күн ашық екен, әйтеуір. В) Біріншіден, Асқардың жасы кіші. С) Қысқасы, сен үйде отырасың. Д) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын. Е) Әлбетте, сенікі дұрыс.
20. Себеп – салдар пысықтауышты табыңыз.
Қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.
А) Жұмыс. В) Көп. С) Игеру үшін. Д) Жасалып жатыр. Е) Қара алтынды.
|
|