Түйін сөздер: Интербелсенді оқыту әдісі, химиялық компьютерлік бағдарламалар, кіріктіріп оқыту технологиясы
Қазіргі таңда химия пәнін оқытуда сан-алуан жаңа оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялар қолдануда. Сонымен қатар, заман талабына сай арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдану, студенттерге сапалы білім алуына септігін тигізуде. Осы орайда, химиялық компьютерлік бағдарламаларды оқутудың интербелсенді әдісімен кіріктіре отырып, химияны оқытудың әдіс-тәсілдері мен тиімділігін қарастыратын боламыз.
Оқытудың интербелсенді әдістемесінің басты мақсаты – оқытушыға интербелсенді оқытудың негізгі идеялары мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, интербелсенді әдіс-тәсілдермен сабақ өтуді үйретеді.
Оқытушы өтетін тақырыпқа шәкіртінің қызығушылығын тудырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды, өзіндік білім құрастырады. Оқытушы берілген сұрақтарға дайын жауап беруге ұмтылмай, шәкірттердің өздері жауаптарын табуға оңтайлы жағдай жасайды.
Оқытушы мұнда «білім көзі» емес, ол – білімге апаратын жолды нұсқаушы, ол тек қажет кезде ғана шәкіртіне жәрдемдеседі, сұрақ қояды, тапсырма береді, ақпарат ұсынады.
Қазіргі жоғары оқу орындарында химияны оқытуда интербелсенді әдіс пен химиялық компьютерлік бағдарламалардың арасындағы байланыстар анықталуда. Химия сабағының сапасын жақсартудың дидактикалық, танымдық, психологиялық негіздеріне талдау жасалу керек. Тәжірибе барысында интербелсенді әдісте компьютерлік бағдарламаларды пайдалана оқытудың әдістерінен студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшелетіндігі анықталды.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді. [1]
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интербелсенді оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Қоғамның дамуы осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады. [2]
Бүкіл әлем педагогтарының қолданысында көптеген дидактикалық әдістер орын алады. Бүгінде интербелсенді оқу әдістерін жіктеудің көптеген варианттары бар. Бұл жіктеулер интербелсенді әдістерді әртүлі тұрғыдан түрлендіреді: мазмұндық, қолдану тұрғысынан, технологиялық сипаты бойынша, т.б. [4]
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазады. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырады. [3]
Миға шабуылдың алтын ережесі – талқылауға қатысушылардың бірде бір сөзіне қарсы келмей, керісінше өз ойын ашық, қысылмай жеткізуді қамтамасыз ету. Осындай жағдайда әр түрлі ойлар пайда болып, күтпеген шындыққа келмейтін ойлар айтылады. Сол үшін миға шабуыл жасалынады. Бірақ бұл ғылыми зерттеулерде, менеджментте сәтті нәтижелерді іздеу үшін қолданылады. [3]
Мінез-құлықты өзгертуге уәж дайындау үшін тренингте талқыланатын мәселелерге қатысушылардың қызығушылығын ояту керек, бұл мәселені әрқайсысы үшін өзекті етіп жасау. Осы мақсатпен рөлдік ойын өткізуге болады. Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. [5]
Эвристикалық әңгіме проблемалық оқыту әдістемесіне жатпайды. Себебі ізденімпаздық ұжымдыққа айналып, онда ойлармен ауысу болады. оқушылар іске асырып, өзара көмектесу арқылы жетеді. Сол үшін интербелсенді әдіс ретінде қарастырады.
Дискуссия әдісі сабақтың топтық формаларында семинар – дискуссияларда, семинар – тәжірибелерде, лобароториялық және практикалық жұмыстардың нәтижелерін талқылау кезінде қолданылады. Кейде дәріс барысында дискуссия қолданылады. Мұнда дәріскер дәрісті түсіндіру кезінде студентке қысқа жауапты талап ететін сұрақтар қойып отырады. [6]
1-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |