Тәрбиелік іс-шараның мақсаты: тәрбиеленушілерді Абайдың өмір жолы
және өнері туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдету.
Міндеттері:
білімділік: ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
коррекциялық: сөздіқ қорын кеңейту; сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, танымдық қасиеттерін (ойлау, есте сақтау, зейін қойып тыңдау және т.б.) дамыту, коммуникативтік қабілеттерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету.
тәрбиелік: оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп, азаматтық, сезімдерін, адамгершілік қасиеттерін дамыту, табиғат әсемдігін түсінуге, поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру, эстетикалық тәрбие беру.
Тәрбие жүйесіндегі орыны: жүйелі, қорытындылау.
Іс-шара типі: аралас
Өткізу түрі: әдеби-саз кеші.
Әдіс-тәсілдері: топтық және жеке жұмыс, арттерапия (музыка тындау, ән айту, сахналау), мәнерлеп оқу, көрнекілі, иллюстративтік, түсіндіру, диалог, монолог, сөздік.
Көрнекілігі: А.Құнанбаев портреті, «Абай жолы» атты кітап көрмесі, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, Абай өлеңдері жиынтығының буклеттері.
Құрал-жабдықтары: ақынның қара сөздерінен үзінділерінің видео-презентациясы, көрініс заттары (үстел, шам, құс қауырсыны, сия), музыкалық сүйемелдеу, АКТ.
Іс-шара құрылымы:
І. Үйымдастыру кезеңі:
- Амандасу.
- Іс-шара мақсат міндеттерімен таңыстыру.
- Психологиялық дайындық.
ІІ. Кіріспе:
- Диалог «Ақылды кеңес».
- Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
ІІІ. Негізгі кезең:
- Монолог «Жас Абай».
- Мәнерлеп оқу «Абай туралы...».
- Бейне таспа «Абай-Ибраһим».
- Абай шығығармашылық жолының күнтізбесі.
- Табиғат лирикасына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу.
- «Абай-сазгер» ақын әндерін орындау.
- «Абай-ойшыл» 14-қара сөзі.
- «Абай-аудармашы» А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасының үзінділерін сахналау.
ІҮ. Қорытынды кезең:
- Тәрбиешінің қорытынды сөзі.
- «Абай-дана, Абай-дара» ақын туралы өлең жолдарын оқу.
- Рефлексия.
- Абай өлеңдері жиынтығынан тұратын буклеттерінен естелік.
Іс-шара барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздерме, сүйікті де сүйкімді оқушыларым және құрметті әріптестерім!
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған, «Абайды оқы – таңырқа!» атты әдеби-саз кешімізге қош келдіңіздер!
Сондықтан, бүгінгі тәрбиелік іс-шараның мақсаты, Абайдың өмір жолы мен өнері туралы, жыл бойы өткізілген тәрбие сағаттарының қорытындысын жасау.
- Психологиялық дайындық.
Ал, балалар кешіміз сәтті өтсін деген оймен, шаттық шеңберін құрайық. Қол ұстасып, көзімізді жұмып, әсем әуен тындап, бір-бірімізге жақсы тілек-лебізімізді білдірейік!
Жақсы, балалар, сезіндерші, бүгінгі күн не деген әдемі, неткен әсем. Күн өз жылуын бүкіл Семей қаласына, жер бетіне төгіп, таратып, шапағатын сеуіп тұр. Ендеше біз сол күнге сәлем берейік.
Сәлем бердік, алтын күн,
Сәлем бердік, ашық аспан.
Сәлем бердік, табиғатқа!
Сәлем бердік, бір-бірімізге!
Сәлем бердік, баршаға!
Ендеше, балалар, қазір мен сендерге мына күліп тұрған күнді сыйлаймын!
Көңіл-күйлерін қалай? Өте жақсы! (оқушылардың жауаптары)
Ендеше осы жақсы көңіл-күймен кешімізді бастайық!
ІІ. Кіріспе.
«Ақылды кеңес» диалогы.
(Сахналық көріністі атасы мен немересінің рөлінде 2-оқушы орындайды. Шығарма жаза алмай қиналып отырған 5-сынып оқушысы. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет. Теледидардан дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқылады).
Немересі (қаламын тастай сала атасының қасына келіп):
- Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана Әдебиет сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың өлеңі.
Атасы (немересіне жақындай түсіп):
- Иә, бұл Абайдың жазған өлеңі. Қатал табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің ғой, ендеше Абайдың да кім екенін білетін шығарсын.
Немересі:
- Ия, бірақ толық білмеймін.
Атасы:
- Олай болса, ендігі жерде Абайды Абай атам «Абай атамның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны білмеген адам қазақ емес.
Немересі:
- Ата! Бізге шығарма жазуға қосымша ізденіс жұмысы тапсырылып еді. Соған біраз қиналып отырмын. Қайтсем екен? Шығарма байқауына қалай да қатысуым керек.
Атасы:
- Абай туралы көп дерек,
айтсам тыңдар ма едің, балам?
Немересі:
- Иә, әрине тыңдаймын.
Атасы:
- Жүр балам, Мен сені бір
жақсы кешке алып барайын.
Дәл сол Абай атаң туралы,
жүре ғой соны
бірге тамашалайық!
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
Ата, біздің бүгінгі «Абайды оқы, таңырқа!» әдеби саз кещімізге қош келдіңіздер! Осы іс-шара барысында сіздерді, 10 сынып оқушылары, Ұлы Абайдың өмірі мен ақындық шырмаларығымен таныстырады.
ІІІ. Негізгі кезең:
«Жас Абай» монологі.
Оқушы:
Абай – сазгер, философ, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халыты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
(Сахнаға Абай рөліндегі оқушы шығады. Киіз үй керегесінің жанына орналасқан, айналасына құрақ көрпелер қойылған дөңгелек үстел басына барып отырады. Шабыты келген ақынның қимылдарын көрсетіп бір отырып, бір тұрып, құлшына өлең жаза бастайды. Ақырын күй орындалады. Абай орнынан тұрып өзінің сиясы кеппеген өлеңдерін оқиды.)
Оқушы:
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл, бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жұрегім мұз болмай ма? !
Тәрбиеші:
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында.
Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
Абай туралы тақпақтарды мәнерлеп оқу.
Оқушы:
Даламызда мұңлы үміт
Тұрған кезде қалтырап
Көкіректерге нұр құйып,
Күн боп тудың жарқырап.
Оқушы:
Абай – ақын ер еді,
Абай дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді
Аспандақан жері еді.
Оқушы:
Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл-қыз дарынды,
Халқының әдет-ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.
Оқушы:
Ақын жаны кең еді, Дара ақын ер еді,
Ойлағаны елі еді. Жүрген жері төр еді.
«Халқым, жұртым» дегенде Ақындар жырлап айтқандай
Талай шабыт кеп еді, «Абай тіл иен көз» еді.
Абай жыры мәңгілік,
Жүрегім оны сезеді.
Тәрбиеші:
Көптеген ақын-жазушылар «Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды» деп жырлаған.
Абай өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақын еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді.
Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
Балалар, менің осы сөзіме келісесіндерме? (оқушылардың жауабы)
Тәрбиеші:
Балалар, сендер Абайдың әкесі Құнанбай өз ұлын Ибраһим есімін қалай бергенінң білесіндер ме!? (оқушылардың жауабы) Ендеше, олай болса, келесі бейне таспаға назар аударайық!
Бейне таспа «Абай-Ибраһим»
Тәрбиеші:
Енді, Абай өмірі туралы деректерді тындайық.
Абай шығығармашылық жолының күнтізбесі.
Оқушы:
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
Оқушы:
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
Оқушы:
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
Оқушы:
Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
Оқушы:
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.
Оқушы:
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
Оқушы:
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
Оқушы:
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
«Абай – ақын».
Тәрбиеші:
Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
Табиғат лирикасына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап – қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Абай – сазгер.
Тәрбиеші:
Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
Олар: «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ата-анама көз қуаныш», «Желсіз түнде жарық ай» және басқалары.
Бүкіл әлемге танылған, көп тілде аудармалары бар, халық арасында кең тараған «Желсіз түнде жарық ай» әнің тыңданыздар.
Ән «Желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны - терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпыраған жасыл жер жүзі
Абай – ойшыл.
Тәрбиещі:
Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 46 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық.
Он төртінші қара сөзі.
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайд. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Біздің қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.
Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері.
Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?
Абай – аудармашы.
Тәрбиеші:
Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.
(Сахнаға 2-оқушы шығады. А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасының үзінділерін: Онегин мен Татьянаның хаттарын мәнерлеп оқып сахналау.)
Онегиннің хаты.
Әйел өлмес соқпа дерттен,
Сауыға алмас сынған ер.
Мен көмірмін қалған өрттен,
Енді рұқсат бізге бер.
Сенің өмірің гүлденіп тұр,
Есігін тап, көр қызық!
Менің өмірім-бір суық сұр,
Күзгі күндей тұр бұзық.
Бірге туған мен ағаңнан,
Шын досыңмын, кем емес.
Соққы жедім сұм заманнан,
Бір жылы сөз ем емес,
Арман етпе, жас күнің көп
Игілік көр, ерге бар.
Бұл заманның қашқыны деп,
Мен ғарыпты есіңе ал.
Татьянаның Онегинге жазған хаты
Амал жоқ - қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан
Әлімше мен де ұялып,
Білдірмен дедім өлсем де,
Шыдар ем күйіп мен жанып,
Айында бірер керсем де.
ІІІ. Қорытынды.
Тәрбиеші:
Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр
Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
Оқушы:
Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.
Оқушы:
Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.
Оқушы:
Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.
Оқушы:
Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар-ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.
Оқушы:
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі! .
Тәрбиеші:
Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды. Сіздер үшін осы күнге дейін Абай шығармаларының тәрбиелік мәні бар екенін сезіне, көрсете білді деп ойлаймын!
Ендеше, Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай! Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне білгей!
Рақмет! Сау болыңыздар!