Интерактивті технологияны оқу үрдісінде қолдану мен тиімділігін арттырудың маңыздылығы



Дата23.08.2017
өлшемі56.87 Kb.
Интерактивті технологияны оқу үрдісінде қолдану мен

тиімділігін арттырудың маңыздылығы.
А.С. Байділдаева, Қ.Ж. Құдабаев,, З.С. Халметов

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы,

Шымкент қаласы, 68.akmaral@mail.ru
Жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда инновациялық жаңа әдістер мен ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Осыған сәйкес бүгінгі күннің басты талабы- білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу–тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату болып саналады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» -делінген.

Жалпы білім берудің мақсаты– сапалы терең білімнің, саналы тәрбиенің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті, ақпараттық технологияны терең меңгерген, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі уақытта біздің қоғамымыз дамудың жаңа ақпараттық кезеңіне қадам басып келеді, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кеңінен еніп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттандыру жағдайында меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп келеді. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білуі- бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Сондықтан жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, жас ұрпақты ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету мәселелері туындайды.

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге ол жас ұрпақтың шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім беру- жеткішек ұрпақтың ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттыратын ең негізгі мақсат болып айқындалады. Соңғы жылдары білім беру компьютер, интерактивті тақта, электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, on-line сабақтар арқылы жүзеге асуда.

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалім тек қана білім үйретуші ғана емес, жас ұрпақтың өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталады. Осыған орай ол сабақ үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі- «интерактивті оқыту әдісі».

Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі, яғни интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым– қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру принциптерін қанағаттандырады, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және жеткіншектердің танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Инновациялық оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғы шарттарын қанағаттандыру керек.

Интерактивтi оқыту әдiсiнің  мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, жеткіншектерге жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде жеткіншектердің топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде жеткіншектердің таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.

Сабақта интерактивті оқытудың әдістерін қолданып, жеткіншектерге білімді даяр күйінде беріп қоймай, жеткіншектердің алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оның жауаптарын олардың өз бетiнше іздеу дағдыларын меңгертуге, ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді, нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын азаматтар тәрбиелейміз.

Инновациялық технологияларды қолдану нәтижесінде жеткіншектің оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді үйренеді.
Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап баланың берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, баланың өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру баланың сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше баланың білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл баланың білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, баланың білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі.

Интерактивті технологияны пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, жеткіншектерге көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі, әрбірінің білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Білім заңы. Алматы, 2010 ж.

  2. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

  3. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2001-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. (Жоба)

  4. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» - Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16

  5. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Егемен Қазақстан газеті. 16/І-2004 .№5

Резюме


В данной статье рассматриваются применение и эффективное повышение значимости интерактивной технологии в учебном процессе.

Summary


This article about application and effective increase of meaningfulness of interactive technology is in an educational process
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет