Г. Қорытынды:
1.ион - бұл зарядталған бөлшек
2.Электронын жоғалтқан элемент оң ион деп аталады және оң зарядталған. Оң ион катион деп те аталады.
3.Электрон қосып алған электрон теріс ион деп аталады және теріс зарядталған. Теріс ион анион депте аталады.
4.Иондық байланыс - иондардың арасында электрстатикалық тартылыс күшінің әсерінен түзілетін байланыс.
5.Нағыз металдар (I, ІІА) мен нағыз бейметалдардың (VI-VIIА) арасында, яғни электртерістілігі бір-бірінен кескін айырмашалақ ететін элементтер атомдарының химиялық қосылысында иондық байланыстар түзіледі.
6.Иондық байланыс тұздарда, негіздерде және қышқылдарда да байқалады.
7.Иондардың зарядтары араб цифрларынан кейін көрсетіліп, элемент таңбасының оң жағын ала жазылады.
8. Иондық байланыстың түзілуі:
Na0 - 1е → Na+ F0 + 1e → F-
нейтрал атом э.беру оң ион нейтрал атом э.алу теріс ион 2Na0 + 2F0→ 2Na+ F-.
Д. Кейбір терминдердің өзбек, қазақ және орыс тілінде айтылуын жазу.
өзбекше
|
қазақша
|
орысша
|
Зарядланган зарра
|
Зарядталған бөлшек
|
Заряженная частица
|
Мусбат ион
|
Оң ион
|
Положительный ион
|
Манфий ион
|
Теріс ион
|
Отрицательный ион
|
Сабақты бекіту: топпен жұмыс.
1-топқа
1.Химиялық байланыс түзілу кезінде электртерістілігі қандай элемент электронын береді?
2.Металдардың сыртқы электрон қабатындағы электрондар саны нешеу?
3.Калий және хлор атомдары арсындағы химиялық байланыстың түзілу схемасын жаз және моделін жаса.
4.Төмендегі элементтер атомы мен ионның құрылысын салыстыр:
K+ және K0 Mg2+ және Mg0
5.Төменде берілген қосылыстар нәтижесінде түзілген электрон жұбы екі элементке қатысты қалай жайласқан болады?
А) O2 Б) СO2 В) K2S
2-топқа
1.Металдардың электртерістілігі қандай сандар аралығында болады?
2..Химиялық байланыс түзілуіндегі негізгі кейіпкер қандай зарядталған бөлшек?
3.Магний және оттегі атомдары арсындағы химиялық байланыстың түзілу схемасын жаз және моделін жаса.
4.Төмендегі элементтер атомы мен ионның құрылысын салыстыр:
N 3- және N0 Al0 және Al3
5.Төменде берілген қосылыстар нәтижесінде түзілген электрон жұбы екі элементке қатысты қалай жайласқан болады?
А) N2 Б) PH3 В) MgBr2
5.Оқушыларды бағалау - оқушылардың жинаған балдары бойынша оларды бағалау.
6.Үйге тапсырма:
Достарыңызбен бөлісу: |