Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері


Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі



бет31/61
Дата09.03.2022
өлшемі0,84 Mb.
#134725
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
Байланысты:
веб 2 апта

Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі
Netscape Nаvіdаtог және Іntегnеt Ехрlогег тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.
Мысал ретінде Місгоsoft Іntегnеt Ехрlогег 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp:// ftp.ге1соm.ru қатынас құру сеансын талқылап шығайық.
Браузерді іске қосу үшін жүмыс столынан немесе есептер тақтасынан Іntегnеt Ехрlогег пиктограммасын табу қажет (29.1.сурет), соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.
Іntегnеt Ехрlогег -ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас кұру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда үш терезегс мәліметтер енгізілуі тиіс Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Іntегnеt -ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.
Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Іntегnеt Ехрlогег терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
Алдымен "Адрес" өрісін карастырайық, Бұл өрісте FTP адресі былай теріледі: ftp://ftp.relcom.ru
Адрес терілген соң, "Еntег" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер кажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет