Қыран қанатты ақын (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш) Мақсаты


«Дариға , сол қыз» әні орындалады



бет7/7
Дата08.02.2022
өлшемі19,96 Kb.
#131095
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қасым Аманжолов

«Дариға , сол қыз» әні орындалады.
ІІ жүргізуші: - Өлең жазған кезінде Қасым өзімен өзі жеке отырғанды ұнатады екен. Түн кіре үйдегілерді жатқызып тастап , Сары самаурынды қайнатқызып қойып жазады екен.
Поэзия халықтың рухын көтереді. Қасым поэзиясынан халық жанының батырлығын, жомарттығын , бауырмалдығын , мархаббаттылығын, алғырлығын мол табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе осы жағында. Қасымның мейлінше жалынды, лепті, сыршыл поэзиясы – әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ жасайтын поэзия.
«Туған жер» өлеңі.
ІІ бөлім. Ақын туралы естеліктер. Оқушылар Қасым туралы жазған ақын – жазушылардың естеліктерін оқиды.
Қасым деген қалғыған жанартау ғой
Дейсіңдер – ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса несі Қасым,
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның несі басым.
Қуат алып жырына бәз-даладан,
Ол жанған.
Күні жоқ – ты маздамаған»
Өлісінде өнеге болғаны анық.
Тірісінде біреуге жазған Адам...»
Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,
Өлеңінің өлмеуін арман қылды.
Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,
Қан менен жас аралас тарлан – жырды.
Жеді.
Тынды...
Керемет дерттер төніп,
Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.
Қасым деген - қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой.
Жанды да кетті өртеніп.
«Бір күй бар домбырамда...»
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса, несі Қасым!?
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!...
Мұқағали Мақатаев.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай даланың дауылпаз ақыны Қасым Аманжолов біз сияқты зиялы да білімді ұрпақтары тұрғанда ешқашан да ұмтылмақ емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет