INTERNET -пен қатынас құру
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol — FТР). Практикада FТР немесе ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FТР жүйесі қолданылатынын білдіреді. FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген FТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретіндс әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (nameid) және/немесе паролін (password) білу қажет болады.
FТР-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
Достарыңызбен бөлісу: |