«Интернеттегі қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 5. 4. 2. 2 құжатқа құпия сөз орнату
5. 1. 3. 1 ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу
Бағалау критерийі: Білім алушы:
құпия сөз қою алгоритмін сипаттайды;
негізгі ұғымдардың анықтамаларын анықтайды;
интернеттің мүмуіндіктерін сипаттайды;
жалпы қолданысқа рұқсат етілген файлдармен жұмыс жасау дағдыларын көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырмалар
1. Жұмыс үстелінде «Үй жұмысы» атымен сақталған файл тұр. Марат файлға құпия сөз қоямын деп шешті.
a) Құпия сөз орнату алгоритмін толықтырыңыз.
1.
|
Мәзірден «Файл» → «Мәліметтер» таңдау
|
3.
|
«Құпия сөзді шифрлеу» таңдау
|
2.
|
|
4.
|
|
5.
|
Құпия сөзді растау және «ОК» батырмасын басу
|
2. Кестеде берілген анықтамаларды дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіз
1.
|
Файл
|
a.
|
Нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.
|
2.
|
Сервер
|
b.
|
Компьютер мен әртүрлі құрылғылардың жиынтығы, аралық ақпарат тасымалдауды пайдаланбай, желідегі компьютер арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
|
3.
|
Бума
|
c.
|
Программалау ортасында белгілі бір қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар.
|
4.
|
Утилиттер
|
d.
|
Ақпараттарды сақтайтын орын, әртүрлі типті файлдар тобы.
|
5.
|
Компьютерлік желі
|
e.
|
Ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер
|
6.
|
Таңбаша
|
f.
|
Белгілі бір атауы бар, дискідегі мәліметтер жиыны.
|
3. Интернеттің мүмкіндіктерін сипаттаңыз
4. Файлдарды жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға орналастыру үшін орындалатын әрекеттер ретін
көрсетіңіз
A
|
B
|
C
|
D
|
Тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту, «Қою» (Вставить) әмірін таңдау
|
Жалпы қолданысқа рұқсат етілген буманы ашу
|
Файлды белгілеу, «Көшіру» (Копировать) әмірін таңдау
|
нысанын ашу, «Желі» (Сеть) нысанын таңдау
|
|
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Құпия сөз қою алгоритмін сипаттайды
|
1
|
құжатқа құпия сөз орнату үшін 2-әрекетін жазады
|
1
|
құжатқа құпия сөз орнату 4-әрекетін жазады
|
1
|
Негізгі ұғымдардың анықтамаларын анықтайды
|
2
|
анықтамаларды жауабымен сәйкестендіреді (әр дұрыс сәйкестікке 0,5 балл)
|
3
|
Интернеттің мүмкіндіктерін сипаттайды
|
3
|
Интернеттің мүмкіндіктерін сипаттап жазады
|
2
|
Файлдарды жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға орналастыру үшін орындалатын әрекеттер ретін көрсетеді
|
4
|
Файлдарды жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға орналастыру үшін орындалатын әрекеттер тізбегін көрсетеді
|
2
|
Барлығы
|
9
|
Достарыңызбен бөлісу: |