Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады.. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай–ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді..
Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген . Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске ,яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.
Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен ( гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.
Электрондық оқулық өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ПЭВМ магниттік сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде)қондырылуын, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады. Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі болсын десек,онда ол: практикалық кері байланысты шапшаң қамсыздандырады; қажетті хабарды жылдам табуға көмектеседі (соған қоса контекстік іздеу), әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және т.б. оның түсініктемесі жеке адамға лайықтап жасалған, білімдерді тексеру арнайы бөлімде қарастырылады [1].