Қырыққабат – қырыққабат (Brassica) туысына жататын екіжылдық бақша өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен ерекшеленетін қырыққабат Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная қырыққабат), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып, кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың отаны анықталмаған. Дегенмен, А.Декандольдің айтуынша, Ұлыбритания, Ирландия, Данияжәне Францияның солтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі мүмкін.
Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді.
Капустаның мәдени сорттарының арғы тегi жабайы капуста болып табылады. Қазiргi уақытта ол Жерорта теңiзi жағалауында өседi. Бұл сабағы биiк, жапырағы дөңгелек қаудан (кочан) байламайтын, өсi онша үлкен болмайтын өсiмдiк. Көптеген ғасырлар бойы адам жабайы капустаны сеуiп жапырақтары үлкен өсiмдiктерден тұқым жинаған. Осылайша аса құнды көкөнiс дақылы капуста алынған.
Қазiргi уақытта капустаның көптеген мәдени түрлерiн өсiредi.
Ақ қауданды (кочанды) капустадан (капуста белокачанная – Brassica oleracea var. capitata) басқа, гүлдi капустаны (капуста цветная – Brassica oleraceae var. sabauda) отырғызады. Оның тығыз орналасқан, толық жетiлмеген, ақ түстi гүлшоғыры тамаққа пайдаланылады. Брюссель капустасы (капуста брюссельская – Brassica oleraceae var. gemmifera) қолтық бүршiктерiнен пайда болатын кiшкентай қаудандары (кочандары) үшiн отырғызады. Кольраби капустасын (Brassica oleracea var. gongiloides) тарнаға (брюква – Brassica napobrassica) немесе шалқанға (репа – Brassica rapa) ұқсас жуан етжендi сабағы үшiн отырғызады.