Иондық байланыс.
Туймеева Гульмира Халиковна,
химия пәнінің мұғалімі,
өзбек тілінде оқытылатын №4 орта мектеп,
Тараз қаласы, Жамбыл обылысы.
Сабақтың мақсаты: пән мен тілді кіріктіру арқылы, оқушылардың химиялық түсініктерін, өз ой пікірлерін еркін қоршаған ортаға жеткізе білуіге тәрбиелеу.
1.Білімділік:
- ион, иондық байланыстар, олардың түзілу механизмі жайында білім беру;
2.Дамытушылық:
-химиялық байланыстар, олардың түрлері, атом және заттың құрылысы жайындағы түсініктерін дамыту.
3.Тәрбиелік:
- ізденімпаздыққа ойлауға, өзіндік ой-пікірін қоршаған ортаға еркін жеткізе және алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, химиялық байланыс моделін жасау үшін пластмасса стерженді шаршалар, элементтердің электртерістілік кестесі.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі - екі тілінде (қазақ немесе орыс) жауап беру,
әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. (жалпы – 14балл)
а.«Он сұрақ» арқылы үй тапсырмасын тексеру және бекіту.
б. Тест тапсырмасы.
3.Жаңа сабақты түсіндіру. үш тілде (өзбек, қазақ немесе орыс) түсіндіру.
а.Натрий және фтор туралы ертегі.(тыңдау, қазақ тілінде)
б.Ертегі бойынша алған мәліметтер жәрдемінде кестені толтыру - дәптермен жұмыс (өзбек тілінде)
в. Сұраққа жауап беру (ауызша, орыс тілінде)
г. Қорытынды – дәптермен жұмыс. (өзбек тілінде)
д. Кейбір терминдердің өзбек, қазақ және орыс тілінде айтылуын жазу.
4.Жаңа сабақты бекіту. екі тілінде (қазақ немесе орыс) жауап беру
Топпен жұмыс.
5.Оқушыларды бағалау - оқушылардың жинаған балдары бойынша оларды бағалау.
6.Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
А.«Он сұрақ» арқылы үй тапсырмасын тексеру және бекіту.
1.Электртерістілік дегеніміз не?
2.Электртерістілігі ең жоғары элементті ата?
3.Металл, бейметалл, инертті элементар атомдарының құрылыс ерекшелігі неде?
4.Аяқталған және аяқталмаған электрондық қабат нені білдіреді?
5.Период және негізгі топша бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Осы өзгерістердің себебі неде?
6.Элементтердің металға немесе бейметалға жататынындығы олардың қайсы қабілеттеріне байланысты анықталады?
7.Коваленттік байланыс деп қандай байланысқа айтамыз?
8.Ковалентті полюсті және полюссіз байланыс ұқсатығы мен айырмашылығы неде?
9.Активтігі ең жоғары металлды ата және оның себебі неде?
10.Инерт газдар периодтық жүйенің қайсы тобында орналасқан?
Достарыңызбен бөлісу: |