Іріктеу конкурсының шарттарын



Дата19.02.2017
өлшемі109,35 Kb.
#11095
АЛҒЫ СӨЗ
Магистратураға «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша қабылдау сынақтары ғылыми психологиялық-педагогикалық бағыт бойынша жүргізіледі.

Іріктеу конкурсының шарттарынмагистратураға қабылдау Типтік ережелері мен «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты негізінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ анықтайды.

Екінші деңгейдегі (магистратура) білім беруді жалғастыру үшін жоғары базалық білім (бакалавриат) алғаны жөніндегі академиялық дәрежесі көрсетілген диплом қажетті негіз болып табылады.

Магистратураға түсу үшін шетел тілі бойынша (тест түрінде) және мамандық бойынша (ауызша түрде) қабылдау емтихандары тапсырылады.

Қабылдау емтихандарының мақсаты: оқуға түсушінің бакалавриаттағы бастапқы деңгейдегі оқуды аяқтау бойынша білім, білік, дағдылары мен құзырлылықтары деңгейін, сонымен қатар нақты пәндерді және жалпы екінші деңгейдегі магистрлік бағдарламаны игерудегі мүмкіндіктерін анықтау.

Мамандық бойынша емтиханды өткізу тәртібі. Қабылдау емтиханы емтихан билеттері бойынша ауызша түрде өткізіледі.Әрбір билет үш сұрақтан тұрады. Бірінші, екінші сұрақтар тәрбие теориясы, дидактика және тұлға дамуы психологиясына, үшінші сұрақ прагма-кәсіби тапсырмаларға қатысты болып келеді.

Емтихандарды арнайы комиссия қабылдайды. Қабылдау емтихандары материалдарын арнайы комиссия төрағасы бекітеді және олар жеке іс қағазына тігіледі.

Магистратураға қабылданғаны жөніндегі факультеттің арнайы комиссиясының шешімі хаттамамен жабдықталады және магистранттың жеке іс қағазына қосымша тіркеледі. Қабылдауға ұсынылымдар хаттамасы университеттің магистратурасы бөліміне бекітуге жіберіледі, бұдан соң қабылдау комиссиясы ақырғы шешім қабылдайды.

Магистратурада оқуға үміткерлерді қабылдау тәртібі бүкіл емтихандардың нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Қабылдау емтихандары нәтижелері және өзге де теңдес жағдайлар бойынша конкурс болған жағдайда магистратураға түсуге мына тұлғалар артықшылықтармен пайдалана алады:


  • өте жақсы дипломына ие;

  • жоғары үлгерімге ие (дипломның орташа балы);

  • ғылыми жарияланымдары, жаңалықтар мен өнертабыстары барлар;

  • таңдаған мамандық бойынша еңбек өтілі барлар;

  • жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғалар.

Оқу шығындарын толық төлеген тұлғаларды магистратураға

қабылдау оқыту формаларына тәуелсіз қабылдау комиссиясы бекіткен мерзімде жүргізіледі.



Педагогика және психология сұрақтары

6M010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған

Теориялық сұрақтар

1.Педагогика пәні, міндеттері, негізгі категориялары. Педагогика ғылымының жүйесі және құрылымы. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

2.Тұлғаны тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру. Тұлғаны дамытуға ықпал ететін жетекші факторлар, қозғаушы күштер және негізгі заңдылықтар.

3. Психология проблемаларын ғылым ретінде зерттеген Қазақстандық ғалымдар (М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев).

4.Тұлғаны тәрбиелеудегі және қалыптастырудағы тұлғалық  іс -әрекеттік тәсіл.

5.Психология пәні, міндеттері. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде психологиялық білімнің маңызы.

6.Мақсат – педагогикадағы тәрбиенің өзекті проблемасы және оның қоғамдық-тарихи сипаты.

7.Педагогикалық қарым-қатынас және оның әлеуметтік-психологиялық механизмдері.

8.Баланы ұжымда тәрбиелеу теориясы мен практикасы. Педагогика ғылымы классиктерінің еңбектеріндегі тұлға мен ұжым проблемалары.

9. Педагогика мен психологиядағы тұлға түсінігі.

10.Дидактика - білім беру мен оқыту теориясы: негізгі категориялары мен міндеттері. Дидактиканың ғылым ретінде дамуы, жетілу жолдары мен проблемалары.

11.Іс-әрекет түрлері және оның психологиялық ерекшеліктері (ойын, оқу, еңбек).

12.Тәрбие процесі: мәні, міндеттері, заңдылықтары. Тәрбие процесін тұтастықта қарастыру.

13.Оқыту әдістерінің жалпы теориясы. Оқыту әдістерінің жіктемесі және оларға сипаттама. Сабақтың типтері мен құрылымдары.

14.Оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі бағыттары: тұлғалық-бағдарлық тәсіл және жаңа технологиялар.

15.Оқушы тұлғасы дамуындағы жас кезеңдері және олардың сипаты. Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру.

16. Дүниетаным  тұлға құрылымының негізгі өзегі, оның функциялары, басты компоненттері мен түрлері. Оқушылар дүниетанымын қалыптастыру құралдары.

17.Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәні. Педагогикалык шеберлік. Мұғалімге тән маңызды кәсіби қасиеттер.

18.Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары және оларды бүгінгі мектептерде пайдалану. Оқытудың жаңа технологиялары.

19. «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының өзіндік ерекшеліктері, мазмұны, мақсаты, міндеттері.

20.Қазіргі білім беру технологиялары (ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, оқытудың деңгейлік жіктелуі, жобалық іс-әрекет технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, оқытудың авторлық технологиясы).

21. Тұлғаның іс-әрекетін ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастыру әдістері: әдет, тапсырма, жаттығу, тәрбие жағдаяттарын құру.

22. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ құрылымы

23. А.С.Макаренконың «Ұжым дамуының заңы» теориясының мәні. Ұжым дамуының кезеңдері.

24. Психологиялық әңгіме әдістері. Қолдану шарттары. Ұйымдастыруға, жетістіктерге, кемшіліктерге қойылатын талаптар.

25. Ойлау туралы түсінік танымдық әрекеттің жоғары формасы, оның негізгі ерекшеліктері.



Теориялық - типтік сұрақтар

  1. Жоғары оқу орнындағы тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарына сипаттама беріңіз.

  2. Білім берудегі инновациялық процестің рөлін анықтаңыз.

  3. Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз және оларды қолдану ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

  4. Модульдік оқыту технологиясына сипаттама беріңіз.

  5. Қазақстан Республикасы мен басқа Еуропалық мемлекеттердегі (таңдауыңыз бойынша) білімнің даму жолына салыстырмалы сипаттама беріңіз.

  6. Психикалық үдеріс, психикалық қалып, психикалық қасиет ұғымдарының айырмашылықтарын анықтаңыз.

  7. Оқытушы мен оқушының танымдық іс-әрекеттегі өзара әрекетін оқыту технологиясының негізі ретінде сипаттаңыз.

  8. Ұжымның психологиялық сипатының негізгі аспектілерін анықтаңыз.

  9. Жасөспірімдік кезең тұлғасын қалыптастырудың әлеуметтік-логикалық шарттарын талдаңыз.

  10. Педагогикалық инновацияны білім беру процесіне ендірудегі негізгі өлшемдерге сипаттама беріңіз.

  11. Оқушыларды белсенді өзіндік әрекетке кіріктіру тұлғаның өмірлік ұстанымын дамыту мен қалыптастырудың негізгі шарты болып табылатындығын дәлелдеңіз.

  12. Білім беру мазмұнының негізгі компоненттеріне сипаттама беріңіз.

  13. Таным мен оқыту процесіне салыстырмалы талдау беріңіз, олардың өзара байланысын көрсетіңіз.

  14. Жүйелі тәсілдің педагогикалық процеске қажеттігін түсіндіріңіз.

  15. Педагогикалық процесте студенттердің белсенділігін ұйымдастырудағы оқытушы жұмысының мәні мен мазмұнын сипаттаңыз.

  16. Әлеуметтік бағдарлық оқыту процесінің ішкі және сыртқы мотивацияға ықпалын анықтаңыз. Өзіңіздің жауабыңызды дәлелдеңіз.

  17. Білім беруге әлеуметтік феномен ретінде сипаттама беріңіз.

  18. Оқыту процесінде жүзеге асырылатын тәрбиенің негізгі міндеттеріне сипаттама беріңіз.

  19. Республикадағы қазіргі педагогикалық білім беру жүйесін, оның тарихи бастауын сипаттаңыз.

  20. Педагогикалық білім берудің дәстүрлі мен көпсатылы жүйесіне (жетістіктері мен кемшіліктеріне) сипаттама беріңіз.

  21. Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді, олар өзара байланысты – теорияның мәнін түсіндіріңіз.

  22. Оқытуды ұйымдастырудың сынып-сабақ формасы қанадай ерекшеліктермен сипатталатынын түсіндіріңіз.

  23. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымының өзара байланысын күнделікті жоспар негізінде ашып көрсетіңіз.

  24. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуындағы оқу әрекетінің рөлін сипаттаңыз.

  25. «Қиын» жеткіншектер мінез-құлқының ауытқуындағы психологиялық себептерді және оны түзетудің педагогикалық жолдарын анықтап, сипаттаңыз.


Прагма-кәсіби сұрақтар

  1. Қазақстанның білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай деңгейге көтере алатын 10 приоритетті стратегияларды атап, сипаттама беріңіз.

  2. Заманауи мұғаліміне қандай талаптар қойылады? Сипаттама беріңіз.

  3. Жеткіншек ұрпақ тұлғасын дамытудың негізгі факторлары мен психологиялық-педагогикалық проблемаларын нақты дәлелдерге сүйене отырып суреттеңіз.

  4. Неліктен оқыту мен оқуды бірегей түсінікте қарастыруға болмайды? Қазіргі оқыту үдерісінде бұл әрекеттердің түрлері қандай рөл атқарады?

  5. Өзіндік сана, өзін-өзі бақылау ұғымы және оның тұлға қалыптасуындағы рөлі жөніндегі сіздің көзқарасыңыз.

  6. «Заңдылық», «принцип» ұғымдарының «тәрбие», «педагогикалық үдеріс» ұғымдарымен байланысы қандай? Өз түсінігіңізді беріңіз.

  7. Сіз топтық және тұлғааралық қатынастың әлеуметтік-психологиялық аспектілерін қалай түсінесіз?

  8. Жалпы адами, ұлттық және тұлғалық құндылықтар тәрбие мақсаты аясында қалай тоғысады? Нақты мысалдармен ашып көрсетіңіз.

  9. Балалар ойыны мен үлкендер шығармашылығында қиял қандай роль атқарады?

  10. Педагогикалық іс-әрекетке даярлық құрылымына қандай даярлық түрлерін жатқызуға болады? Атаңыз және сипаттама беріңіз.

  11. Педагогика мен психологияның дамитын ғылымдар жүйесіндегі байланысын түсіндіріңіз.

  12. Өзіңіздің білім алу жолыңызға талдау беріңіз, оны өзіңіз тәрбиеленген, оқыған және қазіргі уақытта оқып жатқан, болашақта оқуыңызды жалғастыруды жоспарлаған білім алу мекемелерінің тізбегі түрінде бейнелеңіз.

  13. Басқарушылық іс-әрекетте кәсіпқойлық, өмір тәжірибесі, ой-өріс, қызметтік міндеттерді орындаудағы шығармашылық тәсіл және басқарушының адамгершілігі өзара қандай байланыста болады? Түсінік беріңіз.

  14. Ғылыми-педагогикалық әдебиетте оқыту процесі ұғымына берілген 20-дан астам жіктеме түрлері бар деп есептеледі. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны – оқытудың қайнар көздеріне қарай берілген жіктеме болып табылады. Бұл тәсілдің ерекшелігі неде? Түсінік беріңіз.

  15. ҚР Білім туралы Заңы. Қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді? Сипаттама беріңіз.

  16. Кітаппен және басылым көрген деректемелермен жұмыс істеу үдерісінде қандай әдіс-тәсілдерді қолданған орынды? Өз пікіріңізді білдіріңіз.

  17. Сіздің ойыңызша, педагогика ғылымының объектісімен не үйлесімді болуы керек - тәрбие ме, әлде білім беру ме? Өз таңдауыңызды дәлелдеңіз.

  18. Студент тұлғасын, ұжымның немесе өз әріптесіңіздің тәжірибесін зерттеуде қандай әдістерді пайдаланған жөн деп есептейсіз? Таңдаған әдістеріңізді негіздеңіз және оларды пайдалану жолына сипаттама беріңіз.

  19. Тұлғаның дамуында және үздіксіз білім беру жүйесінде мазмұнды бос уақыттың рөлі қандай? Түсінік беріңіз.

  20. Қазақстандағы 12 жылдық Білім беру тұжырымдамасында қандай мәселелер қарастырылады?

  21. Тәрбие – адамзат қоғамының маңызды міндеті, онсыз қоғамның өмір сүре алмайтынын дәлелдеңіз.

  22. «Өз іс-әрекетіне талдау бере білетін мұғалім – кез-келген мектептің маңызды инновациялық қоры» - ұғымының мәнін түсіндіріңіз.

  23. Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері байланысын реттеудегі мұғалімнің рөліне сипаттама беріп, мысал келтіріңіз.

  24. Проблемалық жағдаят пен қиялдың өзара байланысын анықтаңыз, оны мұғалімнің практикалық әрекетінде қолдануға қатысты өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

  25. Темпераменттің әртүрлі типіндегі оқушылармен сабақ жүргізудегі әдістемелік тәсілдердің үлгісін жасаңыз.


НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Коджаспирова Г.М. Педагогика. Уч.пособие. М, 2010. – 744с.

  2. Педагогика: Учебное пособие для ст-тов /В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов.- 3-е изд.- М.:Школа- Пресс, 2000- 512 с.

  3. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного воспитательного процесса. Уч-ое пособие. (В помощь преподавателям, аспирантам, магистрантам, студентам). Алматы, 2002.

  4. Успанов К.С. Гуманистические основы профессиональной подготовки учителя. Монография. Алматы, 2012. – 268с.

  5. Селевко Г.К. Альтернативные педагогические технологии. М.,2005. – 130с.

  6. Реформы образования в современном мире. Глобальные и региональные тенденции. – М., 1995.

  7. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., 1980.

  8. Ұзақбаева С.А. Қазақ халық педагогикасы. Оқу құралы. Алматы, 2013. – 468 с.

  9. Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері. Оқу құралы. Алматы, 2009. – 232б.

  10. Әбенбаев С.Ш. Педагогика. Астана, 2015. – 284б.

  11. Әбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2006. – 480.

  12. Педагогика. Лекциялар курсы. /Ред. басқарған Б.Р.Айтмамбетова, А.А.Бейсенбаева. –Алматы, 1991.

  13. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. –Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕАУ, 1998. –378 бет.

  14. Т.Ильина. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 2009. –488 бет.

  15. М.Жұмабаев Педагогика. –Алматы: Рауан, 2000. –112 бет.

  16. Т.Сабыров. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. –Алматы, 1999. –83 бет.

  17. Әбенбаев С.Ш.. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. –Алматы: Дарын, 2004. –352 бет.

  18. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. –Алматы, //“Қазақстан мұғалімі”, №15-16/ 23 шілде, 1999.

  19. Республика қазақ орта мектебіндегі білім беру мазмұнының тұжырымдамасы. //“Қазақстан мұғалімі”, 17 тамыз, 1993.

  20. Қазақстан Республикасының педагогикалық білім берудің стандарты. Алматы, 2001ж.

  21. Хмель Н. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. –Алматы: Ғылым, 2002. –170 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет