Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту»



бет2/4
Дата08.11.2023
өлшемі36,15 Kb.
#190071
түріИнструкция
1   2   3   4
Байланысты:
2 n s a- GB

Лексико-грамматический блок
Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных».
1. Синоним болатын сөз қатарын белгілеңіз.
A) дос, жолдас
B) ұзын, қысқа
C) жаман, тартымды
D) қызық, сұлу
E) кең, жуық

2. Отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Мектеп – кеме, білім – теңіз.
B) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
C) Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.
D) Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке.
E) Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.

3. Қатаңнан басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгілеңіз.
A) қарағай
B) намыс
C) жануар
D) қуаныш
E) аспан

4. Жуан дауысты дыбыстардың қатарын көрсетіңіз.
A) а, о, ұ, ы.
B) ә, ы, і, о.
C) а, ө, ұ, і.
D) і, о, ө, ү.
E) ы, ү, е, ә.

5. Түбірлес сөздерді анықтаңыз.
A) Сан, сандықша.
B) Бел, белдік.
C) Көр, көрпе.
D) Көл, көлем.
E) Өзен, өзіндік.

6. Жұрнақ арқылы жасалған тіркесті анықтаңыз.
A) көңілді адам
B) пәніңді білу
C) үйімізді салу
D) қасықты алу
E) күзді сағыну

7. Күрделі етістікті табыңыз.
A) Жазып отыр.
B) Қанағаттанды.
C) Жүгірді.
D) Келісілді.
E) Таранды.

8. Дастарқанға қатысты болымсыз етістігі бар қатарды анықтаңыз.
A) Дастарқан үстінде әдепсіз сөз сөйлемеу керек.
B) Дұрыс тамақтану ережесін сақтау керек.
C) Тамақты әбден шайнап жұту керек.
D) Дастарқанға отырарда қол жуу керек.
E) Тамақты отырып жеу керек.

9. Баяндауыштың сұрағын табыңыз.
A) Немен?
B) Неге?
C) Неде?
D) Не істеді?
E) Нені?

10. «Неліктен?» сұрағына жауап беретін қатарды табыңыз.
A) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
B) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
C) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
D) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
E) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

11. Мақал-мәтелдерден антонимдерді белгілеңіз.
A) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
B) Күлме досыңа – келер басыңа.
C) Жаман жолдастан таяғым артық.
D) Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
E) Ағасы бардың ­– жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар.

12. «Әтеш», «көктем» сөздері қандай дауысты дыбыстардан тұрғанын анықтаңыз.
A) Қатаң дауыссыздан.
B) Жуан және жіңішке дауысты дыбыстан.
C) Тек дауыссыз дыбыстардан.
D) Жуан дауысты дыбыстан.
E) Жіңішке дауысты дыбыстан.

13. Негізгі түбір етістікті табыңыз.
A) Сана.
B) Күл.
C) Ескер.
D) Қолда.
E) Түне.

14. Мақал-мәтелдегі сан есімнің түрін анықтаңыз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
A) Бөлшектік сан есім.
B) Болжалдық сан есім.
C) Реттік сан есім.
D) Есептік сан есім.
E) Жинақтық сан есім.

15. Сөйлемді толықтыратын талғаулықты жалғаулық шылауды анықтаңыз.
Тұсаукесер тойында баланың тұсауын ... ауылдың құрметті әйелі, ... көпті көрген әже кеседі.
A) Себебі, өйткені.
B) Не, не.
C) Бірақ, алайда.
D) Егер, егер де.
E) Мен, менен.

16. Берілген сөйлемде қыстырма сөзді анықтаңыз.
Меніңше, Асан - сабырлы, салмақты, мәдениетті адам.
A) Меніңше.
B) Асан.
C) Мәдениетті.
D) Салмақты.
E) Сабырлы.

17. Жалаң сөйлемді анықтаңыз.
A) Айтыста елдің барлық жақсы істері мадақталған.
B) Олар ел ішіндегі жайларды қозғаған.
C) Айтыста ақындардың кемшіліктері сыналған.
D) Ақындар айтысты.
E) Ақындар айтысы – екі ақынның сөз өнерімен сайысы.

18. Синоним емес сөздерді көрсетіңіз.
A) Белгі, таңба.
B) Дағды, әдет.
C) Атақ, даңқ.
D) Жүрек, бүйрек.
E) Жайдары, жарқын.

19. Болымсыз етістікті анықтаңыз.
A) Айтты ма?
B) Көрме ашылды ма?
C) Болмайды.
D) Әкелдің бе?
E) Бардың ба?

20. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың сұрақтарын табыңыз.
A) Қалай? Қашан?
B) Қайтсе де? Қайткенмен?
C) Қашаннан бері? Қайтіп?
D) Қайтпейінше? Не етпейінше?
E) Қайтіп? Қашан?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет