Интернетте оқыту барысында on-line режимін қолдану



Дата18.12.2019
өлшемі17,54 Kb.
#53732
Байланысты:
онлайн оқыту

Интернетте оқыту барысында on-line режимін қолдану

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.



Қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған студенттер келесі мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады:

  • бірінші (колледжден кейін) немесе екінші (үшінші) жоғары білім алу, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру;

  • жеке оқу жоспары, оқу траекториясын өз бетімен жоспарлау, оқу мерзімін қысқарту;

  • негізгі қызметтен қол үзбей оқу;

  • уақытты және қаржыны үнемдеу.

Онлайн түрде оқу әр адам өз бетінше дайындалып, ізденуіне, түсінбеген тұстарын қайта қарау арқылы жете меңгеріп алуына жағдай тудырса, онлайн-дәріс оқитын оқытушылар тақта алдында ұзақ тұру қажеттілігінен арылып, сонымен қатар, студентке беретін ақпаратты аз ғана уақыт ішінде қысқа да нұсқа етіп жеткізуді дағдыға айналдыруына мүмкіндік бермек. Қазір күн сайып жаңарып, жетіліп жатқан соңғы үлгідегі смартфондар мен жылдам интернет мүмкіндігі қолда тұрған XXI ғасыр заманында мұндай курстардың уақыты мен, қаржысын үнемдегісі келетін көптеген адамдар үшін аса қажет екені белгілі.  Онлайн-білім беру платформалары — «мұғалім керек емес» дегенді білдірмейді, керісінше, білім алушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын жаңа мүмкіндік көзі.

Онлайн түрде оқытудың, оқудың артықшылықтары өте көп:

— Заманға сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдануды үйрене отырып білім алу

— Сапалы, оңай, жеңіл әдістермен үйрену

— Уақыт пен қаржыны үнемдеу

Ыңғайлы уақытта оқу

— Территориялық шектеулер жоқ, әлемнің кез келген түкпірінен қажетті білімді аласың — Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ

Артық кетіп, тақырыптан ауытқымайсың

— Бос әңгімеге жол бермейсің

— Оның сыртында аудиторияң шексіз



— Ұмытқаныңды артқа қайталап қарауға мүмкіндік бар


Ұтатын жақтары көп. Мұнда ұтылатындар негізінен өзіне-өзі сенбейтіндер ғана шығар. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернеттің әр мүмкіндігін сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет