Ырғақ – балалардың қабылдауын қозғалыс-қимыл арқылы белсендіретін сазды-педагогикалық тәртіп. Төменгі мектеп жасындағы балалар



Дата28.01.2018
өлшемі252,46 Kb.
#34435
түріСабақ
Түсінік хат

Би өнерімен айналысу оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс жүріп тұруына, иілгіштік қабілетінің артуына, ауамен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын ырғағын, мазмұнын ажырата білуге көмектеседі. Төменгі сынып оқушылары арнаулы қондырғысыз - ақ залдың ортасында бимен айналысуына болады. Ол үшін ойын түрінде берілетін нақты қимыл қозғалыс жаттығуларына көбірек көңіл бөлуі қажет. Олар қимыл қозғалыспен музыканы үйлестіру шеберлігін дамытадыБарлық бастауыш сынып мұғалімдері мен педагогтарына баланың қозғалыс-қимылының, ағзасының дамуы үшін дене тәрбиесі пәнінің рөлінің ерекше орын алатыны белгілі. Олай болса біздің мектебімізде дене тәрбиесі сабағынан басқа – ырғақ жаттығулары үйірмесі қосымша жүргізіледі.

Ырғақ – балалардың қабылдауын қозғалыс-қимыл арқылы белсендіретін сазды-педагогикалық тәртіп.

Төменгі мектеп жасындағы балалар үшін жүгіру, билеу, секіру, жалпы ойын түрлері маңызды орын алады. Сондықтан балалар бұл сабаққа қызыға қатысады. Ол үшін әр сабақты түрлендіріп өткізу мұғалімнен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.

Сабақ саны – 68. Ол үш бөлімнен тұрады: аэробика (10-15 минутке есептеледі), хореографиялық бөлім және еркін қимыл қозғалыстары, ол қазіргі әуендермен орындалады.

Аэробика – арнайы әуен ырғағымен орындалатын жаттығу түрлері.

Сабақтың негізгі бөлігі – хореография, мұнда балалар халық билерінде кездесетін негізгі қимыл-әрекеттерді үйреніп қана қоймай, пластикалық қозғалыстарға жаттығады.

Сабақтың соңында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі әуендерге 10 минут еркін ырғақта билейді.

Ырғақты жаттығулардың мақсаты - әуен ырғағына ере отырып, өз денелерін еркін қозғалысқа енгізе отрып, жеңіл және күрделі қимылдарды өздегінен орындай алуға машықтандыру.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі жаттығуларды қолдану қажет:

  • Есте сақтау,ұқыптылық және қоғамдық ортадағы дамуына;

  • Қимыл-әрекетінің шапшаңдығына;

  • Негізгі іс-әрекетті игеруіне: жүру,жүгіру, секіру, жүрудің әр түрлеріне;

  • Дене ағзасын еркін ұстауына т.б.

Сонымен қатар бұл сабақтың балалар үшін маңыздылығы сол, баланың танымдық әрекетінің, сұлулық пен көркемдікті сүюіне өз ықпалын тигізеді.

Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды.

Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды.

Би — қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді.

Би - музыка өнерімен сабақтас сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бұгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт - дәстүрі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет - әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген.

Сондықтан балалар бұл үйірмеге қызыға қатысады. Ол үшін әр сабақты түрлендіріп өткізу мұғалімнен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.

Би үйірмесінің мақсаттары:

Ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы, қазақтың белгілі бишілері жайлы тиянақты түсінік беру.
Оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.


Би үйірмесінің міндеттері:

  • Сезіну, есту қабілетін дамыту.

  • Қимыл - қозғалыс аппараттарының жүрек қан айналымын реттеп, жақсарту.

  • Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.

  • Музыкалық шығармалардың буын - ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.

  • Теория және практика жүзінде қозғалысын дұрыс сезіне білу.

  • Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.

  • Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.

  • Оқушылардың би әуендерін сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту, есте сақтау ілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу.




Күтілетін нәтиже:

Би өнерімен айналысқан ұлдар мен қыз балалар денесінің сымбаттылығымен, әдемі жүріс - тұрысымен, музыкалық ырғақты ажырата білуімен ерекшеленеді. Би өнерімен айналысу шығармашылық шеберліктердің негізін қалап, өзін - өзі жетілдіруге деген қызығушылығын арттырады.

Курстың ұйымдастыру формасы:

  • Түсіндіру;

  • Топпен жұмыс;

  • Сайыс;

  • Сарамандық жұмыс

Курстың уақыт көлемі:

Аптасына 4-сағат: жыл бойы-0.45 сағат

Тақырыптық жоспары

  1. Кіріспе.

  2. Музыкалық-ырғақту әліппесі.

  3. Классикалық би өрнектері.

  4. Халық билерінің әсемдігі.

  5. Би қимылын музыка ырғағымен.

  6. Биді сахналық көркемдеу.

  7. Қорытынды сабақ.


«Балауса» би үйірмесінің күнтізбелік жоспары



Сабақтың тақырыбы

Уақыты

Мерзімі

Әдіс- тәсілдері

І тарау.Кіріспе

1

Би туралы мәліметтермен таныстыру және әңгімелеу

1530-1700

01.09.15 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

2

Бастапқы қалып. Денені дұрыс ұстау.

Тұрақтылыққа арналған жаттығулар



1530-1700

03.09.15 ж.

Топпен жұмыс

3

Ұлдар мен қыздардың көпшілікке иіліп сәлем беруін үйрету

1530-1700

08.09.15 ж.

Әңгімелеу, топпен жұмыс

ІІ тарау.Музыка-ырғақту әліппесі

4

Қол , аяқ (позициялары) тұғырлары

1530-1700

10.09.15 ж.

Сұрақ-жауап

5

Дөңгелекте әр түрлі қимылмен жүгіру

1530-1700

15.09.15 ж.

Топпен жұмыс

6

Айналу түрлері

1530-1700

17.09.15 ж.

Әңгімелеу

7

Жіпше қимылы

1530-1700

22.09.15 ж.

Білімді тексеру

8

Би жаттығулары. Жаттығуларды қайталау

1530-1700

24.09.15 ж.

Топпен жұмыс

ІІІ тарау Классикалық би өрнектері

9

Этюд

1530-1700

29.09.15 ж.

Әңгімелеу, топпен жұмыс

10

Ронд

1530-1700

01.10.15 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

11

Классикалық жаттығулар

1530-1700

06.10.15 ж.

Білімді тексеру

12

Матрос биі

1530-1700

08.10.15 ж.

Топпен жұмыс

13

Растяжка

1530-1700

13.10.15 ж.

Білімді тексеру

14

Вальс

1530-1700

15.10.15 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

15

Балдық би

1530-1700

20.10.15 ж.

Топпен жұмыс, сұрақ-жауап

16

Қазақ вальсі

1530-1700

22.10.15 ж.

Білімді тексеру

17

Өзбек би туралы түсінік

1530-1700

27.10.15 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

18

Өзбек биінің қадамын үйрету

1530-1700

29.10.15 ж.

Білімді тексеру

19

Өзбек биі

1530-1700

03.11.15 ж.

Сұрақ-жауап,топпен жұмыс

ІҮ тарау.Халық биінің әсемдігі

20

Шығыс биі туралы түсінік

1530-1700

12.11.15 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

21

Шығыс биінің қимылдары

1530-1700

17.11.15 ж.

Білімді тексеру

22

Шығыс биін талдау

1530-1700

19.11.15 ж.

Топпен жұмыс

23

Қуыршақ биі

1530-1700

24.11.15 ж.

Білімді тексеру

24

Қуыршақ биінің қимылдары

1530-1700

26.11.15 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

25

Қуыршақ биін талдап үйрету

1530-1700

03.12.15 ж.

Сұрақ-жауап топпен жұмыс

26

Орыс биі туралы түсінік

1530-1700

08.12.15 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

27

Орыстың халық билерінің элементтері

1530-1700

10.12.15 ж.

Топпен жұмыс

28

Орыстың халық биі

1530-1700

15.12.15 ж.

Білімді тексеру

29

Украйын биі туралы түсінік

1530-1700

22.12.15 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

30

Украйын биі «Аты»

1530-1700

24.12.15 ж.

Білімді тексеру

31

Украйын биінің қадамдарын үйрету

1530-1700

29.12.15 ж.

Топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Үтарау .Би қымылын музыка ырғағымен

32

«Павлин» биі туралы түсінік

1530-1700

12.01.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

33

«Павлин» бинің қимыл қозғалысын үйрету

1530-1700

14.01.16 ж.

Топпен жұмыс

34

«Павлин» биі қадамдарын үйрету

1530-1700

19.01.16 ж.

Білімді тексеру

35

«Павлин» биі

1530-1700

21.01.16 ж.

Топпен жұмыс

36

«Сальса » би туралы түсінік

1530-1700

26.01.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

37

«Сальса» биін талдап үйрету

1530-1700

28.01.16 ж.

Білімді тексеру

38

«Сальса» биі қимылдары

1530-1700

02.02.16 ж.

Топпен жұмыс

39

«Үнді» биі туралы түсінік

1530-1700

04.02.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

40

«Үнді» биі қимылдары

1530-1700

09.02.16 ж.

Топпен жұмыс

41

«Үнді» биі

1530-1700

11.02.16 ж.

Білімді тексеру

42

«Хорезм» биі туралы түсінік

1530-1700

16.02.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

43

«Хорезм» қимыл қозғалыстары

1530-1700

18.02.16 ж.

Топпен жұмыс

44

«Хорезм» биі

1530-1700

23.02.16 ж.

Білімді тексеру

45

Қазақтың ұлттық биі туралы түсінік

1530-1700

25.02.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

46

Қазақтың халық билерінің қимыл қозғалыстары

1530-1700

01.03.16 ж.

Білімді тексеру

47

Қазақ биі «Білезік»

1530-1700

03.03.16 ж.

Топпен жұмыс, сұрақ-жауап

48

Домбыра тарту өрнектері

1530-1700

10.03.16 ж.

Білімді тексеру

49

Қазақ биінің өрнектері

1530-1700

15.03.16 ж.

Білімді тексеру

50

Қазақ биінің жүру түрлері

1530-1700

17.03.16 ж.

Топпен жұмыс

ҮІ тарау. Биді сахналық көркемдеу.

51

«Цыган» биі туралы түсінік

1530-1700

05.04.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

52

«Цыган» биінің жаттығулары

1530-1700

07.04.16 ж.

Білімді тексеру

53

«Цыган» биін талдап үйрету

1530-1700

12.04.16 ж.

Топпен жұмыс

54

«Грузин» биі туралы түсінік

1530-1700

14.04.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

55

«Грузин» биілеріндегі қол мен аяқтың қозғалыстары

1530-1700

19.04.16 ж.

Білімді тексеру

56

«Грузин» биі «Лезгинканы» үйрету

1530-1700

21.04.16 ж.

Топпен жұмыс

57

«Африкалық» биі туралы түсінік

1530-1700

26.04.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

58

«Африкалық» қимыл-қозғалыстарын үйрету

1530-1700

28.04.16 ж.

Білімді тексеру

59

«Африкалық» биін талдау.

1530-1700

03.05.16 ж.

Сұрақ-жауап,топпен жұмыс

60

Қазіргі заманғы билердің қимылдары

1530-1700

05.05.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

61

Қазіргі замаңғы билерді үйрету

1530-1700

10.05.16 ж.

Білімді тексеру

62

Қазіргі замаңғы билерді талдап үйрету

1530-1700

12.05.16 ж.

Топпен жұмыс

63

Қазіргі замаңғы би

1530-1700

17.05.16 ж.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

64

Билерді қайталау

1530-1700

19.05.16 ж.

Топпен жұмыс

ҮІІ тарау.Қорытынды

65

Би үйірмесінің қорытынды сабақ.

1530-1700

24.05.16 ж.

Топпен жұмыс


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Сымбат. Ш.Жиенқұлова

  2. Музыка и движение. С.И.Бекина, Т.П.Ломова, Е.Н.Соковнина

  3. Классический танец.

  4. Танцы друзей. Тряченко

  5. Тайна танцы. Ш.Жиенқұлова

  6. Интернет желісі



Үйірмеге қатысатын оқушылар тізімі


Р/с

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Өтілетін күні

1.

Шәмшиева Дана

8



Сәйсенбі

(1500-1700)

Бейсенбі

(1500-1700)

2.

Елеусізова Сағыныш

8

3.

Сейткереева Динара

7

4.

Оразбаева Арайлым

7

5.

Шәкір Аружан

7

6.

Мұхамедиярова Айару

7

7.

Бодан Нұрай

6

8.

Арыстан Данияр

6

9.

Махмұт Ғалымжан

6

10.

Әбділда Гүлназым

5

11.

Кеңес Діндар

5

12.

Махмұт Досымжан

5

13.

Айдарбек Жансая

5


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет