Балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарау жүргізуді мектепке дейінгі, білім беру ұйымдарының орта медицина қызметкері, педиатр дəрігер, отбасы дəрігері, МСАК ұйымының жалпы практика дəрігері; маман дəрігерлер, педагог-психолог жүзеге асырады. Ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарау жүргізуді учаскелік дəрігер (жалпы практика дəрігері) (бұдан əрі - МСАК дəрігері), МСАК ұйымдарының профилактика жəне əлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дəрігерге дейінгі кабинетінің дəрігері мен орта
медицина қызметкері жəне МСАК дəрігерінің/МСАК ұйымдарының профилактика жəне əлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі дəрігерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандар жүзеге асырады; 3) қорытынды – анықталған патологиясы бар адамдарды толық тексеріп-қарау