мектеп жасына дейінгі балаларға заттың ені, ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру мен зерттеу тәсілдерін үйрету;
көлем мен өлшем туралы жалпы түсінік;
қарапайым геометриялық пішін туралы түсініктер қалыптастыру;
4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауға үйрету;
санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.
Бағдарламаның міндеттері:
мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастыру;
балаларға дамыту ойындары арқылы ұғымдарды түсіндіру;
балаларға санамақтарды санауда қолдау;
түстеді ажыратып, пішіндерді бояуда көмектесу.
Күтілетін нәтиже: - Оқушының ой-өріс дамиды;
- ойлау іскерлігі қалыптасады;
- ақыл-ойы жетіледі;
- есте сақтау қабілеті артады;
- қызығушылық қабілеті оянады;
- тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
- оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады;
- шығармашылықпен жұмыстанады;
- даму мониторингі айқын көрінеді;
- баланың білуі: қызықты математика оқу іс-әрекетінде ертегі арқылы есептер, мен тапсырмаларды орындай білуі;
- баланың меңгеруі: ойын тапсырмалар арқылы есеп шығаруды тереңдетіп меңгеруі.