TCP/IP хаттамаларындағы стектер Стектің атауын берген негізгі хаттамалар IP және TCP болып табылады. Бұл хаттамалар OSI моделінің терминологиясында сәйкесінше желілік және транспорттық деңгейлерге жатқызылады. IP пакетті құрама желі арқылы қозғалысын қамтамасыз етеді, ал TCP оның жетуіне кепілдік береді. Қазіргі уақытта TCP/IP стегі есептеу желісінің транспорттық хаттамаларының көп таралған стектерінің бірі болып табылады. TCP/IP стегінде хабарды кең тарату мүмкіндіктері өте тиімді қолданылады. Бұл қасиет аумақтық желілер сипатындағы байланыс жолдарының баяу жұмысы кезінде өте қажет. Internet хаттамаларының стегі бойынша көптеген қолдаулар мен қарсылықтар келтіруге болады, алайда қазіргі кезде бұл ауқымдық және жергілікті желілерде кең қолданылатын хаттамалар стегінің ең әйгілісі болып табылады. IPX/SPX стегіNetWare желілік операциялық жүйесіне арналып жасалған Novell фирмасының протоколдарының арнайы стегі болып табылады. IPX/SPX стегінің көптеген ерекшеліктері – NetWare операциялық жүйесінің алғашқы нұсқауларына бағытталып жасалып, өлшемдері көп емес локальдық желілердегі азғантай ресурсты дербес компьютерлер үшін жасалғандығы. Мұндай компьютерлер үшін оперативтік жадысы минимальдік болатын, есептеу қуаттылығы үлкен емес процессорлардың тез жұмыс істеуіне қажетті протоколдар ретінде құрылған. Нәтижесінде IPX/SPX стегі протоколдары локальдық жүйелерде өте жақсы , ал үлкен корпаративтік желілерде баяу жұмыс істейді, себебі кең көлемді бумалармен баяу жұмыс істейтін жобалық желілерді толтырып тастайды да бұл стектің бірнеше протоколдарын тым көп пайдаланады.