«Дариға» өлеңі орындалады. І жүргізуші: - Қасым Дариғасын ерекше жақсы көрсе керек. «Дариғасыз бір күн де өмір сүре алмаймын» дейді екен. Дариға бір жарым жасында қатты ауырады. Сол кезде жазылған ақынның «Балам ауырғанда» өлеңін тыңдаңыздар.
«Балам ауырғанда». ІІ жүргізуші: - Осы жылдары Қасымның өлеңдері газет бетінен көріне бастайды . әсіресе Оралдың «Екпінді құрылыс» газетінде жиі басылады. Жұртшылық Қасымды ақын ретінде 1936-1937 жылдары барып қана жыға таниды. 1938 жылы оның «Өмір сыры» атты тұңғыш жинағы жарыққа шығады. Қасым әскерге 1941 жылы – ақ шақырылады. Оларды Қиыр Шығысқа жөнелткен.