«Домбыра» өлеңі оқылады.
ІІ жүргізуші: «Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған деп Абайдың сөзі айтқандай , Қасымның ақындық, серілік, оның үстіне бекзаттық адамгершілігі алдында көп сұлулардан ерік кетті. Оралдағы жырлар «махаббат қызық мол жылдар» болды. Махаббат, ақындығына қанат бітіргеннің бірі – осы Оралда 1935 жылы кездескен Сақыпжамал.
«Сақыпжамал» өлеңі оқылады.
Сақыпжамал, атың қандай,
Сәпеи дейміз қысқартып.
Жар бола гөр айтылғандай
Сенен қайсы қыз артық, - деп жырлаған Сақыпжамалға Қасым тоғыз жылдан кейін , соғыстан аман- есен оралған соң қосылады. Екеуінің армандары орындалып, балалы – шағалы болады, Жанар, Дариға атты қыздары болады. Ақынның Дариға атты қызына арнаған өлеңін тыңдаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |