Қыран елім –Қазақстан ! (Фанфар)



Дата01.12.2023
өлшемі21,76 Kb.
#194460
Байланысты:
25 азан Республика к ніне сценарий


Қыран елім Қазақстан !
(Фанфар)


1-Жүргізуші:
Құттықтаймын қазағым,
Республика күнімен.
Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен. (ҚР гимн орындалады)


2-Жүргізуші:
Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.


1-Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі Республика күніне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз!

2-Жүргізуші:
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі берілді.


1-Жүргізуші:
Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті.


2-Жүргізуші:
25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.
1-Жүргізуші:
Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Еліміздің тәуелсіздігі осы күннен басталады. Ортада 1-сынып орындауында ән Қазақстаным Отаным қарсы алыңыздар


2-Жүргізуші:
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таниды. Біздің еліміз дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен жан-жақты карым – қатынас жасайды. Егеменді еліміздің еңсесі биік болсын!


1-Жүргізуші:
Қазақ поэзиясының хас шебері Қ.Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай тәуелсіз еліміздің бақытты ұрпақтары Республика күніне өз құттықтауымен мектеп меңгерушісі Сакимова С.О


2 жүргізуші:
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ортада би «Балапан» шағын орталық тәрбиеленушілері қабыл алыңыздар


1 жүргізуші:
Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!
Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды.


2 жүргізуші:
Жаса менің қазағым,
Көк туымыз желбіреп.
Патриоттық сезіммен,
Жүрегіміз елжіреп – дей келе, Әнұранын, елін, туған жерін сүйетін, елінің өткені мен бүгінін, тарихын тебірене де тереңдей оқып, тарихтың зерделі де шежірелі беттеріне үңілген ұландарымызды өздерінің жүрек жарды өлеңдерін оқу үшін ортаға шақырамыз. «Балапан» шағын орталық тәрбиеленушілері (тақпақ)
1 жүргізуші:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр,
Жасұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.


2-Жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.


1-Жүргізуші:
Ата-баба әруақтары жар боп әркез,
Жаса, жайна қазағым, елім менің.
Республика күнінде шаттық болып,
Той думанға ұлассын жерім менің – дей келе келесі кезекті мектебіміздің 1-сынып оқушыларына береміз. (тақпақтарымен)



2-Жүргізуші:
Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір Қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.


1-Жүргізуші:
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.
3-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз

2-Жүргізуші:
Жаса Қазақ, жаса деп,
Бірге шықсын үніміз.
Қазағым деп жазылар,
Таусылмасын жырымыз


1-Жүргізуші:
Жиырма бесі қазанның мереке бұл,
Республика күні, елім, құтты болсын!
Қазағымның әр үйі қуанышта,
Саулықтары лайым мықты болсын!
МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ,


Бірге: ҚАЗАҚСТАНЫМ! (флешмоб)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет