Интернационалист-жауынгерлермен кездесу



Дата19.12.2016
өлшемі53,37 Kb.
#4123
Интернационалист-жауынгерлермен кездесу

М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты

13 ақпан 2015 жыл

көрермен залы



Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ер мінезді, айбынды, батыр Ауған жерінде соғысқан ардагер ағаларымыз жайлы мағлұматтарды өз ауыздарынан естірту. Өскелең ұрпақтың бойына елін, жерін қорғай білуге, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру.

Көрнекілік: видеоролик «Олардың ерліктерімен мақтанамыз және мәңгі есімізде сақтаймыз» мектеп оқушыларының ізденіс жүргізіп, дайындағын жерлестерімізге арналған фото топтамасын көрелік.

Жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!

Ат ауыздығымен су ішіп, Ер етігімен су кешкен заманда

жауға қарсы шығып елін, жерін қорғаған айбынды да, айбарлы ержүрек батырларымыз қаншама.

15 ақпан - жер шарының соғыс оты лапылдаған Ауған, Солтүстік Корея, Венгрия, Тәжікстанда өзінің жауынгерлік, азаматтық борышын ерлікпен орындаған интерналионалист жауынгерлердің күні болып есептеледі.

Себебі 1989 жылдың 15 ақпанында Ауған жерінен совет әскерлерінің шығарылған күні еді. «Олардың ерліктерімен мақтанамыз және мәңгі есімізде сақтаймыз» 8 а сынып оқушысы Берікбай Алтынайдың ізденіс жүргізіп, дайындағын жерлестерімізге арналған фото топтамасын көрелік.

Міне осы күнге орай сіздермен интернационалист – жауынгерлермен кездесу-кеш ұйымдастырып отырмыз. Кездесу – кеш қонақтарымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:

Жерлесіміз Ауған соғысы ардагері Абдирбаев Марат Дінисләмұлы – қошемет

Келесі қонағымыз ауған соғысының ардагері Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы – қошемет.

Білім, ден шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскер-жетекші Рахимов Фархат Мәлікұлы



Жүргізуші: Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзіңің қаралы жылдармен орын алатын зұламаттың бірі Ауған соғысы еді.

Бұл қасіреттің басталуы 1978 жылы сәуір айында Ауғаныстанда мемлекетті басқару билігі үшін таластан туған төңкеріс болатын. 1979 жылы 23 желтоқсанда осы төңкерісті басу мақсатында Кеңес Одағы өз әскерін Ауған жеріне енгізді. Осылай Ауған соғысы басталып, соғыс біздің әскерлеріміз үшін 10 жылға созылып кетті. Біздің жауынгерлер үшін соғыс 15 ақпан 1989 жылы Кеңес әскері Ауған жерінен шығарылуымен ғана аяқталды.

Осы жарияланбаған соғыстың қанды қырғынына сол кездегі бүкіл Одақ бойынша 620 мың жауынгер қатысып, олардың 13 мыңнан астамы мерт болып, 53753 жауынгер елге мүгедек болып оралды, ал 22269 қазақстандық тар болатын. Олардың 924-і жау оғына ілігіп, шейіт болса, 1015 сарбаз мәңгілікке мүгедек болып оралды. Ал, 21 адам қантөгіс ұрыстардың аласапыранында із-түзсіз жоғалып кетті. Қарағанды облысынан 2 мыңға жуық адам қатысқан. Оның ішінде, 117 балқаштық жас жауынгерлер болды. Ауғанстан жерінде әскери қызметін өтеген барлық жауынгерлер «Ізгі ауған халқынан жауынгер-интернационалистке» медалімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен, үш жерлесіміз «Қызыл жұлдыз» орденімен және 5 адам «Ерлігі үшін» медалімен, 6 адам «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Оқушы тақпақ оқиды Сайранов Нүрсұлтан:

Отан үшін мерт болғанды танып, біл

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!

Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді –

Батырлардың жүрегі боп жанып тұр!

Олар – сенің таңғы шапақ, нұрың ғой!

Олар – сенің мәңгі асқақ жырың ғой!

Мәңгі алауға жиі барып әрдайым

Бас киімді қолыңа алып гүлін қой!

Қара бұлтқа орап басын Күн көкте !

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек те!

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырлады есіңде ұста, құрметте.

(Ауғанда болған әңгіме, қонақтарға сөз...) Бүгінгі кездесуіміздің қонағы- Абдирбаев Марат Дінисләмұлы Балқаш қаласы Қоңырат кентінің еңбекқор жанұясында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен Балқаш қаласының педагогикалық училищсінің дене шынықтыру бөліміне түсіп, мұғалімдік мамандығын алған. Жолдамамен жас маман алғашқы ұстаздық жолын 1985 жылы Жезқазған қаласы Қарсақпай поселкасында бастады. 1985 жылдың қараша айында Кеңес әскері қатарына алынып, Қырғыстанның Бишкек қаласындағы дайындық курсынан өткен соң, Ауғанстан жеріне әскери интернационалдық борышын өтеуге аттанды. Ауғанстандағы Хайратон қаласының Балх провинциясында орналасқан әскери автоколонна құрамында алғашқы міндетін ауыр машина жүргізуден бастады. Ауған тауларына аяқ басқан жауынгер әскери автоколоннаны бастап Хайратоннан, Пули-Хумри және Кабулға дейін әскери қару-жарақтар мен жергілікті халықтарға жүк тасымалдап отырды. Ары қарай әңгімені жалғастыру үшін жауынгер –интернационалист - аға лейтенант Абдирбаев Марат Дінислямұлына сөз кезегін берелік:



(Ауғанда болған әңгіме...)

келесі қонағымыз Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы, бірінші Мұрат Жолдасбайұлының өзі даярлап, жинап жүрген таспаға түсірілген естелік, өлең жинақтары бар екен. Содан бір үзінді көрелік.



видеоролик

1 наурыз 1966 жылы Жамбыл облысы, Шу қаласында туған. 1971 жылы отбасы Саяқ поселкасына көшіп келеді. Мұрат Жолдасбайұлы сол жерде 8 жылдықты бітіріп, Москвадағы ГПТУ-73 оқу орынында оқып, столяр-паркетшік деген мамандық алады. Оқу оқып жүргенде спорттың түр-түрімен айналысады., каратэ, ауыр атлетика т.б. Ауыр атлетикадан ІІІ разряды бар. Сонымен қатар парашютпен секіруді ұнатқан, 6 парашюттік секірісі бар, оның әрі қарай әскерге алынғанда Әуе-десанттық әскер қатарында болуына ықпал етті, 20 дан астам вертолеттан десанттық секіру жасады. 1984 жылы 29 қазанда ол әскер қатарына шақырылды. Алғашқы жарты жылы Литвада өтті. 1985 жылдың сәуірінде ол Ауғанстанға барады. 317 разведротада санинструктор болды. Санинструктордың міндеті жаралы жауынгерге алғашқы көмек көрсетіп қою ғана емес еді, жауынгерді ұрыс алаңынан алып шығу, оны вертолет отыра алатын алаңға дейін жеткізу, аман-есен госпитальға жөнелту. Мұрат ағаларыңның есінде ерекше қалған ұрыс бар, сол туралы өз аузынан естиік, аға сөз берелік....



(Ауғанда болған әңгіме...)

Балалар қоятын сұрақтарың болса ағаларға қойыңдар:



Ауған соғысын қалай еске аласыз?

Ауғанның қай жерінде ұрысқа қатыстыңыз?

Жүргізуші: Қымбатты Ауған соғыс ардагерлері! Батырдың «ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ» дегендей сіздер мәңгі бізбен біргесіздер. Соғыста қаза болған Жауынгер-интерналисттерді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

(1 минуттық үнсіздік)

Қонақтарға сый ретінде №2 мектеп-интернат оқушылары шағын концерттік бағдарлама ұсынады. 7ә,,ә 8 сыныптардың ұлдары , жетекшісі Кәукербекова Айгүл Нұрғаслиқызы «Горлубые береты», «Вспомним товарищ мы Афганистан» әндері.

Рахмет, ұлдар.

Мектеп директоры Замзагүл Нарымбекқызына сөз береміз.

Біз сіздермен әр қашанда мақтанамыз, сіздер жасаған ерліктеріңізді кейінгі ұрпақ ұмытпақ емес. Сіздерге оқушылардың ізденіс нәтижесінде құрастырылып, мектепішілік «Балауса» баспасынан шыққан «ЕРЛІК ЖОЛЫН САЛҒАН ЕРЛЕР, ӨР НАМЫСТЫ АРДАГЕРЛЕР!» атты кітабымызды сыйлаймыз.

Қабыл алыңыздар. (сыйлықты тапсыру).

Жүргізуші: Бүгінгі кездесуімізді 4 шумақ өлеңмен аяқтасақ:

Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

Естелік суретке түсу

Ұйымдастырушылар:

Асқаров Ануар - Әскери дайындық мұғалімі



Анитова Светлана Айтмағанбеқызы – кітапхана меңгерушісі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет