Интернет жöне World Wide Web öлемін Flash технологиясынсыз елестету мıмкін емес


Электрондық оқулық және оның құрылымы



бет6/12
Дата28.01.2023
өлшемі3,29 Mb.
#166650
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
kur -jelektrondyq-oqulyq-quru

1.2 Электрондық оқулық және оның құрылымы

  • Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық түрге аудару қажет.

  • Электрондық оқулықтың мазмұны пайдаланушылардың интелектуальдық ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

  • Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

  • Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар пайдаланушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi[3].

  • Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол пайдаланушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

1.3 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар

  • Жан-жақтылығы.

  • Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.

  • Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.

  • Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.

  • Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.

  • Тұтынушыға бағдарлау.

  • Электрондық оқулықтың құрамы:

  • Аннотация;

  • Пән туралы қысқаша ақпарат;

  • Жұмыс бағдарламалары;

  • Электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

  • Ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

  • Теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

  • Теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

  • Лабораториялық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

  • Лабораториялық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

  • Бақылау тапсырмалары;

  • Лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

  • Бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;

  • Бақылау тестiлерiнiң жинағы;

  • Телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;

  • әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;

  • Озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;

  • Үйренушiнiң жұмыс папкасы;

  • Мұғалiмнiң жұмыс папкасы.

  • Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады [4].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет