Туберкулезді менингиттің асқынуы
— Гидроцефолия;
— Архноидит;
— Ми туберкулемасы;
— Эпилепсия;
— Интелектің төмендеуі
— Салдану;
— Көзден айрылу;
— Кереңдік;
— Эндокриндік ағзалар: қансыз диабет, ергежейлілік.
Дифференциалды-диагностикалаудың қиыншылықтары
Дифференциалды-диагностикалық қиыншылықтар мидың туберкулезді анықтау кезінде болады (әсіресе балалық шақтың өзіне тән), көбінесе өкпенің гематогендік-диссеминерленген туберкулезында. Ми туберкулезі кезінде неврологиялық көрсеткіштер аз сиппаталады: менингиальды синдром айқын емес көрініс табуы мүмкін және мидың жұмсақ қабығының контрактты тітіркенуімен байланысты, бірақ кейде болмауы мүмкін; кейде бас миының жүйкесінің зақымдануы байланысты эпилептикалық ұстамалар орын табады; басқа жағайларда мидың аумақтық заттық зақымдануы мида жаңа түзілімдерге күдіе тудырады; жұлынмилық сұйықтықтар әлсіз көрсетілуі қант дегейінің төмендеуі байқалады. Сирек алайда соңғы уақыттарда жиірек кездесетін шектелген туберкулезді менингит (туберкулезді арахноидит). Анатомиялық бұл формалар фиброзды инволюция фазасындағы шектеулі төмпешік процессін құрайды. Олардың клиникалық көрсеткіштері полиморфты; ісік түрінде немесе қан қысымының көтеруі белгілерінсіз немесе менингиялдық синдром бас ауруы ұстамасы түріндегі джексондық эпилепсия түрінде болады. Жоғарыда аталған клиникалық сиптоматикаға байланысты осы фрмалардың диагностикасының сүйеу болатын мекендері: а) туберкулездік жалпылануы фонындағы дамуы; б) жұлынми сұйықтығының қалыпты құрамы; в) туберкулезге қарсы спецификалық терапияның нәтижелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |